Читайте также:
|
|
62-бап. Банкiнi консервациялау ұғымы
1. Банкiнi консервациялау Ұлттық Банкiнiң шешiмi бойынша банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банкiге қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi.
2. Банк мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн:
а) өз капиталының жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң ұдайы (қатарынан 3 ай орындалмауы);
б) Осы Заңның 48-бабында көзделген негiздер бойынша.
3. Консервациялау режимiн белгiлеу Ұлттық Банкiнiң шектеулi (бiр жылға дейiн) мерзiмге банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе уақытша банк басқарушысын тағайындауын бiлдiредi.
4. Банкiнi консервациялау банкiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Ұлттық Банкiнiң консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк акционерлерi он күн мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым беру банкiнi консервациялауды тоқтатпайды.
48-1-бап. Банктiң құжаттары мен мүлкiн беру
1. Барлық банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясы қайтарылып алынған банктiң банктiк немесе өзге де қызметтi жүзеге асыруына құқығы жоқ, банктi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген шығыстарға және банкке келiп түсетiн ақшаны қабылдауға байланысты жағдайларды қоспағанда, өзiнде бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндеттi.
2. Банктiң жұмыс тәртiбi, оған уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) тағайындалуы, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) өкiлеттiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде өз қызметiн жүзеге асырады.
Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) есебi уәкiлеттi органға және банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.
5. (алып тасталды)
6. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктi тарату комиссиясының төрағасына 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей өткiзiп бередi.
7. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу төрт дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi. <*>
8. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз қызметi кезеңi iшiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан келiсiм шарттарды өзгертуге құқығы жоқ.
9. Банктiң уақытша әкiмдiгiнiң (уақытша әкiмшiсiнiң) және тарату комиссиясының құрамына қосылған уәкiлеттi орган қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi жөнiндегi ақпаратты мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспасөз басылымдарында жариялау жөнiндегi шығыстарды және әдiлет органының мәжбүрлеп тарату және банктiң мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда банктi тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды мұрағатқа өткiзу бойынша банк қызметiнiң тоқтатылғанын мемлекеттiк тiркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, банктердi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және мәжбүрлеп тарату негiзi бойынша банктердiң қызметiн тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 103 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |