Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Діни құқықтық жанұясы

Діни құқық жанұясына Иран, Ирак, Пакистан сияқты мұсылман елдері Үндістан, Бирма елдерінің үнді – құқық жүйелері жатады.

Оның белгілері:

- құқықты шығарушы –қоғам, мемлекет емес, құдай, сондықтан, заңи ережелер бір рет және мәңгілікке беріледі; оларға сеніп, қатан сақтау керек;

- құқықтың қайнар көзі діни - өнегелік нормалар мен құндылықтар, әдетте, Құран, Сүнна, Иджма мұсылмандарға таралса, Шастра, Веда, Ману заңдары үнділерге таралады;

- заңи ережелердің діни, философиялық және мұсылмандық постулаттармен, сондай-ақ жергілікті әдетпен тығыз араласып, бірыңғай мінез – құлық ережелерін білдіруі;

- қайнар көздердің ішінде заңгер – ғалымдардың еңбектері ерекше орын алуы;

- құқықты жеке және жариялы деп бөлінудің болмауы;

- нормативті құқықтық актілер туынды сипатта;

- сот практикасы құқықтың қайнар көзіне жатпауы;

- көбіне адамның құқығына емес, міндетіне негізделуі.

Дет құқықтық жанұясы

Әдет құқықтық жанұясына Мадагаскар, Африканың бірқатар елдерінің құқықтық жүйелері жатады.

Оның белгілері:

- құқықтық қайнар көзі әдет, салт және олар ауызша сипатта, ұрпақтан ұрпаққа беріледі;

- әдет пен салт заңи, мораль және аңыз ережелерінің синтезі;

- әдет пен салт ең алдымен жеке адамның емес, топтың қарым – қатынасын реттейді;

- нормативті актілер туынды сипатта;

- сот практикасы да, туынды сипатта және құқықтық қайнар көзіне жатпайды;

- сот билігі қауымның келісімін қалыптасу идеясын басшылыққа алады;

- заңи доктрина рөлінің төмендеуі;

- әдет пен салттың ескеруі.

 

 

Леуметтік нормалардың түсінігі

Қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың маңызды құралы әлеуметтік нормалар, арап айтқанда құқық нормалары, мораль нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет, салт – дәстүр және ритуал нормалары болып табылады.

Әлеуметтік нормалар бұл адамдардың мінез – құлқын, және олардың ара – қатынасын, ұйымның қызметін реттейтін ережелер. Әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қолданылатын мінез –құлық ережелері.

Әлеуметтік нормалардың белгілері:

- әлеуметтік нормалар адамдардың мінез–құлық ережелері болып табылады. Олар белгілі бір адамдардың ұжымы, мемлекет пікірі бойынша адамдардың мінез–құлқы қандай болатындығын көрсетеді. Бұл үлгілер оған сәйкес адамдар өз әрекеттерін қалыптастырады.

- әлеуметтік нормалар – бұл жалпы сипаттағы мінез – құлық ережелері. Оның жалпы сипаты бір адамға емес, барлығына арналған.

- әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдағы міндетті мінез – құлық ережелері. Құқықтық нормаға емес, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік нормалар, оларды қолданатындарға міндетті. Қажетті жағдайларда әлеуметтік нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеумен қамтамассыз етіледі.

Осы белгілерге сәйкес, әлеуметтік нормалар елеулі қоғамдық қатынастарды реттеуші болып, адамдардың мінез – құлқына белсенді әсер етеді.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 120 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мемлекет пайда болуының патримоналдық теорясы | Мемлекеттің басқару нысаны | Мемлекеттің құрылым нысаны | Мемлекет функцияларының түрлері | Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары | Мемлекет пен құқықтың қоғамның саяси жүйесінде алатын орны мен рөлі | Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстардың саяси жүйедегі орны | Ықтың мемлекеттің қағидаттары | Ықтың түсінігі | Ықтың мәні |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (1.527 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав