Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Атмосфералық ауа қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде

Читайте также:
  1. D) Қарым қатынас процессіндегі маңызды дене бөлігін
  2. азақстан Республикасында атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
  3. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың мазмұны
  4. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі және тәсілдері
  5. Есту анализаторларының үшінші бөлігі орналасады
  6. Нарық – тауарлы – ақша қатынасының түрі ретінде.
  7. Несие экономикалық категория ретінде қандай қатынастарды көрсетеді?
  8. Оздырғыштың қоршаған ортаға төзімділігіне
  9. Оршаған ортаның ауыр металдармен ластануы. 3.Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Дәріс 13

Тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау

Жоспар:

Атмосфералық ауа қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде

Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы

Сипаттамасы

Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау саласындағы

Мемлекеттік басқару

Азақстан Республикасында атмосфералық ауаны қорғау

Туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік

Атмосфералық ауа қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде

Жер миллиондаған ұсақ бөлшектерден құралған атмосферамен қоршалған. Ол Күннен Жерге келетін жарық тасқынын миллиондаған ұсақ сәулелерге ажыратады. Атмосфера парниктегі шыны сияқты роль атқарып, күн сәулесін жылдам өткізеді, жер бетіндегі жылуды сақтап қалады. Егер Жердің ауа қабаты болмаса, Күннің көз қарықтыратын ыстық жарығы жердің бетін күйдіріп, құрғақ, жарылып кеткен тақырға айналдырып жіберер еді. Онда жауын да жаумас еді, жел де соқпас еді. Атмосфера – Жердің температурасының ауытқып тұруына да ықпал етеді.

Жердің алғашқы атмосферасы сутегінен, метаннан, аммиактан, су буларынан және гелий, неон сияқты инертті газдардан құралған. Жерде тіршіліктің пайда болуымен байланысты бұрынғы газдар жер қойнауынан және өсімдіктерден бөлінген күкіртті сутегі мен көмір қышқыл газдарымен толықты. Сөйтіп, екінші атмосфера пайда болды. Алғашқы микроорганизмдер бірте–бірте сутегін, метанды, аммиякты, күкіртті сутегін азайта түсті.

Атмосфераның қазіргі газ құрамы биосфераның көп жылғы эволюциясының (дамуының) нәтижесі. Организм қазір оған бейімделіп алды, енді газ құрамының кез келген өзгерісі олардың өмір сүру жағдайына әсер етпей қоймайды.

Адам ауасыз өмір сүре алмайды. Ол таза болсын, лас болсын ауамен дем алуы қажет. Адам тамақ ішпей 5 апта, су ішпей 5 күн өмір сүре алады, ал ауасыз 5 минут та тұра алмайды. Бір тәулік ішінде бір адам 25 кг, немесе 10-11 мың литр ауаны өкпесі арқылы өткізеді. Ауа жануарлар мен өсімдіктер үшін қажет екендігі бәрімізге мәлім. Мұндай ауа құрамы атмосфераның төменгі қабатында. Ал 1000 км-ден жоғары жағында тек қана гелийден (He), ал 2000 км-ден жоғары тек сутегінен (H) тұрады.

Ең төменгі Жер бетіндегі қабат тропосфера деп аталады. Ол атмосфералық ауаның 84 пайызын құрайды, барлық метеорологиялық процесс: бұлттардың пайда болуы және тұманның, жел мен дауылдың болуы, қар мен жауынның жаууы осы қабатта.

Экологиялық құқықтың объектісі ретінде атмосфералық ауаны түгелдей таба алмаймыз, бұл тек жерге жақын орналасқан қабатына (тропосфераға) ғана таралады. Ал тұрғын үй ішіндегі, баллондардағы немесе компрессорлардағы ауаны экологиялық құқықтың объектісі ретінде қарастыра алмаймыз.

Атмосфералық ауаның заңмен қорғалатын басқа да табиғи объектілерден ерекшелетін өзіндік қасиеттері болады:

1) атмосфералық ауаны экономикалық тұрғыдан тиімді, ұтымды пайдалану механизмі нормативтік құқықтық актілерде толықтай қарастырылмаған;

2) атмосфералық ауа өзінің табиғи қасиеттеріне байланысты мемлекеттің, заңды тұлғалардың немесе азаматтардың меншігінде болмайды. Оған ешкімнің билік етуіне, басқаруына құқығы жоқ;

3) атмосфералық ауаны қорғау әрбір адамның, сондай-ақ бүкіл адамзаттың мүддесін қозғайтын ғаламдық проблемалардың бірі – экология мәселесі болып табылады.

Атмосфералық ауа саласындағы заңшыруашылық үрдісі төмен дәрежеде дамыған. Атмосфералық ауаны тиімді пайдалануда және қорғауда көптеген ақаулықтар кеткен.

Бұл негізінен экология саласында құқық теориясының артта қалуымен түсіндіріледі. Атмосфералық ауаны ластау бұрыннан жалғасуда, жалпыодақтық заңдарды қарастыратын болсақ, дәлірек айтқанда, КСРО-ң Ауа кодексі және КСРО-ң ауа кеңістігіндегі ұшақтардың ұшуы туралы негізгі ережелерін алатын болсақ, бұл құқықтық актілер Республикалардың тек өздеріне тән табиғи-географиялық, территориялық, ұлттық ерекшелік қасиеттерін ескермеген. Жоғарыда айтылған құқықтық актілердің басты кемшіліктері қатарына келесілерді жатқызуға болады: олардың қайталануы, яғни азаматтық заңдылықтарының, дәлірек айтсақ, тасымалдау шартты екеуі бір-бірінің көшірмесі болған және келтірілген зиян үшін жауапкершіліктің толық түрде көрсетілмеуі.

КСРО тарағаннан кейін атмосфералық ауаны қорғау және пайдалану саласындағы заң шығарушылық үрдісі ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Бірқатар ТДМ елдерінде атмосфералық ауаны қорғау және пайдалану заңдылықтары бұрынғы жағдайында ешқандай өзгерістерсіз қала берді.

Көптеген ғалымдар «атмосфералық ауа» ұғымына қатысты өздерінің көзқарастарын білдіріп кеткен. В.Э.Грабарьдың пікірінше: «ауаны зат мағынасында түсіну қажет, бұл негізінен жер бетіндегі тірі организмдердің өмір сүруіне өзінің ықпалын тигізеді»,- деген. Ал, Р.Х. Габитовтың айтуы бойынша: «Атмосфералық ауа физика-химиялық мағынаға сәйкес келеді, яғни ауа газдардан, олардың сандық және сапалық қарым-қатынастары тұрақты және қоғаммен реттелмейді». М.М. Бринчуктың көзқарасына келсек, атмосфералық ауа басқа табиғат объектілерінің арақатынасын біріктіретін материалдық субстанция ретінде қарастырылған және екі элемент негізге алынған. Олар: 1) жер айналысындағы кеңістік; 2) газ қосындылары, шаң, су буы және тағы басқа осы кеңістікті толтыратын заттар. Кейінгі кездегі ғылыми-құқықтық әдебиеттерде «ауа кеңістігі» және «космос кеңістігі» арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтары көптен-көп зерттелінуде. Б.В. Ерофеевтің зерттеулері бойынша «атмосфералық кеңістіктің» де болуын жоққа шығармайды. Бірақ, автор бұл түсінікке толық түсіндірме бермейді. Себебі атмосферада әрқашан газдардың қозғалысы болып отырады. Осыған орай ауа кеңістігіндегі атмосфералық ауаның обьектісі ретінде озон қабаты танылады. Озон қабатының пайда болуы жердегі тіршіліктің қалыптасуына, пайда болуына және сақталуына бастама болды. Озон қабатының басты қызметі ретінде жерді ультракүлгін сәулелерінен қорғау болып табылады. Егерде CO2 газдардың көлемі осы қалыпта ауаға тасталып отыратын болса, ғалымдардың есептеуі бойынша 20 жылдың ішінде-ақ озон қабатында тесіктер болуы мүмкін. Егер осындай жағдайға жетсек, онда тесіктерді қалай жамаймыз? Оған қазірден бастап, шаралар қолдану керек. Озон қабатын қорғауда алғашқы қадамдар ретінде 1977 жылы Вашингтонда БҰҰ бағдарламасы шеңберінде «озон қабатын қорғау жөнінде» біріккен отырыс өткен. Оның қорытындысы ретінде «озон қабатының бүкіл әлемдік маңыздылығы және оның сақталуын қамтамасыз ету туралы» ғылыми-зерттеушілік бағдарламасын қарастырған болатын.

Озон қабатын сақтаудағы нақты шара ретінде 1985 жылы 18-25 наурыз аралығында Вена қаласында 44 мемлекет өкілдері және халықаралық ұйымдар қатысқан форум өтті. Онда «Озон қабатын қорғау туралы» Вена конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияға нақтырақ тоқталатын болса, оның ішінде келесідей мәселелер қарастырылған:

– озон қабатының жойылуына әсер ететін химиялық заттардың тізімі көрсетілген;

– мемлекеттердің озон қабатын қорғаудағы жауапкершіліктерді қатаңдату;

– озон қабатының жойылуын болдырмау, оның алдын алу туралы шараларын күшейту;

- мемлекетаралық арнайы комиссиялар құру, ақпарат алмасу, т.б.

Ал, 1987 жылы Монреаль конференциясы өтті. Оның нәтижесі ретінде Монреаль хаттамасына қол қойылды. Конференцияға қатысушыларға хлорфторуглерод және фреонның (ХФУ) озон қабатына өте қауіпті екені мәлімделді. 1993 жылдан бастап конференцияға қатысушы мемлекеттерге ХФУ-ты қолдануды 80% азайтуға жүктелді. 1991 жылы осы хаттаманы 70 мемлекет ратификациялады, Қазақстан Республикасы 1997 жылы қол қойған болатын. Ал оның ішінде екі ірі мемлекет Қытай мен Үндістан ратификациялаудан бас тартқан болатын.

1996 жылы сәуір айында тәуелсіз мемлекетімізде тұңғыш рет Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясы қабылданған болатын. Аталмыш концепция республика Президентінің №2967 Жарлығымен бекітіліп, бұл концепция бойынша экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық іргетасының компоненті ретінде танылған. Ол қоршаған орта және РИО-92 дамыту БҰҰ Бүкіл әлемдік концеренциясының принциптеріне негізделген. Бразилияда өткен экологиялық форумда Қазақстан – қоршаған табиғи ортасы ластанған мемлекеттер қатарына жатқызылған. Осы орайда ерекше үрей туғызып отырған республиканың экологиялық қолайсыз аймағына Арал, Семей полигоны, Каспий маңы, Байқоңыр жатады. Ерекше экологиялық апат аймағына жататын – Шығыс Қазақстан облысы, онда атмосфераның ластану индексі (АЛИ) – 20-30 бірлік көрсетуде. АЛИ жоғары көрсеткіші ауадағы шаңның, күкірт диоксидінің, азот, фенол, формольдегид, мышьяк, қорғасынның көп болуымен анықталады. Мұның бәрі тыныс алу органдары, жүрек-тамыр аурулар жүйесі, тері және де онкологиялық ауруларға шалдыққандар санын көбейте түсері сөзсіз.

XX ғасырдың ең қауіпті ауруы – ісік ауруы Қазақстанда қолайлы ортасын табуда. Қазақстан бүтіндей ТМД бойынша онкологиялық аурулардың санағынан бірінші орында. Оған төменгі цифрлар дәлел: Зырян қаласы бойынша әр жүз мыңға өкпе рагына шалдыққан 390, ал Өскеменде 320 адамға келеді. Бұлар ірі машина жасау, металлургия, энергетика кәсіпорындары шоғырланған қалалар.




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 156 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.016 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав