Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

БІР ОТБАСЫНА – 13,5 МЫҢ ДОЛЛАР

Читайте также:
  1. Dollar Index Cash (Индекс Долларовой Наличности), Покупка Первого Типа
  2. Вклады в долларах и евро можете делать с гривны даже если Вы не верифицированы. Не знаете как – обращайтесь, подскажу.
  3. ВОЛШЕБСТВО НА 100-ДОЛЛАРОВОЙ КУПЮРЕ
  4. Доллары, и ничего больше
  5. ЕВРОДОЛЛАР, БЛИЖАЙШИЕ ФЬЮЧЕРСНЫЕ КОНТРАКТЫ
  6. И в самом деле! Если вы тратите $12.000 на машину и затем, три года спустя, меняете эту машину, вы не потеряете и доллара.
  7. Как вы исполняете такой большой ордер, как 2 млрд долларов? Как вообще вы можете получить ко­ тировку бид/аск для такой суммы?
  8. Как я собрал 22500 долларов за один день
  9. Миллиардов долларов на возрождение арийцев

Алматы қалалық еңбек инспекциясы және көші-қон комитетінің аты-жөнін жарияламауды өтінген қызметкері Азаттық тілшісіне «2014 жылдың 29 наурызда шыққан Үкіметтің «Оралмандарды жайғастыру өңірлерін айқындау туралы» №248 қаулысы негізінде «Өзге өңірлерге келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру» тоқтатылсын» деген бұйрықтың 8 сәуірден бастап күшіне енгенін» айтты.

Қалалық көші-қон комитетінің өкілінің түсіндіруінше, осыған дейін сырттан көшіп келіп жатқан қазақтарға құжаттары бойынша оралман мәртебесі енді тек үкімет белгілеген 7 облыста тұруға келіскен репатрианттарға беріледі.

«7 облыстан бөлек жерде тұрғысы келген репатриант қазақтар бізге (көші-қон комитетіне) емес, көші-қон полициясына барып тіркеледі. Ол жерде оларды көші-қон заңының жалпы шет елдіктерді тұрақты тіркеуге алу тармағы бойынша рәсімдейді» деді Алматы қалалық еңбек инспекциясы мен көші-қон комитетінің өкілі.

"Оралман", Сәбиттің карикатурасы


Азаттық тілшісі репатрианттарға қатысты жаңа ереже туралы Алматы қалалық көші-қон полициясының басшысынан комментарий алуға тырысты.

«Бастық демалыста» деп жауап қатқан аты-жөнін айтпаған көші-қон полициясы қызметкерлерінің бірі: «Шет елден көшіп келген және үкімет белгілеген 7 облыстан бөлек өңірде тұрғысы келетін қазақ ықтияр хат алар кезде шетел азаматы ретінде төлем қабілетін растауы қажет. Ол үшін оның есепшотында кем дегенде 2 миллион 444 мың теңге (13,5 мың АҚШ доллары) болуы тиіс» деген ақпарат берді.

Ескерте кететін жайт - бұл сома бір адамның емес, бір отбасының төлем қабілетін айқындайтын қаржы деп қарастырылған.

«БАРЫП ТҰРҒАН ҚИЯНАТ»

Оралмандардың әлеуметтік құқығын қорғаумен айналысатын республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Бодаухан шетелден көшіп келетін этникалық қазақтардың Ресей мен Беларусьтен қоныс аударушы шетелдіктердікі ғұрлы құқығы жоқтығын айтып қынжылады. Ол жаңа ережені «барып тұрған қиянат» деп сипаттады.

«Ресей мен Беларусь мемлекеттерімен арада арнайы халықаралық келісім бар. Аталған мемлекеттерден Қазақстанға тұрақты тұруға келушілер ықтияр хат немесе азаматтыққа өтініш беретін болса, олар төлем қабілетін растаудан босатылған. Олар үшін арнайы бекітілген өңірлер де жоқ» дейді ол.

Моңғолиялық оралман паспортындағы балаларының суреттері


Қайрат Бодаухан сияқты бірқатар оралмандар мен олардың құқығын қорғаушы белсенділер Украина мен Қырымдағы соңғы саяси оқиғалардан соң Ресейдің орыстілді шетелдіктерге азаматтықты оңай, әрі жылдам түрде беру ережесін қабылдағанын мысал етеді. Дәл осындай жағдайда Қазақстанның шеттен келетін этникалық қазақтардың тұратын өңірді таңдау еркін шектеп, азаматтықты қоныс аударған соң тек төрт жылдан соң ғана беретін заң қабылдауын қисынсыз санайды.

«БӘРІБІР КӨШЕМ»

Ал мал бағып, қоңыр төбел тіршілік кешіп жатқан моңғолиялық қазақ Аманжан Төлеубай 2 миллион теңгеден астам қаржы жинай алмайтынын айтады. Бірақ ол бәрібір атажұртына қоныс аударуды ойлап отыр.

«Енді қайтем, сол жақтағы (Қазақстандағы – ред.) туыстарыммен бір жерде тұруды жазбаған шығар. Не болса да қазақ үкіметі белгілеген өңірлердің біріне көшіп баруға бекіндім. Жиған-тергенімді жолға салам» деді ол Азаттыққа.

Қаулыда аталған 7 облыста жыл сайын келгендерден кеткендердің саны көбейіп барады. Оралмандарға бұл облыстарда баспаналы болуға, шаруашылықпен шұғылдануға мүмкіндік мол.


Қазақстан үкіметі наурыздың 20-ы «Оралмандарды жайғастыру өңірлерін айқындау туралы» қаулы қабылдаған еді. Бұл қаулыға сәйкес оралман мәртебесін алып, әлеуметтік жеңілдіктерге қол жеткізгісі келетін шетелдік этникалық қазақтар Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына орналастырылмақшы. Аманжан сияқты бұл облыстарға амалсыздан көшіп баратын оралмандар сол аймақта өмір бойы тұруға міндетті емес. Үкімет қаулысына сәйкес 5 жылдан соң олар өздері қалаған басқа аймаққа қоныс аудара алады.

Бұл өзгерістер туралы сәуірдің 2-сі күні Азаттыққа сұхбат берген Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаев:

«Көші-қон туралы» былтырғы заң қабылданбай тұрып оралмандар Қазақстанның қай өңіріне баратынын өзі таңдады. Сондықтан тең жартысы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысына шоғырланды. Бұл облыстарда тұрғын саны онсыз да көп. Жұмыс, баспана мәселесін шешу қиындау. Сондықтан оралмандар оңтүстікке қоныстанғанымен, одан кейінгі тұрмыс-тіршілігінде қиыншылықтар туды. Ал қаулыда аталған 7 облыста жыл сайын келгендерден кеткендердің саны көбейіп барады. Оралмандарға бұл облыстарда баспаналы болуға, шаруашылықпен шұғылдануға мүмкіндік мол» деген еді.

 

 

Әлем тарихының ресейлік БАҚ-тағы "түрленуі"

Ресейдің мемлекет бақылауындағы «Россия-1» телеарнасы «көрерменді үкіметшіл ұлтшылдықпен, Кремльге ыңғайланып айтылған тарихпен арбап жатыр» деп айыпталады.

«Россия-1» телеарнасы сиюжетінің скриншоты. 31 наурыз 2014 жыл.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 86 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Оралман емес» қазақтарға жаңа талап қойылды| сас мақалалар

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав