Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Су тасу ағынын реттеу есептеулері

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. АҒЫНДЫ ӨТЕМДІК ЖӘНЕ КАСКАДТЫ (САТЫЛЫ) РЕТТЕУ
  3. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 1 страница
  4. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 2 страница
  5. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 3 страница
  6. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 4 страница
  7. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  8. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
  9. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
  10. Агробизнесті мемлекеттік реттеу

В.М. Потапов ұсынған тәсілді қарастырайық. Тасқын кезеңінің барлығын бойында құйылма Q мен Qст тастау өтімдері сызықтық заң бойынша өзгереді (9.1-сурет) деп есептеуге болатын ақырғы уақыт интервалдарына ∆t бөледі. Бұл кезде есепті интервалдардың шекараларының біреуін тасқынның есепті гидрографының ең үлкен ординатасымен қабыстырған тиімді және интервалдарды бірдей етіп алу керек.

Бұл жағдайда (9.1) теңдеуді келесі түрде көрсетеміз:

 

Лекция№28

 

Диспетчерлік график

Су қоймасын пайдалану кезінде есептіден қандайда бір айырмашылығы бар режимдермен жұмыс жасауға тура келеді. Суы көп жылдар мен кезеңдерде артық сулар пайда болады, оларды ағынды тұрақты септі қайтарымға реттеу кезінде су қоймасынан қашыртады (тастайды). Сондықтан, су қорларын тиімді пайдалану үшін, пайдалану жағдайында айнымалы қайтарымға өтеді. Жоғарылайтын қайтарымның тұтынушылары гидроэлектростанциялар, су көлігі, елді мекендерлі сумен жабдықтау, жерлерді суландыру мен құрғату болуы мүмкін.

Су қоймасы режимін басқару үшін арнайы ережелер жасалады, олардың негізінде пайдаланушылық (эксплуатациялық) қызмет жылдың кез келген уақытында кепілді су қайтарымды қамтамасыз етеді, артық суларды, олардың қайтарымды көтеруге пайдалану мүмкіндігін анықтайды, есепті қамтамасыздық шегінен тыс қайтарымның үзілістерін азайтады, бос су қашыртуды төмендетеді (болдырмайды), су қоймасы толуының ҚТД және ТСД белгілерінен асып кетуіне жол бермейді. Осы ережелердің негізгі құжаты - су қоймасының диспетчерлік графигі.

Диспечерлік графикті түрлі гидрологиялық жағдайларда су қоймасының жұмысының мүмкін режимдерін талдау негізінде тұрғызады. Ордината осіне су қоймасындагы су көлемін (деңгейін), ал абцисса өсіне — жылдың айларын (онкүндіктерін) түсіреді. График аумағы қисықтар легімен бірнеше аймаққа бөлінген, олардың әрқайсысы су қоймасының белгілі қайтарыммен жұмыс істеу режиміне сай келеді: 1-кепілді q=qp; 2-жоғарылатылған qb>q>qр, 3-толық жоғарылатылған q=qb, 4-шектелген (кесілген) q<qp.

 

 

 

 


Аймақтар сәйкес сызықтармен шектелген. Жоғары үзіліске қарсы сызық 1-аймақты 2-аймақтан ажыратады. Оның екі бұтағы бар: толу (7.9-сурет, ав) және босатылу (7.9-сурет. вс). Толу бұтағы су қоймасы пайдалы көлемінің тасқын аяқталу кезінде толтырылуын қамтамасыз ету мақсатында тұрғызылады. Босатылу бұтағының арналуы - кепілді қайтарым аймағын шектеу, су қоймасының шамадан тыс босатылуына жол бермеу және жоғарылатылған қайтарым аймағына негізсіз өтудің алдын алу.

Төменгі үзіліске қарсы сызық 1 және 4 аймақтар арасында шекара болып табылады. Оның да екі бұтағы бар. Толу бұтағы (de сызығы) су қоймасының толтырылуын қамтамасыз ету және сындарлы аз сулылықтың аяқталуынан кейінгі кезенде кепілді қайтарымды ұстап тұру үшін тұрғызылады. Босатылу бұтағы (еf сызығы) суы аз кезеңде су қоймасының рұқсатты босатылуын шектейді және шектелген қайтарым аймағына негізсіз етуді болдырмайды.

Тастауға қарсы сызық 2-аймақты 3-аймақтан бөліп тұр. Толу бұтағы (ад сызығы) су қоймасының өте жылдам толуын болдырмайды, яғни бос сутастауды тым азайтады. Босатылу бұтағы (hс сызығы) келе жатқан тасқынның жоғары суларын жинау үшін су қоймасының пайдалы көлемінің тасқын алдындағы босатылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берсді. Бұдан басқа, диспетчерлік графикке апатқа қарсы сызықты жиі түсіреді, оның арналуы - ТСД белгісінен асып кетуге жол бермеу.

Су қоймалары жұмысын басқаруға арналған графиктерді құрастыру әдістемесін жасағаңдар: С. Н. Крицкий мен М. Ф. Менкель, В. А. Бахтияров, Я. Ф. Плешков, П. А. Ляпичев.

Диспетчсрлік графиктерді жасағанда жылды, шегінде су қоймасының маусымдық көлемінің босатылуы мен толуы іске асатын, фазаларга бөледі. Көпжылдық және маусымдық (жылдық) реттеулерде маусымдық көлемнін босатылуымен барлық азсулы кезең қамтылады, алжылдың қалған бөлігінде су қоймасының толуы іске асады. Бұл кездері фазалардың жалпы ұзақтығы жылға тең: tм+tп=tж. Фазаларды анықтау орташа даталарға көңіл аудара отырып күнтізбелік шекараларда жүргізілуі керек. Фазалар шекарасын көбінесе ай басымен қабыстырады. Бұдан соң бақлаулар мәліметтерін фазалар бойынша сәйкес параметрлерді анықтай отыра статистикалық өңдейді: тасқын және аз сулы кезеңнің орташа ағынын, симметриясыздық СS және өзгерудгілік СV коэффициенттерін.

Диспетчерлік графикті ессптеу мен тұрғызуды жоғарғы және төменгі үзіліске қарсы сызықтардың босатылу бұтағынан бастау керек. Күнтізбелік қатардын аз сулы кезеңдегі ағындары W есепті шамасына жақын 5...8 жылды таңдап алады. Бұл жылдардың аз сулы кезеңдерінің Qмi өтімдерін, оларды Wрм/Wмi қатынасына көбейту жолымен берілген есепті қамтамасыздыққа келтіріл qі кепілді қайтарым өтімімен салыстырады. Әр таңдап алынған жыл үшін су қоймасының ӨКД белгісіне дейін босатылу сәтінен бастап артқа қарай жүріп, яғни уақыт ағысына қарсы, үзіліске қарсы сызықтың босатылу бұтағының ординаталары анықталуы тиіс. Бұдан сызықтар легі (5...8) шығады. Барлық тұрғызылған сызықтарды жоғарғы айналушыны жоғары үзіліске қарсы сызықтың босатылу бұтағына, ал төменгі айналушыны-төменгі үзіліске қарсы сызықтың босатылу бұтағына баланатыны түсінікті.

Жоғарғы үзіліске қарсы сызықтың толу бұтағын тұрғызу үшін гидрологиялық қатардың жылдар санынан тасқын фазасындағы ағыны Wnp=Wp-Wмp есепті шамасына жақын және тасқыны ерте немесе кеш мерзімдерде келетін жылдарды іріктеп алу қажет.

Бұл жылдардың өтімдерін Wnp/Wni қатынасына көбейту жолымен есепті қамтамасыздыққа келтіріп, кепілді қайтарым өтімімен qp салыстырады. Сонан соң жылдарды екі топқа тасқын келу уақыты (ерте мен кеш) бойынша бөліп таратады және әр топ үшін артқа жүрумен берілген қайтарымда qp cy қоймасына ағынның мүмкін жиналуының сызықтарын есептен тұрғызады. Сызықтарды ҚТД белгісінен су қоймасының рұқсатты босатылуының ең төменгі нүктесіне дейін жүргізу керек.

Ерте және кеш тасқындарға жататын бірнеше тұрғызылған ағын толу сызықтары арқылы жоғарғы және төменгі айналушыларды жүргізіп, оларды сәйкес ерте және кеш тасқындағы жоғары үзіліске қарсы сызықтың толу бұтағы деп қабылдайды.

Шектелген (кесілген) қайтарым аймағының төменгі шекарасы - ӨКД. Бұл аймақ шегінде, диспетчерлік графикасы жоғарыдан төмен орналасушы сәйкес сызықтармен шектелген, кесілген қайтарымның екі (немесе одан көп) сатысын тағайындайды. Төменгі үзіліске қарсы сызықпен қабысатын жоғарғы сызық кепілді қайтарымға тең су өтіміне ауысу қажеттігін анықтайды. Төменгі жақта қайтарымды шектейтін сызық тұрғызылуы керек.

Тастауға қарсы сызықты үзіліске қарсы сызыққа ұқсас тұрғызады. Бірақ бұл кезде бақылаудың статистикалық қатарынан көпсулы жылдағы суы аз кезені және көпсулы жылдағы тасқыны бар жылдарды алады, олардың қамтамасыздықтары 100-ра, мұнда ра - кепілді қайтарым қамтамасыздығы. Ағынды есепті шамаларға келтірілгеннен кейін су қоймасының босатылуы мен ағын толуы сызықтары легін артқа қарай жүріп тұрғызады. Осы сызықтарды төменгі айналушыларды үзіліске қарсы сызықтың босатылу бұтағы (тасқын үшін) ретінде қабылдау қажет.

Ағында көпжылдық реттеу кезінде жыл сайынғы диспетчерлік босатылу пайдалы көлемінің тек бір бөлігін құрайды. Көпжылдық құраушы босатылмайды және азсулы жылдар басталу жағдайына қажет өтпелі су қоры ретінде сақталатынын айта кеткеніміз жөн.

Су қоймасын басқару тәжірибесіне диспетчерлік графиктерді батиграфиялық сипаттамалармен бірлесе қолданады. Су қоймасындағы су қорын V(H) қисығы көмегі арқылы су деңгейі бойынша анықтап, диспетчер бақылау сәтіне сәйкес нүктені диспетчерлік графикке түсіріп және нүкте графиктің кай аймағына түскеніне байланысты тұтынушыларға су беру (қайтарым) өтімдері туралы шешім қабылдауы тиіс.

Диспетлерлік графиктерді есептеп тұрғызу - өте еңбекті көп қажет ететін іс, бұдан басқа үлкен тәжірибе мен дағдыны да талап етеді. Қазіргі уақытта бұл процесс математикалық үлгі мен стандартты бағдарламалар кешені арқылы компьютерде жүргізілетінін айта кетуіміз керек.

 

Лекция№29

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 58 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ызылора, 2014 ж. | Лекциялық /дәрістік/ сабақтардың мазмұны | Студенттің өзіндік жұмысы | Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы | Аралық бақылауды тапсыру кестесі | Лемдік және Қазақстанның ең ірі су қоймалары | Су қоймаларындағы тасындылар шөгіндісі | АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 1 страница | АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 2 страница | АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 3 страница |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав