Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

азақстан Республикасында атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік

Читайте также:
  1. B) тапсырмаларды анағұрлым дұрысырақ орындауы үшін психологиялық мобилизациялау мүмкіндігін береді
  2. B)& ЭЕМ үшін қолданылатын амалдардың реттелген тізбегі, қандай да бір есепті шешудің алгоритмі.
  3. C. сомма көлемі туралы мәліметтер
  4. PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ
  5. VI ғ. басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
  6. азақстан құқығы пәні бойынша емтихан сұрақтары.
  7. Азақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi
  8. Азақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
  9. Азақстан Республикасының экологиялық құқығының пәні, объектілері мен субъектілері

Атмосфералық ауаны пайдалану барысында құқық бұзушылықтар орын алған жағдайларында Қазақстан Республикасының заңдарымен жауапкершілік көзделген. Экологиялық құқықтың теориясында атмосфералық ауаны ластағаны үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік жауапкершілікке келетін болсақ, онда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі арқылы қатынастар реттеледі. Осы кодекстің 19-тарауында «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарға» арналған. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу белгіленген стандарттарды, нормаларды және өзге де экологиялық талаптарды бұзу, ескерту жасауға немесе азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерде, лауазымды тұлғаларға – жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнінде белгіленген стандарттарды, нормаларды және өзге де экологиялық талаптарды арттыруға немесе төмендетуге нұсқау немесе рұқсат берсе, онда оған айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Егер де экологиялық ластану зардаптарын жою жөнінде шараларды жүргізуден жалтарған тұлғаларға: ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру шараларын жүргізу міндеті жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргізуден жалтаруы немесе тиісінше жүргізбеуі, егер бұл іс-әрекеттер адам және қоршаған орта үшін ауыр зардаптарға әкеп соқса, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осындай жаза қолданылуы мүмкін, егер ластаушы заттардың өндірістік нормалардан тыс тасталуы мен шығарылуы туралы хабарламау болса, онда қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау заңдарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға ластаушы заттардың өндірістік нормалардан тыс тасталуы мен шығарылуы және қоршаған ортаға басқа да зиянды апаттың әсері туралы хабарламау немесе бұрмалаған ақпарат беру.

Ал, атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға келетін болсақ, ол Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 243-бабында нақты көрсетілген. Осы бапта ластаушы заттарды атмосфераға шығарудың шектеулі нормативтерінен асып кету не ластаушы заттарды рұқсатсыз шығаруға байланысты, ластаушы заттарды атмосфераға шығарудың шектелуі немесе уақытша келісілген нормативтерінен асып кету; зиянды физикалық әсердің шектеулі нормативтерінен асып кетуі; сондай-ақ осыған арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз ластаушы заттарды атмосфераға шығару, егер бұл іс - әрекеттерде қылмыстық шара қолданылатын әрекет белгілері болмаса, - лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады. Ал, атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға арналған жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ пайдаланбау үшін де Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексімен реттелген.

Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтамай кәсіпорындарды пайдалануға бергені үшін, атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды қанағаттандырмайтын жаңа және қайта жаңғыртылған кәсіпорындарды, ғимараттарды және басқа да объектілерді пайдалануға беру - лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Егер де өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау ережелерін бұзу, аталған қалдықтарды жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау – ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды, ғимараттарды және басқа да объектілерді пайдалану ережелерін бұзу, егер бұл әрекеттер ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына немесе өзге де өзгеруіне әкеп соқса, онда кінәлы тұлғаларға жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығын айыруға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзету жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

Қылмыстық жауапкершілікке: табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерлі жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсіп, энергеитка, көлік пен байланыс объектілерін, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар мен бақа да елді мекендерді салу кезінде, әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір ластануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстың объектісі – шаруашылық немесе басқа да қызметтердегі әрекеттерді жүзеге асырудағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қарым-қатынастары.

Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, қалалар мен басқа да елді мекендерді салу кезінде экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелер бұлжымай орындалуы тиіс. Құрылыс жұмыстарын атқару кезінде жерді қалпына келтіру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану, аумақты көркейту және қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар қолданылуға тиіс.

Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы, сәйкес ережелерді адамның орындамауы немесе сол ережелерге тиіссіз қараумен сипатталады. Бірақ, қандай да болмасын жағдайда Қылмыстыќ кодекстіњ 277-бабы бойынша жауаптылықтың міндетті белгісі болып анықталған зардаптың тусуі танылады: қоршаған ортаның едәуір ластануы; адамның денсаулығына зиян келтірілуі; жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы.

Қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өндірістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері.

Ауыр зардаптардың қоршаған ортаға тигізілуі нақты мән-жайларға байланысты анықталуы тиіс. Зардаптарға баға беруде, ластанған заттардың, жер көлеміне байланысты олардың таралуы, қоршаған ортаға немесе адамның денсаулығына қауіптілігінің сандық немесе сапалық сипаттамасы жатады. Денсаулыққа зиян кетіру қатарына денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру немесе жеңіл зиян келтіруді енгізеді. Денсаулыққа ауыр зиян келтіруде, ҚР ҚК 103 және 277-баптары жиынтығымен дәрежеленуі қажет.

Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің құрып кетуі –олардың өсімі және ерекше маңыздылығына қарай, сонымен қатар жойылып кетуі санымен анықталады. Өзге де ауыр зардаптар – экоцидтің қаупін төндіретін; эпидемиялық; оқыс–залал; қоршаған ортаның бұзылуынан тірі организмдерге, соның ішінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін жердің деградациясы немесе өзге де экологиялық қауіпсіздікті елеулі мөлшерде бұзатын қандай да болмасын зардаптар. Экологиялық талаптардың бұзылуы және қоғамға қауіпті әрекеттердің түсуі арасындағы себептік байланыстың орын алуы қажет. Қылмыстың субъективтік жағы – зиянды зардаптардың түсуіне байланысты қасақана немесе абайсыздықта болуы мүмкін (олардың анықтамасы ҚК 20 және 21–бабында сипатталған). Қылмыстың субъектісі–16 жасқа толған, есі дұрыс адам танылады. Диспозицияның мазмұны бойынша (аталған бап бойынша) қандай да болмасын адам емес, яғни шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың қауіптілігін, талаптарын сақтауға жауапты болып танылатын адамдар, арнайы субъектілері бола алады.

Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қаупін төндірсе – екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, не жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер – бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Атмосфераның ластануының қоғамдық қауіптілігі сол, яғни атмосфераға зардаптың келтірілуі нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді. Атмосфераның ластануы, табиғи қоршаған ортаға үлкен табиғи апаттар әкелуіне икемін тигізе алады, сонымен қатар адамның келешектік өміріне тиесілі түрде зиянды жағынан көрінуі мүмкін.Аталған қылмыстың обьектісі болып, адам өміріне қажетті табиғи ортаның ластануынан сақтаудағы аса маңызды болып табылатын атмосфералық ауаның қауіпсіздігін сақтаудағы қоғамдық қатынастары табылады.

Аталған ережелердің бұзылғандығы үшін қылмыстық жауаптылық, егер бұл әрекеттер ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына немесе өзге де өзгеруіне әкеп соқтырса пайда болады. Ауаның табиғи қасиеттерінің ластануы болып, өндіріс орындарының қалдықтарды (газ, шаң-тозаң, т.б.), жол беруге болатын шекті мөлшерден, нормативті белгілерінен асып кетуі, ережелерін бұзу табылады; өзге де өзгеруі – ауаның қалыпты құрамының, химиялық қасиеттерінің өзгеруі т.б. Қылмыс аяқталған болып, ауаның ластануы немесе оның табиғи қасиеттерінің өзгеруі сәтінен саналады.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы, 2005.

2. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство Республики Казахстан. – Аламаты, 1995.

3. Бекишева С.Д. Экологическое право Респблики Казахстан. Учебное пособие. – Караганда:Арко,2001.

4. Боголюбов С.А. Экологическое право. – М.:Изд-во "Норма", 2000.

Қосымша әдебиеттер:

1. Соколов Г.В. Чистая атмосфера и здоровье населения // «Алтай кені», - №12, - 28-бет

2. АсановА.А. Проблемы эффективного ипользования атмосферного воздуха // Қаржы-қаражат,- №6-7,-1999.

3. Дубовицкая О.Б. Международное сотрудничество Казахстана по охране озонового слоя //Вестник Павлодарского ун-та.сер.гуманитарных наук. - 2004. - №3. - С.65-71

Нормативтік-құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі. 9.01.2007 ж. // "Егемен Қазақстан", 2007 жылғы 19 қаңтар, N 12-13.

2. «Қазақстан Республикасының тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңы 23.04.1998ж.

3. «Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның гигиенасы бойынша әрекет етудің Ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 9.06.2000 жыл, №878.

4. «Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 қазан N 89-ІІ // "Егемен Қазақстан" 2000 жылғы 24 қазан N 260

5. Қазақстан Республикасының «Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» заңы 30.10.1997 ж. // Егемен Қазақстан, 1.11.1997

 


[1] «Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 94 Бұйрығы.

 

 




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 53 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | <== 4 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав