Читайте также: |
|
1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар қолданылмайтын өнiмнiң, процестердiң сәйкестiгiн ерiктi растау өтiнiм берушiнiң бастамасы және талаптары бойынша жүргiзiледi.
Сәйкестiктi ерiктi растау, егер бұл техникалық регламентте белгiленсе, өнiмнiң сәйкестiгін мiндеттi растауды алмастыра алмайды.
2. Сәйкестiктi ерiктi растауды сәйкестiктi растау жөнiндегi орган шарт негiзiнде жүргiзедi.
3. алып тасталды
Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
5-тарау. СӘЙКЕСТIКТI РАСТАУ ЖӨНIНДЕГI ОРГАНДАРДЫ ЖӘНЕ
ЗЕРТХАНАЛАРДЫ АККРЕДИТТЕУ
Бап. Аккредиттеу
Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап. Аккредиттеу аттестаты
Ескерту. 36-бап алып тасталды - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРДЕ БЕЛГIЛЕНГЕН ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТIК
БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ
Бап. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар
1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау) уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi өзге де мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi, олардың лауазымды адамдары өткiзу сатысындағы өнiмге қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары:
1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткiзудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөнiндегi ықпал ету шараларын қолданады;
3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шараларды жеке, заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі органның хабарламалары бойынша ғана жүргізеді.
Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 88 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |