Читайте также:
|
|
1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен
лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен
түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi
сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге
асырылады.
2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) өмiрдi сақтандыру;
2) аннуитеттiк сақтандыру;
3) өмiрде белгiлi бiр оқиғаның басталуынан сақтандыру;
4) сақтандырушының инвестициялық кiрiсiне сақтанушының қатысуымен өмiрдi сақтандыру.
3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
2) ауырған жағдайдан сақтандыру;
3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;
4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;
5) әуе көлiгiн сақтандыру;
6) су көлiгiн сақтандыру;
7) жүктердi сақтандыру;
8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру;
9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
10) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
11) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
12) осы тармақтың 9)-11) тармақшаларында аталған сыныптарды
қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру; V074783
13) заемдарды сақтандыру;
14) ипотеканы сақтандыру;
15) кепiлдiктер мен кепiлгерлiктердi сақтандыру;
16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;
17) сот шығыстарынан сақтандыру.
7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны
1. Өмiрдi сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол
сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн не сақтандыру шартында белгiленген
жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды
көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
2. Аннуитеттiк сақтандыру сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа
жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне
байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс
болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке
табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де
жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде шартта белгiленген мерзiм
iшiнде немесе өмiр бойы кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге
асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып
табылады. Аннуитеттiк сақтандыру шарттары бойынша кезең-кезеңiмен
сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру жағдайы сақтандыру төлемдерiнiң
мөлшерiн айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.
3. Жазатайым жағдайдан сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының
2) тармақшасында аталған сақтандыру тәуекелдерiн қоспағанда,
сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсiби аурудың салдарынан қайтыс
болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсiптiк жағынан) қабiлетiн (толық
немесе iшiнара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де
зиян келтiрiлген жағдайларда оның шығыстарын тiркелген сомада және
(немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн
жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
Жазатайым жағдай дегенiмiз - адамның ерiк-жiгерiне қарамастан
басталған, сақтандырылушының организмiне сырттан оның денсаулығына зиян
келуiне, мертiгуiне не өлiмiне әкелiп соққан механикалық, электрлiк,
химиялық немесе термикалық әсер етуi салдарынан кенеттен болған, қысқа
мерзiмдi оқиға (жағдай).
4. Ауырған жағдайдан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1)
тармақшасында аталған сақтандыру сыныптарын қоспағанда,
сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына
байланысты оның шығыстарын тiркелген сомада және (немесе) iшiнара
немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру
көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
5. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-6) тармақшаларында
тiзбеленген көлiк құралдарын сақтандыру көлiк құралын иеленуге,
пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғалардың мүлiктiк
мүдделерiне айдап әкетудi немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның
зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе
толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн
сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
6. Жүктердi сақтандыру жүктi, оның iшiнде багажды, тауарларды
және өнiмнiң басқа да барлық түрлерiн қоса алғанда, иеленуге,
пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне
тасымалдау әдiсiне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуi
салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде
сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң
жиынтығы болып табылады.
7. Мүлiктi сақтандыру мүлiктi иеленуге, пайдалануға, оған билiк
етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне осы Заңның 6-бабы
3-тармағының 3)-7) тармақшаларында тiзбеленген мүлiктi қоспағанда, оның
зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтiрiлген залалды
iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге
асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
8. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында
көзделген көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн қоса
алғанда, үшiншi тұлғаларға өзi көлiк құралын пайдалануға байланысты
келтiрген залалды өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк
мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде
сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң
жиынтығы болып табылады.
9. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру осы Заңның
6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында аталғандарды қоспағанда,
барлық тәуекелдердi сақтандыру салдарынан үшiншi тұлғаларға келтiрiлген
залалды өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне
келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру
төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып
табылады.
10. Заемдарды сақтандыру сақтанушының, (заемшының) кредитор
алдындағы мiндеттемелерiн орындамауы салдарынан кредиторға шығын
келтiрiлуi кезiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн
сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша
кепiлдiк мүлiк болып табылатын тұрғын үйдiң нарықтық құны төмендеген
жағдайда заемшының ипотекалық тұрғын үй заемы шарты бойынша
мiндеттемелердi орындамауы салдарынан кредитордың мүлiктiк мүдделерiне
келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру
төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрi болып табылады.
12. Кепiлдiктер мен кепiлдемелердi сақтандыру берiлген
кепiлдiктер мен кепiлдемелердi орындау мiндетi салдарынан кепiлдiк
немесе кепiлдеме берген тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген
залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн
жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 221 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |