Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гликогеннің биосинтезі және мобилизациясы.

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  4. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  5. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  6. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  7. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  8. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  9. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.
  10. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Гликогеннің синтезі барлық ұлпаларда емес, тек бауыр, бұлшықет және лейкоциттерде ғана өтеді.

Глюкоза-6-фосфат түзілгеннен кейін (гексокиназалық реакция) фосфор қышқылының молекулаішілік орын ауыстыруы өтеді де фосфаттық топ 6-шы жағдайдан 1-ші жағдайдағы көміртегі атомына ауысады. Глюкозо-1-фосфат түзіледі. (фосфоглюкомутаза ферменті катализдейді).

Келесі реакцияда УТФ молекуласы қатысуымен активтелген УДФ-глюкоза түзіледі. Сонан кейін, УДФ-глюкозадағы глюкоза гликогенсинтетаза ферменті катализдеуімен гликогеннің бір тармағына қосылып, оны бір глюкозалық фрагментке ұзартады. Гликоген крахмалмен салыстырғанда күшті тармақталған. Оның тармақтарының қалыптасуын арнайы «гликоген тармақтаушы» фермент атқарады.

Гликогеннің молекуласы «нольден» синтезделмейді, ал біртіндеп ұзаруы праймерден немесе «ұйытқыдан» басталады. Сондықтан гликогеннің ыдырауы оның молекуласының толық жұмсалуымен аяқталмайды.

Гликоген молекуласына 1 глюкоза қалдығын қосу үшін 2АТФ молекуласы жұмсалады. Гликогеннің ыдырауында бұл АТФ-тар қайта қалпына келмейді.

Гликоген синтезінің негізгі ферменті гликогенсинтаза. Бұл «екінші» бақылау нүктесі.

Гликогенсинтетазаның реттелуі: ол глюкозо-6-фосфаттың-артық мөлшерінен активтелінеді. Сондықтан, бұл қосылыстың басқа жолдарға жұмсалуы аз болса, онда гликоген синтезінің жылдамдығы жоғары болады. Гликогенсинтаза катализдейтін реакция қайтымсыз.

Белгілі бір жағдайда гликоген ыдырауға қабілетті. Бұл айналма жолмен өтеді. Оның негізгі ферменті гликогенфосфорилаза (фосфорилаза). Бұл фермент гликоген молекуласын фосфор қышқылы қатысуымен глюкозо-1-фосфаттық фрагменті бөлінуін катализдейді.

6Н10О5)n+Н3РО4=(С6Н10О5)n-1+глюкозо-1-фосфат

Фосфорилаза гликоген ыдырауының шектеуші немесе реттеуші ферменті. Оның реттелуі: АТФ-тің артық мөлшерінде тежеледі, ал АДФ артық мөлшерінде активтелінеді.

 

Бауырдағы және бұлшықеттегі гликогенолиздің физиологиялық маңызы әртүрлі. Бұлшықет глюкозасы соның жасушасы үшін глюкозаның көзі. Бауырдағы глюкоза, негізінен, қандағы глюкозаның физиологиялық концентрациясын ұстауға жұмсалады. Ерекшелігі бауырда глюкозо-6-фосфатаза ферменті болады, сондықтан ол глюкозадағы фосфаттық топты бөле алады, ал бұлшықетте бұл фермент болмайтындықтан гликоген тек глюкозо-6-фосфатқа дейін тотығады және ары қарай жасушада жұмсалады




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 382 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

The balance sheet | The income statement | The statement of cash flows | Consolidated statements |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав