Читайте также:
|
|
Республиканың өндірісі өркендеген аймақтарындағы ауа ластануының жоғары деңгейімен байланысты экологиялық мәселелер баршылық. Тұрақты көздерден бөлінетін қалдық заттармен ластанудың негізгі көлемі Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мәселен, тұтас республика бойынша 2000 жылы бөлінген зиянды заттар көлемінің 45,6%-і Қарағанды облысына тиесілі болса, бұл Павлодар облысы бойынша –17,9%-ті, Шығыс-Қазақстан бойынша –10%-ті құрайды. Мұндай нақты мәліметтерді төмендегі көрсеткіштерден байқауға болады.
Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау атмосфералық ауаның тазалығын сақтау және жақсарту, тұрғындарға, шаруашылықтың, өсімдік және жануарлар дүниесіне қолайсыз салдарлар туындататын зиянды химиялық, физикалық, биологиялық және өзге де атмосфералық ауаға зиянды әсерлерді азайту мен жоюға бағытталған заңмен бекітілген шаралардың жүйесі.
Атмосфералық ауаны қорғаудың ерекшелігі, бір жағынан, оның жай-күйіне ісер ететін өзге табиғат объектілерін қорғау, екінші жағынан, атмосфераға шаруашылық әсерді реттеу жолымен қол жеткізуге болады.
Қорғаудың бірінші тәсілі тиісті заңдармен анықталған орманның, судың құқықтық режимін қамтамасыз ету апрқылы жүзеге асырылады. ҚР экологиялық кодексімен атмосфераға әсер теуші шаруашылық және өзге қызметтерге қойылатын экологиялық талаптар қарастырылған (29-тарау). Мысалы, 198-бапқа сәйкес, кәсiпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау жүйелерiн, кәрiздердi, гидротехникалық құрылыстарды, көлiк және байланыс объектiлерiн, технологиялық процестердi, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiнде:
1) қоршаған орта сапа нормативтерiнiң сақталуы;
2) қауiптi қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы;
3) қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы;
4) қоршаған ортаны ластаудың алдын алудың тиiмдi шараларының қолданылуы;
5) табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдалану көзделуi тиiс.
Мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы жоқ жобаларды қаржыландыруға және iске асыруға тыйым салынады.
Шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне қойылатын экологиялық талаптардың түрлері келесідей:
- Елдi мекендердi жобалауға және салуға қойылатын экологиялық талаптар;
- Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар;
- Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану;
- Автомобиль және өзге де көлiк құралдарын жасау мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар;
- Атом, жылу және су электр станцияларын орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар;
- Әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар;
- Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар.
Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 170 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |