Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Су қоймаларындағы тасындылар шөгіндісі

Су қоймаларының тасындыларға толу процесі лайлану деп аталады. Су қоймаларында оның лайлану процесі кезінде қалыптасқан шөгінділер лайлану денесін құрайды.

Тасындылардың шөгуі мен лайлану денесінің қалыптасу процестері бірқатар факторларға тәуелді: су қоймасының өлшемдері мен пішіні, жағасының орнықтылығы, өзен тасымалдайтын тасындылардың гранулометриялық құрамы және ағын режимі, су қоймасының толуы мен босатылу режимі және т.б. Су қоймасының ұзына бойы лайлануы біркелкі емес.

Тежелу қисығы шығатын жоғарғы учаскесінде түптік ілеспе және ірі фракциялы (қиыршық тас, малта тас) қалқыған тасындылар шөгеді. Олар жинала келе шөгінділер қыратын пайда қылады. Ол өз кезегінде су бетінің еркін қисығының өзгеруіне, ағыс бойынша жоғары тежелудің өзгеруіне және лайлану денесі өсуіне алып келеді. Жоғарғы учаскенің лайлану нәтижесінде су қоймасының пайдалы көлемі азаяды, таяз су аймағы ұлғаяды, суға бату және су басу шекаралары кеңейеді. Осы учаске тежелу таралудың жалпы ұзындығының шамамен -не созылады.

Орта учаскеде су басқан жайылма шегінде өте қарқынды лайдану жүреді. Мұнда аз тереңдіктер мен ағыс жылдамдықтары әсерінен тасындылар шөгу жағдайы ең қолайлы Тасындылар негізінен сай-жыра жүйесі және бүйірлік ағыстармен келіп түседі. Лайлану негізінен қалқыған тасындылар (құм, саздақ, саз түйіршіктер) есебінен жүреді. Бұл учаске де тежелу ұзындығының шамамен -не созылады.

Төменгі учаске бөгетке тікелей қабысып, едәуір енімен, үлкен тереңдігімен және судың еркін бетінің аз еңістігімен сипатталады. Бұл учаскеде лайлану негізінен диаметрі d<0,01 мм саз және лай бөлшектердің майда фракциялары шөгуі есебінен жүреді. Бұлар түптік ағыс әсерінен бөгетке қарай жылжып отырады. Бөгетке жақындаған сайын, бұл ағын бұзылып, тасындылардың басым бөлігі су қоймасы ыдысына шөгеді, ал қалған бөлігі көтеріліп төменгі бьефке шығарылады. Жағаға жақын бөлікте су деңгейнін желқума мен желбөгет тербелістері және толқындық құбылыстар әсерінен пайда болатын жағалар өзгерісі өнімдерінің (құрама, жылжыма, сусыма) біртіндеп шөгуі орын алады. Төменгі учаске тежелудің ұзындығының жартысына дейін созылады.

Орташа алғанда су қоймасында түптік және қалқыма тасындылардың шамамен 90-95% ұсталып қалады.

Лайлану процесіне су қоймасының толу және босатылу кезіндегі су деңгейлері тербелісінің үлкен әсері бар. Су қоймасы босатылғанда еңістік пен ағыс жылдамдығы өсіп, шөккен тасындылар бөгетке қарай жылжиды. Сөйтіп, біртіңдеп және үздіксіз өлі көлемді толтыра бастайды. Су қоймасын толтыру кезінде, ондағы тежелудің шығуы бөгеттен қашықтап, тасындылар шөгуге жағдай туады. Лайлану жүрісіне жылдың немесе маусымның сулылығының өзгеруі де әсер етеді. Уақыт өткен сайын су қоймасының өлі көлемі толық лайдануы мүмкін. Тасындылар өлі көлем деңгейінен жоғары шөге түсіп, пайдалы көлемді азайтады сонысымен су қоймасының қалыпты жұмыс режимін бұзады. Су қоймасы тасындыларға тола бастағанда, ондағы ағыс, жылдамдығы артып тасындылардың бір бөлігін су қоймасына тоқтатпай ағызып әкетеді. Бұл лайлану қарқындылығын төмендетеді. Су қоймасындағы тасыңдылардын тұрақталған режиміне сәйкес келетін шекті лайлану көлеміне шөгінділер жеткенде лайлану процесі тоқтайды. Лайлану салдарынан пайдалы көлемінің 70-80% жоғалтқан су қоймасы енді қайтып өз қызметін қалыпты атқара алмайды.

 

 

 


Лекция№5

Су қоймадағы судың жоғалуы.

Су қ­оймасынан су ысырапталу ағыннан едәуір үлесті құрайтынын көптеген ғалымдар дәлелдеген. Сондықтан су қоймаларын жобалау және пайдалану кезінде су ысыраптарын азайтуға бағытталған тиімді шараларды жасау мен іске асыруға көп назар бөлінуі қажет.

Қосымша булануға кететін ысыраптарды су қоймасы периметрі бойына ағаштар, қорғаушы орманжолақтарын отырғызу және су қоймаларын терең қазындыларға, жағалары тік шұңқырларға жасау жолымен азайтуға болады. Осы іс-шаралар жел жылдамдығы мен ауа ағысы үдеуі ұзындығын кішірейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесіңде буланудың мәні мен қарқынын азайтады.

Жылдың ыстық кезеңдері қыздырылатын таяз жерлер ауданынан судың үлкен көлемі жоғалады. Осы ысыраптарды таяз сулы аймақтарды бөліп тастау жолымен, егер ол су қоймасының пайдалы көлемін көп кішірейтпесе, азайтады. Булануға кететін ысыраптарды су қоймасының ағымдылығын өсіріп, су өсімдіктері алқабын жою жолымен де азайтуға болады.

Су қоймасы табаны арқылы сүзілуге кететін су ысыраптарын азайту үшін, оны түрлі су өткізбейтін киімдермен (сазбетон, битум, сұйықшыны, полиэтилен таспа) жауып, илеулі зат ерітінділерін сідіріп, тығыздап, кольматация жасап су өткізгіштігі нашар топырақ қабаттарын жасайды. Су қоймасы ыдысын құрайтын жыныстардағы сызаттар немесе қуыстарды түрлі қоспалармен (цемент-бентонит, май-бентонит, саз-цемент) толтырады.

Тежеуші құрылымдарды айналып өту және оның табаны арқылы болатын сүзілулерді шпунт қабырғаларын, цементтік перде, диафрагмалар және т. б. құру арқылы жоюға болады.

Су қоймасынан болатын ысыраптарды азайтуға бағытталған барлық іс-шаралар техника-экономикалық есептеулермен негізделуі тиіс.

 

Лекция №6

Қыстың кезінде суқоймадағы судың жоғалуы

Су қоймасының өлшемдерін сипаттайтын параметрлерін су шаруашылық есептеудің негізінде белгілейді. Бұл кезде су қоймасындағы толық су көлемін өлі және пайдалы деп бөлу қабылданған.

Өлі көлем (VӨКД) – бұл пайдаланудың қалыпты жағдайларында жұмыс істемейтін (босатылмайтын) және ағынды реттеуге қатыспайтын су қоймасының толық көлемінің тұрақты бөлігі. Осы көлемді үстіңгі жағынан шектейтін су бетінің деңгейін өлі көлем деңгейі деп атайды (ӨКД).

Бұл пайдаланудың қалыпты жағдайларында, оған дейін босатылуы мүмкін су қоймасының ең кіші деңгейі.

Пайдалы көлем (Vпайд) – ағынды реттеуге арналған және пайдаланылатын су қоймасының негізгі көлемі. Ол үстіңгі жағынан қалыпты тежелген деңгей (ҚТД), яғни гидротехникалық құрылымдарды пайдаланудың қалыпты жағдайларында ұсталып тұруы мүмкін жоғарғы бьефтің ең жоғарғы жобалық тежелген деңгейімен, ал төменгі жағынан өлі көлем деңгейімен шектелген.

Су қоймасының толық көлемі ҚТД белгісіне сәйкес келеді және пайдалы мен өлі көлемдердің қосындысына тең:

(2.1)

Гидротехникалық құрылымдарды пайдаланудың төтенше жағдайларында жоғарғы бьефте уақытша рұқсат етілетін қалыптыдан биік тежелген деңгейді тасқынды тежелген деңгей деп (ТТД) деп атайды. Ол, резервті (қосалқы) көлем (VТТД) деп аталатын су қоймасындағы ҚТД-дан биік жатқан су көлемін үстіңгі жағынан шектейді.

Су қоймасын су шаруашылық есептеудің басты міндеті – пайдалы көлемді Vпайд анықтау және ҚТД белгісін таңдау. Пайдалы көлем – бұл су тұтынушыларды кепілді қамтамасыз ету мақсатында ағынды реттеуге арналған су қоймасының жұмыс көлемі. Ол су қоймасының арналуына, ағынды реттеу түріне тәуелді және есепті ағын мен жиынтық су тұтынуды салыстыру жолымен табылады. Пайдалы көлемнің ҚТД белгісін анықтау кезінде басты мәні бар. ҚТД-ға қатысты су қоймасының жұмысы мен оның жағаларында орналасқан нысандарды инженерлік қорғауды қамтамасыз ететін гидротехникалық құрылымдардың беріктігі мен өлшемдерін, өткізу қабілетін есептейді; су басу, су жайылу мен жағалар шайылуының ел экономикасына келтіретін зиянын белгілейді; ағынды реттеудің экономикалық көрсеткіштерін бағалайды. Ақырында ҚТД әр түрлі варианттарды техника-экономикалық салыстыру нәтижесінде қабылдануы тиіс.

Өлі көлем VӨКД мен оған сәйкес өлі көлем деңгейін бірқатар жағдайлар мен ұстанымдарды ескеріп анықтайды.

Тасқындылардың үлкен көлемін тасымалдайтын өзендерге су қоймасының есепті қызмет мерзімі (су қоймасы арналуына байланысты ұзақтығы 25-тен 50 жылғы дейін қабылданады) бойына пайдалы көлемнің азаюын болдырмау үшін қатты ағынды жинауға өлі көлем қажет.

Коммуналды – тұрмыстық және балық шаруашылығына пайдаланылатын су қоймаларында ӨКД белгісі мен мәнін анықтайтын басты факторлар болып санитарлық-техникалық талаптар мен судың қажетті сапасын қамтамасыз ету жағдайлары табылады.

Су қоймаларын шөп басу, су қызу және жаз уақытында олардағы гидрохимиялық режимдері нашарлауын болдырмау үшін ӨКД кезіндегі орташа тереңдік 2,0...2,5 метрден (тоғандарда – 1,5...2,0) кем, ал тереңдігі 2 м төмен тайыз жерлер ауданы су қоймасының 30%-нен үлкен болмауы керек.

Су қоймасын су көлігі мақсатында пайдаланғанда ӨКД-ді кеме жүруге қажетті тереңдіктерді қамтамасыз ететін ең кіші навигациялық деңгей деп қарастырылуы тиіс.

 

Лекция№7




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 94 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ызылора, 2014 ж. | Лекциялық /дәрістік/ сабақтардың мазмұны | Студенттің өзіндік жұмысы | Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы | Аралық бақылауды тапсыру кестесі | АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 2 страница | АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 3 страница | АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 4 страница | Су тасу ағынын реттеу есептеулері | АҒЫНДЫ ӨТЕМДІК ЖӘНЕ КАСКАДТЫ (САТЫЛЫ) РЕТТЕУ |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав