Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Читайте также:
  1. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  2. Анатомиялық түзілістердің көрсетілген ретіне сәйкес жазыңыз.
  3. Анатомиялық түзілістердің көрсетілген ретіне сәйкес жазыңыз.
  4. Асты сызылған сөзбен мәндес нұсқаны табыңыз.
  5. Бап. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгін ерiктi растау
  6. Бап. Сәйкестiк туралы декларация
  7. Бап. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар
  8. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
  9. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны тандаңыз.
  10. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Ерсін туристік фирмаға не үшін келді?

A) Фирманың бағдарламасымен танысу үшін

B) Жұмысқа орналасу үшін.

C) Жарнама беру үшін.

D) Фирма қызметкерлерімен жақын танысу үшін.

Е) дұрыс жауабы жоқ.

 

Туризм – кез келген мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік – қоғамдық өмірінде ерекше орын алатын сала. Кез келген елдің халықаралық байланыстары мен экономикасын дамытуға туризм өзіндік үлесін қоса алады. Сондай – ақ, сыртқы сауда байланысын арттыру мен жұмыс орындарының анағұрлым мол ашылуы секілді мәселелерге аталмыш сала өз әсерін тигізеді. Мемлекетімізде туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Елімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей өркендеп келеді. Халқымыздың әл – ауқаты артып, ел экономикасы дамығалы еліміздің азаматтары да туристік сапарларға жиі шығатын болды.

Туристік сапарларға арналған фирмалар біздің қалада көп. Тедедидар жарнамалары арқылы туристік фирмалармен танысуға болады. Ерсін де теледидар жарнамалары арқылы бірнеше туристік фирмалармен танысып шықты. Ол достарымен ақылдаса келе биылғы кезекті еңбек демалысында отбасымен туристік сапарға шығуды жөн көрді. Туристік сапарға шықпас бұрын туристік бағдарламамен танысу керек. Ол өзі таңдаған «Саяхатшы» туристік фирмасының бағдарламасымен танысу мақсатында фирмаға барып келді. «Саяхатшы» туристік фирмасы Абай даңғылының бойында орналысқан екен. Абай даңғылының бойында үлкен ғимараттар өте көп. Солардың бірі – Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы театр. Ерсін іздеген туристік фирманың кеңсесі де осы театр жанында орналасқан екен. Ерсін көп қиналмастан «Саяхатшы» фирмасының кеңсесін тез тауып барды. Әріптестік байланыс орнату арқылы жұмыстың сапасын арттыруға болады. «Саяхатшы» туристік фирмасы да қаламыздағы барлық туристік фирмалармен тығыз байланыста еңбек етеді. Фирма қызметкерлері де сыпайы, мәдениетті екен. Олар келушілерге сапалы қызмет көрсетуде. Ерсінге қызмет көрсеткен Жанар өз ісінің нағыз білгірі екен. Ол лезде Ерсінді қызықтырған сауалдарға жауап беріп, еліміздегі демалыс орындар туралы толық мәлімет берді. Туристік фирмалардың жеңілдіктерін пайдалану арқылы табысы орташа адамдар да алыс сапарларға баруына болады.

Ерсін ойлана келе Көкшетауға барып демалуды жөн көрді. Ол бала күнінен Бурабай көлдерін, әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтасты көруге құмартушы еді. Көкшетауды «Қазақ Швейцариясы» деп атайды. Бұл – атына заты сай жер. Көкшенің биік таулары, тұнық мөлдір көлдері, хош иісті гүлдер мен жидекке толы ормандары көрген адамды таңдандырады. Көкшетаудың солтүстік батысында «Алтын тоғай» атты туристік база бар. «Бурабайға» баратын жол орманның арасынан өтеді. Жлдың бойында өсіп тұрған ару ақ қайыңдар, қарағайлы ормандар, күміс күлкісімен сылдырап ағып жатқан мөлдір бұлақтар көздің жауын алады. «Бурабай» - минералды суларымен, шипалы балшығымен белгілі аймақ. Көкшетаудың әсем табиғаты - барша қазақстандықтардың мақтанышы. Оның жұпар ауасы – дертке дауа.

Ерсін отбасы мүшелеріне, әсіресе, ұлы мен қызына отанымыздың көрікті аймағы Көкшені көрсеткісі келді. Өйткені ол балаларының өз елінің нағыз патриоты болып өскенін қалайды.

Туристік сапарларға ұшақпен барған тиімді. Ерсін отбасымен Бурабайға ұшақпен баратын болды.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 261 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Толымды және дұрыс жауапты белгілеңіз. | Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. | Лкен кісілердің жастарға білдіретін ризашылығы. | Істің орныдалу мезгіліне қатысы бар сөйлемді қойыңыз. | Шартты мәндегі құрмалас сөйлемді табыңыз. | Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. | Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз. | Сөйлемді аяқтаныз. | Мәтінде жауабы бар сұрақты тандаңыз. | Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав