|
Аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, ақын, көрнекті қоғам қайреткері. 1864 жылы 8 қаңтарда Ы.Алтынсариннің қазақ- орыс мектебi ашылды. Оған 14 қазақ баласы қабылданды. Осыған көңiлi толып қаңағат сезiм билеген ол 16 наурызда 1864 жылы: «Meнің үнемі ұмтылған тілегім – қалайда пайдалы адам болып шығу едi. Ал, қазiр осыған толық жетiп отырганын ойласам, көңiлiм толық жұбаныш табады» -деп мacaттана жазу ұлы ұстаздың ұлы бастамасы осылай басталған едi.
Ыбырай бабамазыдың тiкелей араласуымен немесе басқаруымен сол кездегi Торғай, Ырғыз Қостанай өңiрлерiнде орталықтандырылған қазақ балаларына арналған 4 кластық қазақ орыс училищесi 5 бастауыш болыстық мектеп, ауыл шаруашылық кәсiби училищесi ашылды.
Ыбырай қазақ – орыс мектебiнде мынандай пәндер оқытылды:
1. жаратылыстану пәндерi
2. сызу
3. тарих
4. орыс тiлi грамматикасы
Төңкеріске дейінгі Ресей оқу-ағарту жөнінен Европадағы ең соңғы орындардың бірін алатын. Көптеген балалар мен жасөспірімдер мектепке барған жоқ. Әсіресе сауатсыздық проценті деревняда жоғары болды. 1897 жылғы санақ бойынша ауылдық жерлерде сауатсыздық 72,2 процент, ал шаруа әйелдері арасында 87,5 процент болды. Ал сауатты деген әйелдердің өздері де бар-жоғы қол қоя білетін немесе бастауыш екі-үш сыныптары көлемінде ғана сауатты болатын.
Дегенмен, ұлттық шеткері аймақтарда әйелдердің білім алуы бұдан да нашар еді. Қазақстанда қыздар оқу мүмкіндігінен айырылған-тұғын. Қазақстанда әйелдерге арнайы білім беру жөнінде тұңғыш рет қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин мәселе көтерді. Оның ойы әйелдер мәселесі бойынша сол кезде жеке-дара болатын. Ағартушы ақыл мен білімпаздықты сыйлаған қазақ әйелі қоғамда лайықты орнын алуға тиіс деп есептеді. Ы.Алтынсариннің табанды еңбектенуі арқасында 1887 жылы Ырғызда өлкеде тұңғыш әйелдер училищесі, 1888 жылы оның жанынан қазақ қыздарына арналған интернат ашылды.
Ыбырай Алтынсариннің пікірінше қазақ қыздарын бастапқы кезде мектепке әйелдік қолөнерді үйренуге қабылдауға болады. Мысалы, киім тігу мен пішу, шәлі тоқу, жүннен арқан есу, алаша тоқу, киіз басу сияқты қазақтың тұрмысындағы үйреншікті үрдісті үйренеді. Осылай оқыту, деп есептеді Ы. Алтынсарин өзінің тура мақсатымен қоса, қазақ қыздарының біртіндеп орысша сауатын ашуға мүмкіндік береді.
Ағартушының бастамасы бойыынша және оның батыл ұсынысы, талмас жігерінің арқасында келесі жылдары интернатымен бірге қыздар училищесі 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақ ауылында және 1896 жылы Ақтөбе қаласында ашылды. 1896 жылы осы оқу орындарында 211 қыз оқыды. Олардың 70-і қазақ қыздары болатын. Семей қазақ интернатының архив материалдары да онда қазақ қыздары оқығанын айғақтайды. Қазақстандағы орыс-қазақ мектептерінде қыздарды оқытудың жағдайы қалай болды? Орысша сауат ашу (оқу және жазу) негіздері мен арифметиканы игеруден басқа қыздар іс тігуді де үйренді. Мәселен, 1889-1890 оқу жылының аяғында Ырғыздағы қыздардың орыс-қазақ училищесінде үш бөлімше болған еді. Жоғары бөлімшедегі қыздар орысша еркін оқып, оқығанын ұғынықты айтып бере алатын, сауатты жазып төрт амалмен арифметикалық есептерді шығара білген.
Абай Құнанбайұлының тәлім -тәрбие ойлары (1845-1904ж.)
А.Құнанбаев өзінің қара сөздерінде, поэмаларында және өлеңдерінде жастарды тәрбиелеуге көп тоқталды. Қарасөздері өлеңдерін толықтырып жан беріп отырды. Абайдын Ескендір поэмасы адамгершілікті сипаттап жазса, ғылым туралы “Ғылым таппай мақтанба”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” және т.б. өлеңдері ғылымға, білімге, жастарды шақыруда болды.
Абай Құнанбаевтың ағартушылық көзқарастары мен тәрбие тағылымдары (1845-1904)
Абай ақын - ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгерімен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.
Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшыл-дық деңгейде, қандай көр-кемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында. ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, білім - міне осылардың түйісіп келуі шарт.
Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идея-ларының бірі - адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз - Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқада қазақ ағартушылары сияқты - байлықтың, молшылықтың көзі - деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Оған 1886 жылы жазған мына бір шумақ өлеңін келтіруге болады.
''Қартайдық, қайғы ойладың ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан,
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман - деп, өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады. Енді бірде Абай ''Осындай сидам жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келеді олақ, Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, Бар өнері қу борбай сымпыс шолақ.
Абай даналығы еңбек ет - мал тап деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбек құмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты - еңбек ғана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді - деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.
Еңбек Абайша айтсаң-өнер. Жастардың еңбек тәрбиесі, сонда ғана жүзеге асады, егер ол халықтың бүкіл көпшіліктің, түптеп келгенде, бүкіл қоғамның игілігі не айналғанда, оның молшылық қажетіне жараған жағдайда, білім алып, бақытты болған шағында. Ол еңбек тәрбиесі - басқа барлық тәрбиенің негізі. Басқалары ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық, эколо-гиялық пен экономикалық еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі екеніне дәлелдеп берді.
Еңбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі - деп түсінген Абай жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін- бұлағын еңбектен іздеді. Ол еңбек пен қоғамдық еңбектің тұтастығын, бірлігін -парасаттылық пен инабаттылықтың, білімділіктің, тұлғалықтың, ісіне талғамын, үлгілері - өмір-дің, тіршіліктің жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететінін аса көрегендікпен дәлелдеді, оған өлең жолдарын, ғақлияларын арнады. Ең бастысы: еңбек пен адамгершілік сапасын қалыптастырады, адамды, жастарды эстетикалық рухта тәрбиелеп, оларды әдемілкке, көрнектілікке жеткізеді, оларды жарқын болашаққа шақырады, материалдық игілікке жол ашады. Ақын пікірінше еңбек - адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтереді, баулиды, жетелейді. Абай арманы еңбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасаттылық пен инабаттылыққа негізделген, үлкен мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған. Абай тағылымы - даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, имандылықтың кәусар тамшысы, ағынды тасқыны, дария көлі, мұхиты.
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді.
Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындаағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез- құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгер-шілік, моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік, достық, білімділік, еңбек сүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен қатар озбырлыққа жауыздыққа, екіжүзділікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәні жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт,
жағдай өзгерді дегенмен, халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып, жалғастық тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай поэзиясы кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шын-дығын танып-білуге үлкен себін тигізе алатыны қақ. Олай болса, Абай творчествосын өз дәуірінің шеңберінде ғана қалатын, осы мағынада біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші құбылыс деп санауға болмайды, ол – заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра. Тарихи принцип тәрбиелік тағылым Абай творчество-сының сол дәуірдегі қоғамдық өмірмен тамырластығын танып-білудің бірден-бір қажетті шарты екенін мойындай отырып, ақын шығармаларын бүгінгі оқырмандар әсіресе, жасөспірімдер қалайда өздерінің өмірге көзқарасы, арман-мұраттарын жалғастыра, жанастыра қабылдайтынын жоққа шығара алмаймыз. Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірімен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнерінде не жаңалық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның кейінгі кезеңдерде, қазіргі заманда қоғам-дық ой-сананың, мәдениеттің, оқудың өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз. Сондай-ақ, ақын мұрасының өміршеңдігін, заман озған сайын маңызы, әсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптасақ, оның өз заманының озық тілек-мақсаттарына сәйкес тарихи өмірдің өзі туғызған бастапқы сипат-қасиеттерін айқынырақ тани аламыз. Оның ең басты бір қыры оқу-тәрбиелік маңызында.
Абай шығармаларында алдымен мейілінше мол, әр қырынан көрінетін, әрине, ақынның өз бейнесі, өз тұлғасы. Лирик ақын қоғам өмірінің шындығын өз көңіл-күйін білдіру арқылы, өз сезім толғаныстары, ой-толғам-дары арқылы танытады. Ақынның өз тұлға-бейнесі оны тебіренткен ой-сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайларға, қоғамдық мәселелерге, әр түрлі адамдардың іс-әрекеттеріне оның қатынасынан, берген бағасынанда айқындала түсіп, жан-жақты толық көрінісін табады. Абай өзін ұстаз ретінде де көрсете алады.
Ақынның бейнесі дегеніміздің өзі де ылғи бір қалып-та, біркелкі сипатта көрінбейді, әр қырынан, әр жағынан ашылып отырады. Көптеген өлеңдерінде ақын өз көңіл күйін тікелей білдіріп, ойын тура айтады. өлеңдері кейде сұхбат, сырласу, кейде насихат, кейде ойға шому, ой толғау, тәрбиелік түрінде әр алуан болып келсе, ақын бейнесі анық, айқын қалпында танылады.
Сонымен қатар Абайдың өлеңдерінде әртүрлі топ-тың өкілдері әсіресе ұстаздар, жас адамдар үнемі бой көрсетіп отырады.
Мысалы:
Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп.
Жамандар адал еңбек қыла алмай жүр.
Кейде топтап айту үшін біреу (''Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда''), (''Әркім жүр алар жердің ебін қамдап''), кейбірі (''Кейбірі пірге қол берген'') деген сияқты сөздерді де қолданады. Тіпті, сөзін тыңдаушыларға қаратып айтып, сен, сендер, өздерің деп отырып, көпшілік-ті мінезінде сипаттап кететіні де кездеседі.
Мысалы:
Жұмыссыз сандал,
Еріксіз малды ал
Деген кім бар сендерге?
Абайдың қоғамдық мұрат нысанасы туралы айтқан-да, ол адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге шақырып, білім-ғылымды, өнерді халықтың қажеті-не жаратуға алдымен мән бергенін естен шығармау қажет.
Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі мораль-дық принцип ретінде поэзиялық -тәрбиелік туынды-ларында да, қара сөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады.
Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысы Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың-мұз,
Барар едің қай жаққа? - дейді ақын ''Әсемпаз болма әрнеге'' деп басталатын өлеңінде. Сөйтіп, ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.
Ғылым-білімді, оқу-тәрбиені уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл-таразы, (''ақыл-мизан, өлшеу қыл''), дүниенің сырын танып білуде адамгер-шіліктің ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге ұмылған жастар-ға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Ақын жастар-дың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттігіне ерекше назар аударған.
Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен ақылмен танып-түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды. ''Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек'' дегенге Абай ақылды осы соңғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп, ой мен сезімді бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай ''суық ақыл'' мен ''ыстық жүрек'' бір-бірін толықтырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек.
Бұл ретте Абай ақыл-ой тәрбиесінің, адамгершіліктің мазмұнын жырлайды.
Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлінің ерекше зор екенін көрсетті. Абай әлемінің кең өріс алуы, оның поэзиясы мен әлеуметтік, оқу-тәрбиелік демек, ағартушылық көзқарасының әлеуметтік сипат алуында болды.
Шәкәрім Құдайбердиев педагогикалық көзқарастары (1858-1931ж.)
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демокрттық, ағартушылық идеяларды уағыздаған Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырып, артына мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев ақын, жазушы, аудармашы, философ, шежіреші, өз бетімен ғылыми-білім билігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді.
Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының ішкі заңдылықтарына қарай әлеуметтік, экономикалық қайшылық, қақтығыстар, күрес-тартыстар шиеленісте, қазақ даласында қалыптасқан қоғамдық ой-сана тынымсыз ізденіске түскен, орталықта революциялық дүмпулер туған кездері Шәкәрім әдеби өмірге құлшына араласып, Шоқан, Абай, Ыбырай салған ағартушылық арна-дәстүрін әрмен қарай жалғастырды.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, ұлы Абайдың ізін қуушы, оның немесе інісі Шәкәрім жеті жасында жетім қалса да атасы Құнанбайдың ерке немересі болып өмірден ешбір таршылық көрмей өсті. Жастайынан өнер-білімге, қаршыға, бүркіт салуға, домбыра тартып, ән салуға құмар болып, он бестен былай қарай өз бетімен ғылым жолына ойысып, білім өрісін кеңейтеді. Бірінші тілдерді (араб, түрік, парсы, орыс т.б.) меңгеріп, төл шығармалар жазумен қатар, басқа халықтардың рухани байлығына бойлайды, олардың кейбірін қазақ тіліне аударады.
1905-1906 жылдары Меккеге сапар жасап оралады, жолда Стамбул кітапханаларындағы рухани асыл мұралармен танысады. 1909-1910 жылдары оқу, жазу мен алаңсыз айналысу үшін ел ортасын тастап, оңаша елсіз жерге барып мекендейді. Сол жылдары оның қаламынан көптеген төл еңбектер туындайды. Солардің бірі «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі» атты шығарма (1911). 1912 жылы «Қазақ айнасы» (бірінші бөлім), ертеректе жазылған «Қалқаман - Мамыр» мен «Еңлік - Кебек» поэмалары жеке кітап болып жарық көрді. Л.Н.Толстойдың қысқа әңгімелерін қазақ тіліне аударады. Шәкәрім көптеген философиялық, психологиялық (көбісі өлеңмен жазылған) шығармалардың авторы. Ал ән мен күй, музыка саласында жазған еңбектерінің өзі бір төбе. Қазан төңкерісінің әкелген жаңалықтар мен дүрілдей келген өзгерістер, бірі қирап, бірі түзіліс тауып жатқан құбылыстар аясында Шәкәрім белгілі себептермен әртүрлі көзқарастары ықпалында бола тұрса да негізінен ұстазы Абай салған гуманистік, демократиялық, ағартушылық көзқарасқа, өркениет жолында қызмет ету мақсатыны берілгендік, бекемдік танытты. Кеңес дәуірінде де оның жекеленген шығармалыр жарық көрді. Мәселен, «Абай» журналында «Хафизден аударма» және Физулидің «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасынан еркін аударған нұсқасы кейіннен Сәке Сейфуллиннің алғы сөзімен Алматыда 1935 жылы жеке кітап болып басылып шықты.
Ұзақ жылдары үзілістен кейін 1959 жылы «Қазақ әдебиетінде» және 1978 жылы Лениенградта орыс тілінде шыққан «Қазақ ақындары» атты жинақта Шәкәрімнің бір топ өлеңдері жарық көрді.
Шәкәрім үлгі еткен өнер-білімді, адамгершілік ізгі қасиеттерді өзіне ұран тұтып, «Жастарға» деген өлеңінде былай дейді.
Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.
Надандық еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық...
Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық,
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,
Мен де анаудай болсам деп таласарлық.
Шәкәрімнің педагогикалық пікірлері әр кезде жол-жөнекей сөз еткен адамның жан сыры, психологиясы туралы айтқандарымен орайласып жатады. Ш.Құдайбердіұлы адамның жан дүниесінің дамып, қалыптасу жолын эволюциялық (тіршіліктің қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп дамуы) тұрғыдан түсіндіреді.
ХХ-ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан психологиясы мен педагогикасының дамуына үлес қосқан педагогтар, ғалымдар
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 ж.) өмір сүрген б елгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталып, қазақ шаруасының әулетінен дүниеге келеді. Ахмет Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім – ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады.
А.Байтұрсыновтың алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде (Байтұрсынов 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастайды.
А.Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек», - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал-күйі оның қабірғасына қатты батты.
Бұл жөнінде «Әуелі ауыл мектебінен басталайық. Осы күнгі ауыл мектептерінде оқуға керекті құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз. Сонда да хат білетін қазақтардың проценті мұжықтардан жоғары. Бұл мектептің халыққа жақындығы, балалардың білімді ана тілінен үйренетіндігі...» деп, ауылдық қазақ мектептерінің жайын сөз ете келеді де, «орыс школдарында тәртіп те бар, құрал да сай, мөлшер, жоспар бәрі де бар. Сонысына қарай пайдасы аз. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб әрпін тастап, орыс әрпін алдырамыз дейді. Сол үшін әуелі балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілінде оқыған аты болу үшін қазақ тілінде орыс әрпі басылған кітаптардан бастап оқып, әрірек барған соң кілек орысшаға түспек керек дейді. Бұлар еппен қайырмалаушылардың жолы...», деп қазақ даласында патшалы Ресейдің отарлау сасясатының қалай іске асырылып жатқанын әшкерелейді. Ол патша әкімдерінің оқу-ағарту ісіндегі бұл саясатының түпкі мақсатын одан әрі айқындай түсіп, «Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек... Қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілік. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс» деп, пікірін батыл айтты. Шындықты ашық айтқаны үшін патша өкіметінің жергілікті әкімдері газетке бірнеше рет айып салып, оның редакторын түрмеге жапты.
А.Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. Әрі қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол – қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды.
Қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді көшбасшысы А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениеті, тәлім-тәрбие оқу ісі тарихына сіңірген орасан зор еңбегінің тарихтан өшпес орын алатынын бүгінгі демократия мен әділеттілік салтанат құрған дәуірде өмір шындығы дәлелдеп отыр. Осы жылдары Ахмет Байтұрсыновпен бірлесіп, Міржақып Дулатов «Қазақ газетін» шығаруға ат салысады. Қазан төңерісіне дейін, сондай-ақ Кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет түрмеге жабылады.
Алаш өкіметі мен партиясының басшыларының бірі болғаны белгілі. Ол 1920 жылдардан бастап жаңа өкіметке де аянбай қызмет істейді. 1922-1926 жылдары Орынбордағы қазақтың ағарту институтында оқытушы болады. 1922 жылы екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын», 1924 жылы «Қирағат» кітабын қазақ кітаптарының библиографиялық көрсеткішін бастырады. 1928 жылы зобалаңда бір топ қазақ оқығандарымен бірге тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі, онысын кейіннен, он жыл абақтыда қамаумен алмыстырады. 1935 жылы тұтқында жүріп, Балтық каналаның бойындағы Сосновец деген жерде қайтыс болады.
Әмбебеп ағартушының артына қалдырған рухани мұрасында кешегі көшпелі қазақ елінің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, жол-жоралғысы, тәлім-тәрбиесімен, үлгі-өнегесі, өзіне тән этикалық, эстетикалық ұнам-талғамдары ұлттық колоритке толы сан алуан нақты деректермен безендіріле баяндалған.
Ұстазы Ыбырай Алтансариннің оқу ағарту мәселесіне байланысты идеяларын әрмен қарай дамыта келіп, ол да А.Байтұрсыноа сияқты оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айтқанда оқытудың жаңа тәсілдеріне, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән береді.
Табиғатынан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арасында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге, зерек, дарынды балаларды оқытып-тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарларына үңіледі. Кімде-кім өзінің табиғатынан не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді.
Халқымыз егемдікті аңсап жатқан қарбалас шақта жас өркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарып қана қоймай, олардың ұлттық рухен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аударуымыз қажет.
Бұл жөнінде де М.Дулатов былайша жеріне жеткізіп айтқан еді. «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің, - деп жазды ол, - әсерлі, күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан, һәм табиғаттан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсатына муафик үйретуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, анат тілін анық үйреніп, керекті мағлұматтар алып шығады.
Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың мектеп медрассесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрседе де, сүйегіне ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады.
Мағжан Жұмабаевтың (1893-1938ж.) ақындық өнерді өзінің қысқа өмірінде асқан шабытпен жырлап нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқан асуларынан өлшеусіз нәр алған бір туар әмбебап зиялы қайраткер болды. Оның қаламынан сондай-ақ көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар мен («Бастауыш мектепте ана тілі» - 1923, «Сауатты бол» - 1926), зерттеу еңбектері туды. Мағжан поэзиясы адамның жан дүниесінің қыры мен сырына терең бойлайтыны, оның адамның жан сезімін дөп басып суреттейтіні көпшілік оқырманды сүйсінідіріп келді. Мағжан 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазақ зиялыларының бірі-белгілі ғалым-педагог, публисцист М.Жолдыбаев осы кітаптың баташарына былай деп жазыпты: «Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып», одан кейін оқып салыстырып қарап, бұрыңғы жазылғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал. Бұл пікірден аумалы-төкпелі заманда «құлықтың құлынындай қызғанышты» дүниені додаға салудан тартынған салмақты сыңай сезіледі.
Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптештей түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу, сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп, тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...», «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару» - деу арқылы М.Жұмабав тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді.
Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. «Ұлт тәрбиесі – деп жазды ол, - баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті».
Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. «Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр» -дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931ж.) жантанушы. Жүсіпбек ағаның біздің ұрпақтарға қалдырған бай мұраларымен танысқанда бірден көзге түсетін ерекшелік – автордың адам психологиясын жете, әрі терең білуі. Ендеше, оның " Психология" кітабының арқалаған жүгі ауыр. Осы пәннен қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық та сол. Жүсіпбек Аймауытовтың психологияны зерттеп, көтерген мәселелері - одан басқа қазақ топырағында ешкім де көтермеген мәселе. Ол өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми-қоғамдық «Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: «... қазақ сахарасында мыңнан жалғыз алысып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсатты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді» - деп жазады. Ол Абай ұстаған ағартушылдық жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы етіп алады.
Осы журналдың 1918 жылғы 1,2 сандарында Аймауытотың «Тәрбие» атты көлемді мақаласында тәлім-тәрбиенің ой-пікірлер ғылыми тұрғыдан терең баяндалған.
Мақала авторы «адам мен хайуанның өмір сүруінің айырмашылықтарын көрсете келіп адамдық қасиет саналы өмір сүру, қауым болып бірлесіп, тіршілік ету» дейді. Ол сондай-ақ «адамның қоғамдық еңбегінің жемісті, нәтижелі болуы тәрбиеге байланысты», деп қорытынды жасайды.
Ж.Аймауытов «адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен» дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді.
Аймауытов балаға әсер ететін нәрсе медресе (мектеп) және тәрбиеші (мұғалім) деп санайды. Ж.аймауытов өнегелі үйелменнен бұзық мінезді баланың шығуы немее тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуден болатынын дәлелдейді.
Тәлімгер-ғалым бала тәрбиесіне туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ғылыми тұрғыдан дәлелдей түскен. Ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім болады, діндар елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан кемдік, жоқшылық, қағажу көріп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады – деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигізетін ықпалына тоқталады.
Ж.Аймауытов «тәрбиенің негізгі мақсаты мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» деген қағиданы қуаттай келіп, «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек» - дейді.
Ж.Аймауытов сол кездегі орыс оқымыстыларының тәрбие жөніндегі еңбектерімен адам тәрбиесіне қоршаған ортаның әсері жөнінде жақсы таныс болуы ықтимал. Өйткені оның жазбаларынан орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың «Тәрбие дегеніміз бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы» немесе заңгер педагог А.С.макаренконың «Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейді. Адамдар тұтыну заттары, табиғи құбылыс, т.б. бәрі тәрбиеге белгілі әсерін тигізеді. Соның ішінде ең әсерлісі адамдардың қарым-қатынасы, әсіресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше... анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшн әуелде дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген секілді таныс пікірлер жиі ұшырасады.
Автор мақаланың соңында адамның тән сырқатын емдейтін дәрігер мамандығымен адам жанын сауықтыратын, ақыл-есін, мінез-құлқын тәрбиелеп жетілдіретін тәрбиеші – ұстаз еңбегін салыстыра отырып, бұл екі мамандықтың да, тәні сау, рухани байлығы мол, жан-жақты жетілген абзал жанды, сергек қоғам мүшелерін тәрбиелеудегі өлшеусіз мол еңбегінің маңыздылығы өте орынды атап өткен.
Ж. Аймауытовтың көзқарастарында адамдарды ұлтына бөлмей, жалпы адамгершілік құндылықгар тұрғысынан қарайтындығын көреміз. Қоғамдағы жүріп жатқан процестерді және оның болашағын жете түсінген ойшылдың көзқарастарын қарап, талдап отырғанша, біз нағыз халқын сүйген, сол халқы үшін жанын аямаған патриот ақын екенін көреміз.
2.5. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің қайта жанданып өркен жаюы (1991 ж. кейінгі егеменді ел)
1980 жылдардың ортасында Қазақстанда ұлттық сана-сезімнің оянуына тарихи ықпалын тигізген Желтоқсан оқиғасы болды. Оның әсері бертін келе қоғамның барлық салаларын қамтыды. Қазақ мектептеріндегі проблемалар туралы көптеген ұсыныс пікірлер қалыптасты. Халық педагогикасын оқу-тәрбие жұмыстарына енгізудің аса қажеттігі туралы баспасөз бетінде пікір білдіріп, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев,
М.Балтабаев, Қ.Бөлеев, С.Ұзақбаева, Т.Сабыров, М.Құрсабаев, М.Оразаев, М.Смайылова және басқа ғалымдар өз үлестерін қосты. Кеңес Одағының құрамына енген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялап, егемен мемлекет болды. Тәуелсіздіктің әсері қоғам
дамуының барлық салаларын қамтып, жаңаша мазмұнды, әлемдегі озық тәжірибелерге негізделген жүйенің қалыптасуына зор ықпал етті. Қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, дүниетанымына, ұлттық қасиеттеріне қатысы бар, бұрын-соңды жарияланбаған, немесе саясатқа қайшы деп кезінде жауып тастаған туындылар мен шығармалардың беті ашылды. Ұлттық сана-сезім қайта жаңғырып, жаңаша рухани көтерілу процесі басталды. Білім беру мен тәрбие мәселелеріне көзқарастар мен талаптар өзгерді, нәтижесінде жаңа идеялар дүниеге келді. Халық педагогикасы мен психологиясын оқу-тәрбие жұмыстарына енгізу жолдарын ғылыми тұрғыда белгілеу мақсатында жергілікті жерлерде әр түрлі бағыттарда семинарлар-мәжілістер, пікір алмасу іс-шаралары, сондай-ақ мұғалім-ұстаздардың заман талаптарына сәйкес білімдерін жетілдіру мәселелері қызу қолға алынды. Мектеп, мектептен тыс мекемелер, балабақшалар мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ескі педагогикалық тәжірибелердің орнына жаңаша, ұлттық тәлім-тәрбиенің қағидаларына негізделіп жазылған «Қазақтың салт-дәстүрлері» (М.Смайылова, М.Оразаев), «Қазақтың тәлім-
тәрбие тарихы» (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев), «Атамекен» (М.Құрсабаев), «Елім-ай» (М.Балтабаев), музыкалы-этнографиялық, «Кәусар бұлақ» (З.Ахметова), «Бал бөбек» (Б.Баймұратова, М.Сәтімбекова) және басқа да көптеген ғылыми-тәлімдік баздарламалар басылып шығып, оқу-тәрбие жұмыстарына енгізіле бастады. Мектеп және оқу орындарына көмекші құрал ретінде үлкен маңызын тигізетін ғылыми-тәлімдік зерттеу жұмыстары, тарих, мәдениет, философия, социология, психология проблемаларына арналған оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар кӛптеп шығарылуда. 1995 жылы «Санат» баспасынан профессор Қ.Б.Жарықбаев пен педагогика ғылымдарының
докторы С.Қалиевтың студенттер мен орта мектеп мұғалімдеріне арнап жазған «Қазақ тәлім-тәрбиесі» атты оқулығы шықты. 1994-1995 ж.ж. «Рауан» баспасынан қазақтың Білім проблемалары институты даярлаған 14 ғасырды қамтитын «Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясының (құрастырушылар: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) орысша-қазақша томдары жарық көрді.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы тәлім-тәрбие пәнін ғылыми танудың бір түрі дейтін болсақ ол жалпы педагогикалық теорияның келіп шығуын хронологиялық ретімен, кезеңдермен дамуын, бір күйден екінші бір күйге өтуын қарастырады. Педагогикалық ойлардың дамуын қарастыруда мәселенің өткені, бүгіні, болашағына өңілудің өзіндік орны бар.
Педагогиканың тарихы пәні қазіргі кезде қалыптасып орныққан негізгі ұғымдар, түсіініктер, ұстанымдар, ережелер, қағидалары т.б. тарихи дамуын қарастырады. Мысалы, оқытудың мазмұны, формалары мен әдістері қалай болып еді, қазір қандай, болашақта қандай болмақ? Деген сұрақтарға жауап беріде тарихи тәжірибелерді ескереді. Сол тұрғыда зерделейді.
Осы орайда жоғарыда берілген педагогикның тарихының мазмұны өзара тығыз байланыста қарастырылған күнде ғана түбегейлі білім қалыптасады.
Педагогиканың тарихы жалпы тарих, философия, әдебиет, психология, әлеуметтану, саясаттану т.б. пәндермен тығыз байланыста.
Педагогиканың тарихын зерттеуде тарихи деректердің маңызы зор. Осыған орай қазіргі кезде мұрағат құжаттарымен танысу, ғылыми, тарихи әдебиеттерді зерттеу, білім мен тәрбиеге байланысты құжаттарды зерделеудің орны бар. Оның басты әдістері жинақтау, топтастырыу, талдау, салыстырмалау т.б. болып табылады.
Педагогиканың тарихын ғылыми-педагогикалық тұрғыда жете меңгерген маман, алған білімін іс жүзінде шығармашылықпен қолдана алатын, ой өрісі кең, жаңа қоғамдық ахуалдарға жылдам бейімделгіш, ауқымды педагогикалық көзқарасқа ие, жоғары сапалы маман бола алады.
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Адамбаев Б. Шешендік өнер (1967), «Халық даналығы» (1976). Қазақтардың шешендік өнері. Алматы, «Мектеп», 1983.
2. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. Алматы, «Қайнар», 1996.
3. Әленұлы Ш. Халықтық тәрбие тағылымдары. Алматы, Республикалық баспа кабинеті, 1998.
4. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. Алматы, «Рауан»,
1991.
5. Бержанов К.Б., Мусин С. Педагогика тарихы, Алматы «Мектеп»,1971.
6. Волков Г.Н. Этнопедагогика. Чебоксары, 1974.
7. Волков Г.Н. Педагогика жизни. Чебоксары, 1989.
8. Гумилев Л. Как возникают и исчезают народы? Л., 1984.
9. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, «Мектеп», 1974; Ата-аналарға кеңес. «Білім» қоғамы, 1966.
10. Диваев Ә. Тарту. Алматы, «Ана тілі», 1992.
11. Елікбаев Н. Ұлттық психология. Алматы, «Қазақ университеті», 1992. 12. Жұмабаев М. Таңдамалы ӛлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар.
Алматы, «Ғылым», 1992. Педагогика, «Ана тілі», 1992.
13. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптарының тарихынан, Алматы, 1971.
14. Жарықбаев Қ. Этнопсихология – ұлт тәрбиесінің ӛзегі. Алматы, «Білім», 2005.
15. Жарикбаев К. Психологические воззрения аль-Фараби. «Вопросы психологии», 1974, №4.
16. Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірмелі сӛздігі. Алматы, «Ғылым», 1993.
17. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Санат», 1995.
18. Жарикбаев К., Калиев С. Из истории казахской народной педагогики.
Алматы, «Китап», 1992.
19. Измаилов АО. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана. М., «Педагогика», 1991.
20. Қазақ Совет Энциклопедиясы. І-ІІ том, «Ғылым», 1976-1980.
21. Қалиев С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі кӛрінісі. Алматы, «Мектеп», 1987.
22. Қалиев С. ХҮ-ХІХ ғ.ғ. Ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар. Алматы. «Рауан», 1990.
23. Қалиев С, Аюбаев К. Еуропа ғалымдарының қазақ мәдениеті туралы ойлары. Алматы, 1992.
24. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, «Білім», 2003.
25. Қалиев С, Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері және демократ-ағартушылары. Алматы, РБК, 1993.
26. Қалиев С, Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы. «Рауан» 1994.
27. Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері Антологиясы, I том, (құр. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы, «Рауан», 1994.
28. Кенжеахметов С. Жеті қазына. Екі томдық., 1-2 т. Алматы, «Ана тілі»,
2005.
29. Кенжеахметов С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы, «Ана тілі», 1994.
30. Кон А.К. Этнический словарь. М., Педагогика, 1983.
31. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы. «Ана тілі». 1994.
32. Қоңыратбаев Ә. Кӛне мәдениет жазбалары. Алматы, «Ана тілі», 1993.
33. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми
және теориялық мәселелері. Алматы, 1993.
34. Левшин А. Описание киргиз-кайсацких орд и степей журн. «Абай», 1992 №3.
35. Марғұлан Ә. Ежелгі мәдениет куәлігі. Алматы, «Қазақстан», 1966.
36. Мұқанов М. Қазақ жерінің тарихы. Алматы, «Қазақстан», 1994.
37. Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап. Алматы, «Қазақстан», 1991; Шығармалары. Алматы. «Жазушы», 1-2 том, 1968.
38. Очерки истории школы и педагогические мысли народов СССР с древнейших времен до конца ХҮІІ в. М, «Педагогика», 1989.
39. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, «Рауан», 1992.
40. Сәрсенбаев Н. Обычаи, традиции и общественная жизнь. А-Ата, «Казахстан», 1974.
41. Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. Алматы, «Білім», 2004.
42. Табылдиев Ә. Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие. Алматы, Қазақ университеті, 1991.
43. Толыбеков С. Кочевое общество казахов в ХҮІІ-ХХ вв. Алма-Ата, «Наука», 1971.
44. Торайғыров С. 2 томдық шығармалар жинағы. Алматы. «Ғылым», 1993.
45. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. Алматы, «Білім», 1995.
46. Хасенов Б. Ана тілінің даму тарихы мен әлеуметтік мәні. Алматы, «Ана тілі», 1993.
47. Христова Е.Л. Об уточнении понятийного аппарата этнопедагогики. «Советская педагогика», 1989., №7.
48. Шаңырақ. Алматы, «Ғылым». 1990.
49. Шоқайұлы М. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы, «Жалын», 1992.
50. Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. Алматы, «Жазушы».1979.
Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 198 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |