Читайте также:
|
|
Тобы: 503 ФК
Шымкент 2015 ж
Жоспар
I. Кіріспе
Фармацевтикалық этика және деонтология
II. Негізгі бөлім
Фармацевт пен науқас” қарым-қатынасының ерекшеліктері.
Фармацевті тұтынушымен қарым-қатнас жасау кезінде адамнаң жеке психологиясы
Коммуникациялық процестің тиімділігі ықпал етуші факторлар
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Фармацевтикалық этика және деонтология
Фармацевтикалық деонтология – фармацевтикалық мамандардың емдеудің пайдалылығын максималды түрде жоғарлатуға және толық түрде жүргізілмеген медициналық жұмыстардың зияндылығын жоюға бағытталған тәртіптік іс – қимылдарының принциптерін қамтиды.
Аурулармен және олардың туыстарымен қарым – қатынас жасауда фармацевтер келесі деонтологиялық талаптарды сақтаулары қажет:
Ò фармацевтің тәртіптілік монерасы;
Ò фармацевтің сөйлеген сөзінің түсініктілігі;
Ò көрініске таза, ұқыпты болу;
Ò фармацевтің дәріханаға келушілерді тыңдай білуі;
Ò витриналардың безендірілуінің кәсіби және эстетикалық талаптарға сәйкестігі;
Психолог мамандардың айтуы бойынша 80% жуық жағдайда адамдар туралы пікір бірінші көрініс әсерінен қалыптасады екен. Дәріханалық ұйым қызметкелерінің крахмалданған ақ халаты, сыртқы көріністегі ұқыптылығы, сыпайылығы мен ілтипаттылығы дәріханаға келушілердің сенімділік қарым – қатынасын қалыптастырады.
Медициналық қызметкердің іс - әрекет мәдениетін 2 – ге бөлуге болады:
Ò Ішкі мәдениет. Қоршаған орта заттарына ұқыпты қарау, ықыластылық, әріптестік қатынастар, тәртіпті сақтау, еңбекке деген көзқарас болып табылады.
Ò Сыртқы мәдениет. Әдептілік, сөйлеу мәдениеті, және осыған сәйкес сыртқы көрініс және т.б.
Этика – қандайда бір қоғамдық немесе кәсіби топтардағы адамның тәртібінің құлықтылық нормаларының жүйесі.
Фармацевтикалық этика мен деонтология медициналық этика, деонтологиямен тығыз байланысты, себебі дәрігерлер мен фармацевтердің іс - әрекеттері адамдардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған. Бірақ фармацевтикалық этика мен деонтологияның өз ерекшеліктері бар. Ерекшеліктер фармацевтің ауруларды жеке емдемей, оларға сапалы түрде дәрі – дәрмектің көмек көрсетуіне байланысты
Фармацевт пен науқас” қарым-қатынасының ерекшеліктері
Әр маман дәріханада өзінің қызметтік міндеттерін атқару деңгейінің кәсіби дәрежеде болуына жауапты. Фармацевтер, халықпен тікелей жұмыс істейді. Сондықтан фармацевтер сөйлеудің жоғары деңгейлі мәдениетіне ие болулары тиіс, келген сатып алушымен тіл табыса алуы тиіс.
«Фармацевт және науқас» қарым-қатнасы деңгейінің ерекшелігін түбегелейлі қарстыруға болады. 1993жылы (PGEC) Европалық қауымдастықтың фармацевтикалық тобы ерекше дәрілік заттарды өндіруші Европалық Ассоцациямен (AESGP) бірігіп фармацевтикалық маманның сипаттамасын қалыптастырды.
Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 270 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |