Читайте также:
|
|
Салық жеңілдіктері –бұл салық төлеушінің салық ауыртпалықтарынан босатылуы немесе салық салу режіміне қарағанда оның экономикалық реттеу әдістерінде салықтарды қолдау арқылы салық жеңілдіктері әлеуметтік мақсатта ұсынылуы.
Салық жеңілдіктері әдетте салық заңымен белгіленеді. Салықтық жеңілдіктер арқылы мемлекет кәсіпорындардың өнімінің артуын, керек тауарларды шығаруға, техникалық прогресстің өсуін, капиталды жұмсау мөлшеріне ықпал етеді. Салық жеңілдіктері кәсіпорын қызметтеріне төмендегі жолдар арқылы әсерін тигізеді, олар:
- өтімділікті жоғарылату;
- өндірілетін өнім түрін көбейту;
- кәсіпорындардағы керексіз және нәтижесіз өнімдерді қысқарту;
- ғылыми-техникалық прогрессті ынталандыру;
- табыстарды жинақтау мен пайдалану мақсатын толықтыру;
- экологиялық режимді сақтау және кәсіпорындардан басқа салаларды дамыту.
Одан басқа салық жеңілдіктерін қолдана отырып, мемлекет аймақ аралық өндірістік күштерді бөлу және ондағы инфраструктура объектілерін ұйымдастыруды іске асыра алады.
Экономикалық тоқырау кезеңінде кейбір мемлекеттер салық жеңілдіктері арқылы өндіріске ақша қаражатын тартуды ынталандырады, өздеріне керекті тұтыну және инновациялық тауарларды шығаруға көмектеседі. Бұған мысал ретінде АҚШ мемлекетінің Президенті Р. Рейганның 1980 жылдардағы салықтар саласындағы шешімін алуға болады. Оған салықты қысқарту арқылы өндірісті тоқыраудан шығаруға болатынын американың экономисі А.Лаффердің теориялық бағдарламасы негіз болған еді.
Салық жеңілдіктері салық салудың әртүрлі жақтарына қатысты болуы мүмкін және әртүрлі негіздері бойынша белгілене алады. Осыдан жеңілдіктер көп түрлі және формасы бойынша әртүрлі.
Оның үстіне салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел экономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономикасы дамыған елдердің тәжірибелерін енгізу барысында, салық жүйесі де өзгеріп, дамып отыратыны белгілі.
Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алады. Жалпы ҚР салық түрлері ішінде жеті салық бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Одан басқа елімізде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын бизнес субъектілеріне салық салудың арнаулы салықтық режимдері қолданыста, олар: шағын бизнес субъектілеріне; шаруа қожалықтарына; ауылшаруашылғы өнімдерін өндіретін заңды тұлғалар және кәсіпкерліктің кейбір түрлеріне арналған салық режимдері.
Экономиканы дамытудағы салық жеңілдіктерінің тек ынталандыру үшін емес, тұрақтандыру үшін де қажет. Салық жеңілдіктері бойынша механизмді қолдану тиімділігі мемлекеттің ішкі салықтарының орнын, олардың өзгерту заңдылықтарын, қарама-қайшылықтарын ескеруге байланысты шараларындағы базистік қатынасты құрудың әмбебап құралы болып табылады.
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 269 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |