Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Биология-тіршілік тәні.

Жұлдызқұрттың түктерінен жасалған бос сұр пілләсінде қуыршағы қыстайды, ағаштың қабығының жапырақтарында, құрғақ жапырақта, жер бетіндегі өсімдіктер қоқысында, ғимарат жарығында, қақпада, топырақта. Қуыршақтың басым бөлігі топырақта 3-5см тереңдігінде болады, және дарағы терендігі 15см анықталады. Жұлдызқұрттардың кейбір жазғы ұрпақтары жапырақтын бөрікбасында қуыршақтанады. Қуыршақтың жарты бөлігі (10-15%) диапаузаға кетеді, яғни көбелектің шығуы бір жылдан кейін орындалады. Қуыршақтың белгілі бөлігі күзгі-қысқы кезеңдерінде өледі, оған себебі ішкі жағдайдың әсер етуі олар тоғышар, аурулар, жыртқыштар.

Көбелектердің негізгі ұшуы таңғы уақытың 5-7 сағат аралығында жатыр. Белсенді ұшуы 30-40 мин. Ауа-райы 130С–қа төмендеген жағдайда ұшуы тоқтатылады. Ұшу кезеңі 20-30 күнге созылады, жаппай ұшуы 11-14 күнге созылады. Ұрғашы көбелектің өмірі көктемде 2-11тәулік, жазда 6-тәулік. Еркегі 1-ден 4-тәулікке дейін өмір сүреді. Көбелегі тамақтанбайды. Жыныстық серігін іздеу және жұмыртқа салу орнынан 250 метр қашықтықта ұшады. Ұрғашы қуыршақтан шыққан күні шағылысады немесе келесі күні. Қыстап шыққан ұрпағының ұшуы мамыр айына дейін жалғасады, жазғы ұрпағы шілде айының соңынан – тамыз айының басына дейін. Ұрғашысы шағылысқаннан кейін екі сағаттан соң жапырақтың төменгі қабатына жұмыртқа салуға кіріседі, бір қабат жалпағынан сопақтау қылып, қарама-қарсы тығыздап салады. Салынған жұмыртқаның жоғарғы жағы бос қалың емес, ақ талшықпен жабылған. Көбінесе аналықтары жұмыртқаны түнде салады. Аналығы 200-2000 жұмыртқа салады, орташа есепен 300-600. Жұмыртқаның өсіп өнуіне тұрақты ауа-райы 23-240С және ауа ылғалдылығы 75% болуы қажет. Ауа ылғалдылығы 30-50% ға төмендесе жұмыртқадағы эмбрион жаңа туған жұлдызқұрттар өледі. Ауа температурасы 120С-дан төмен болса жұлдызқұрты жұмыртқадан шығуын тоқтатады. Жұлдызқұрттың шығуы таңертен және кешкі уақытта болады. Жұлдызқұрт жұмыртқадан кейін 1-2 сағат ішінде тамақтанады, және ұя салады.

І-ІІ жастағы жұлдызқұрттардың ұясы тор тәрізді салынған, бірнеше жапырақты құрайды.

V-жастан асқан жұлдызқұрттың ұясы 1-1,5м ге жетуі мүмкін. Осы жаста жұлдызқұрт ұясын тастап талдарға өрмелей бастайды. Жасының саны өмір сүру ортасына байланысты және 6-мен 8 аралығында ауытқиды. Кейбір ақпараттарда 11-жасқа дейін болуы мүмкін. 19,50С температурасында жұлдызқұрттардың кезеңі 38 күнге созылады, ал 230С –градуста 28 күнде. Жұлдызқұрттар қуыршақтанар алдында белсене қозғалып пана іздейді. Онтүстік – Шығыс Қазақстанда зиянкес екі ұрпақ береді. Екінші ұрпақтың көбелегі шілдеде ұшады.

Морфология Көбелектер жібек тәрізді аппақ, кейде қанаттарында қара немесе қою-қоңыр дақтар орналасқан. Еркегі қанатын жайғанда 20-32мм, денесінің ұзындығы 9-13мм. Ұрғашысы ірілеу, қанатын жайғанда 24-35мм, денесінің ұзындығы 11-15мм. Басы ақ, түкті. Кеудесі, құрсағы, белі, саны және ортаңғы және артқы аяғының сырты ақ, ішкі жағы сары қабықшаларымен қапталған, сандарында айрықша ашық түсті (сарғыш-қызыл). Көздері қара, мұрттарының ұзындығы 3-6мм. Көбелекті шаңқан көбелегінен ажырата білуі керек, оның құрсағының ұштары сарғыш қызыл, және талдың бұйра көбелегінен, ол ірілеу (қанатын жайғанда 35-55м) және тарақты мұртшасы бар, ал американдық ақ көбелектің, еркегінікі екі қатарлы тарақты, ұрғашысынікі екі қатарлы ара тісті. Жұлдызқұртың 1-жастағылары ақшыл –сары, олардың ұзындығы 1-1,5мм үлкендері 30-60мм. Ересек жастағы жұлдызқұрттардың денелері қылдар мен түктермен қалың жабылған, арқа жағында екі қатар қара түсті, сүйелдері болады, буйір бөлігінде жаны үш қатар сарғыш қызыл түсті сүйелдері болады. Қуыршақ ұзынша жұмыртқа пішінді, ұзындығы 8-15мм. Құрсақ буындарының жіктері дөрекі нүкте тәріздес шұңқұршалар қатарымен шектелген. Кремастері сәл екіге айырылған және шамамен 15-ке жуық шеге тәріздес өсінділер орналасқан. Жұмыртқа шар тәрізді табаны тегіс, диаметрі 0,5-0,6мм. Жаңа салынған жұмыртқа ақшыл жасыл, жұлдызқұртардың тууына шамамен екі күн қалғанда сұр түске боялады.

Анықтау әдісі және ұқсастандыру. Американдық ақ көбелекті анықтау үшін тіршілік кезеңінде 2-рет тексеру жүргізіледі (біріншісі мамырда, екіншісі тамызда). Зиянкестің көбелегін екпе ағаштарды аралап жүріп тексеру барысында көзбен қарап анықтайды. Ол үшін жеке бұтақтарды мұқият қарап оларды жиі сілку қажет. Мазасызданған көбелек ұшады да 5-6 м кейін қонады. Көбелекті түнде жарық шамға (лампочка) ұстауға болады немесе УФ ұстағышқа. Аулау кезеңі, ауа температурасы 150С-тан жоғарылаған кезде жүргізіледі. Зиянкесті жас ұрғашыларының көмегімен ұстағышқа ұстауға болады, сондай –ақ синтетикалық жыныстық ферамонды тәжірибелік үлгі арқылы. Жұлдызқұрттарды американдық ақ көбелекке тиісті өрмекші ұяларынан табалады. Қуыршақтарын топырақ қазу кезенде анықтайды, аулау белбеулерінде және басқа да түрлі паналардан.

 

Зиянкестің тордағы жұлдыз құрттарын анықтау үшін ауыл шаруашылық бөлімдеріндегі, аула ағаштары,орманды және басқа екпе ағаштар,көлік,темір жол бойландағы өсетін ағаштар, өзен жағаларындағы,су қоймалары маңында өсетін ағаштар тексеруге жатады. Екпе ағатарына ерекше көңіл бөліп тексеру керек.

Тексеру жұмыстарын зиянкестің торланған ұядағы 1-2 жастағы жұлдызқұрттарының бірен-сараң пайда бола бастаған кезінде басталады әр 10 күн сайын тексеруді қайталайды. Бір анықтаушының күндік тексеру нормасы 4 га (немесе 400 ағаш, 20-30 ауладағы екпе ағаштары,4 км жол бойндағы екпе ағаштары).

Тексерулер әр генерацияның даму кезеңінде, зиянкестің ошағы болып табылған жерден 30-40км радиусында, 100 км ұзақтықта, осы аймақтан шығатын негізгі көлік магистралі бойымен және де бір рет басқа бөліктерінде, залалданған ошағынан 200 км жол бойында жүргізіледі.

Қорытындысы актіге (прилож.4) тіркелінеді. Зиянкестің тордағы ұялар ішіндегі жұлдызқұрттарын анықтау мен оларды жою аралағында үзіліліс болмау керек.

Ошағы деп зиянкеспен залалданған бір-біріне жақын орналасқан ағаштар тобы және де 3-5 км радиустағы өсіп тұрған екпе ағаштары есептелінеді.Егер зиянкеспен залалдану ауылдық жерде немесе оған жақын жерде болса, ошағы деп осы жерден 3 км радиустағы және 5 км-ге дейінгі ара қашықтықтағы жолды айтамыз. Залалданған ошақтардан ара қашықтығы 30км алыс болса, онда оқшауланған ошақ деп есептелінеді.

Зиянкестің ошақтарын бірінші рет анықтап тапқан кезде олардың таралу шекараларындағы барлық діңді ағаштарды және бұтақты өсімдіктерді 30-40 км радиусында және де осы залалданған ошақтардан өтетін көлік,темір жол бойларын 100-150 км ара қашықтықта өте мұқият тексереді. Барлық жағдайда американдық ақ көбелектің дұрыс анықталғанын білу үшін жинаған жұмыртқаларын, жұлдызқұрттарын, қуыршағын тұзды су немесе формалин құйылған ыдысқа салып, этикетка толтырып мемлекеттік карантин бойынша инспекторға жіберіледі (прилож.1)

Күресу шаралары: Американдық ақ көбелекті жою, санын азайту үшін агротехникалық және механикалық жою шараларын қолданады. Зиянкесті жою үшін ұяларын кесіп алып өртеп жіберу, ағаштарға ұстағыш белдеулер байлау, мекендеген жерлерін тазалап, өсімдік қалдықтарын өртеу, ағаш діңдерін өлі қабықтарынан тазалап,оларды әкпен (известпен) әктеу. Өте тиімді әдіс ағаштардың түбіндегі топырақты қопсытып қазып қою. Көбелектерді ұстау үшін жарық лампалары мен феромондық ұстағыштарды пайдаланады.

Зиянкестің көбеюін төмендету үшін екпе ағаштарды химиялық препараттармен өңдейді. Ошағының әр генерация кезеңдерін жою, ошағын жайылдырмау үшін әр 7-10 күн аралығында кемінде 3 рет химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

Аймақтағы жаппай қоныстану деңгейі төртінші буындағы жұлдызқұрттарға жеткенде,бір-екі рет химиялық өңдеу іс –шараларын жүргізеді (тиімділігіне байланысты).

Өте кең таралған аймақта, аудан аумағына кіретін ауылдық пунктерде табылған америкалық ақ көбелектің залалдануы нәтижесінде 50%-дан жоғары болса, анықтау мен жою шаралары, химиялық ісшаралар жоғары деңгейде өткізіледі:

 

1. Химиялық өңдеу-американдық ақ көбелекпен залалданған барлық діңді ағаштарды, көлік, темір жол бойындағы ағаштарды, жеміс бермейтін бақ ағаштарындағы зиянкестің жұлдызқұрттарының туылу кезеңдерінде жүргізіледі.

2. Төрт рет жаппай тұтас тексерулер американдық ақ көбелектің әр даму кезеңдерінде өткізіледі.

3. Кесу, торлы ұяларын жұлдызқұрттарымен бірге жою,сонымен қатар залалданған ағаштар мен бұтақты,ең соңғы залалданған ағаштан бастап және барлық өсімдіктерді 50 м шеңберіндегі қашықтықта химиялық өңдеу іс-шараларын жүргізу.

Плантациялардағы залалданған тұт ағашы және соған жақын өсетін тұт ағаштарына химиялық өңдеу іс-шаралары жүргізіледі. Химиялық іс-шаралар жүргізілген өсімдіктер белгіленеді. Егер 4-5-6 жастағы жұлдызқұрттар болса химиялық іс-шаралар жүргізіліп содан соң кесіп алынып ұяларын өртеп, жою қажет.

 




Дата добавления: 2015-04-12; просмотров: 61 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав