Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Техникалық нормалар

Техникалық нормалар - бұл табиғат заттары, еңбек құралдары, әр түрлі техникалық құралдар мен адамдардың қарым – қатынасын реттейтін мінез – құлық ережелері. Техникалық нормалардың мақсаты табиғат, техника күштерін дұрыс пайдалану.

Техникалық нормаларға құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, машина мен механизмдерді пайдалану нұсқаулары шикі затты, электроэнергияны, жағар майды жұмсау нормалары жатады.

Техникалық нормалары әлеуметтік сипатта болады. Бірақ тікелей адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін әлеуметтік нормалардан ерекшелігі, техникалық нормалар техниканы пайдаланумен байланысты адамдардың мінез – құлқын реттейді.

Техникалық нормалардың ерекшелігі, олар техникалық мазмұны бар әлеуметтік нормалар ретінде болады. Әлеуметтік – техникалық нормалар техниканы қолданумен байланысты қоғамдық өмірдің саласын ретеуші ретінде болады.

Техникалық нормалардың мазмұны: табиғат дамуының, объективті заңдылықтарына, жаратылыстану заңына негізделген. Сондықтан да, көптеген техникалық нормалар объективті қажеттіліктің талабы.

Техникалық нормалар – бұл нормалардың ерекше түрі емес, ол техникалық мазмұны бар әр түрлі әлеуметтік нормалардың жиынтығы. Мысалы, жарыс ережелері әдетке айналған, техникалық нормаға мысал, караулға командир қарумен орындау жатады.

Техникалық нормалар құқықтық нысанда да болады. Осыдан барып, олар міндетті болып, қажетті жағдайда мемлекет қорғауында болады. Мысалы, қылмыстық кодекс пен көлікті жүргізу және пайдалану ережелерін бұзған үшін, жауаптылық көзделген. Техникалық мазмұны бар құқықтық нормаларды техникалық – заңи деп аталады.

Әскери – техникалық нормалар техникалық мазмұны бар әлеуметтік нормаларға кіреді. Олар әскери қызметшілердің әскер техника мен әскери қару жарақты тиімді пайдалану ережелері.

57 Құқықтың қайнар көздерінің (нысаны) түсінігі және түрлері

Құқықтың бір белгісі оның формалді анықтылығы. Құқықтық нормалар міндетті түрде объектіленіп, сыртай көрінуі керек, қандай да бір нысанда болуы керек. Бұлсыз құқық нормасы қоғамдық қатынастарды реттеуге байланысты өз міндеттін атқара алмайды.

Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заңды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.

Құқық нысаны – бұл мемлекет еркін, заңи мінез-құлық ережелерінің сырттай көріну әдісі.

Құқық нысанының түрлеріне талдау жасаудан бұрын құқық нысаны, құқықтық нысаны, құқықтық қайнар көзі ұғымдарының ара қатынасын қарастыру керек.

Егер құқықтық нысан деп, барлық қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын барлық заңи құралдар болса, онда құқық нысаны – құқықтық нормалардан тұратын ерекше жүйе.

Заң әдебиеттерінде құқық нысаны мен құқық қайнар көзі ұғымдарының ара қатынасы даулы. Бірінші көзқарас бойынша, бұл екі ұғым ұқсас. Екінші көзқарас бойынша, құқық қайнар көзі ұғымы құқық нысаны ұғымына қарағанда кеңірек.

Соңғы көзқарас бүгінгі күні де үстем. Шынында да, қайнар көз сөзін бастау не негіз, түбірі, себебі сияқты қарастыратын болсақ, онда заңи құбылыстарға қатысты құқықтың қайнар көзі деп, келесі үш факторды түсіну керек:

- материалдық мағынадағы қайнар көзі (қоғам өмірінің материалдық жағдайы, меншік нысаны, адамдардың мүддесі);

- идеологиялық мағынадағы қайнар көзі (әр түрлі құқықтық ілімдер және доктриналар, құқықтық сана);

- формальді заңи мағынадағы қайнар көзі (бұл құқық нысаны).

Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.

Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды, бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдаудын қамтамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:

1 ) құқықшығармашылық жолы арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.

2 ) санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.

 

58 Құқықтың қайнар көздерінің (нысаны) түрлері

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:

1) Нормативтік құқықтық актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.

2) Санкцияланған әдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп, оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Әдет-ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:

а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;

ә) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекеттік органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.

3) Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.

4) Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған кеілісімі.

5) Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік, ар-ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылығ қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).

6) Діни мәтіндер – бұлар, әсіресе, мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран – бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап, Сүннет – бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.

 

59 Нормативтік актілердің түсінігі және түрлері

Нормативтік заңды актілер бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Нормативтік актілерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анықталған тәртіп бойынша қабылдайды.

Нормативтік құқықтық акт - бұл өкілетті орган қабылдаған, құқықтық нормалардан тұратын құқықтық акт. Нормативтік актіні қатаң белгіленген нысанда норма шығармашылық құзіреті бар орган шығарады.

Оның белгілері:

- нормативтік актілер мемлекеттік өкілетті органдарының бекіткен немесе халық референдумда қабылдаған нормалар;

- нормативтік актілер ерікті орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндетті;

- нормативтік актілер ресми түрде, заң, қаулы, жарлық ереже түрінде шығады. Олардың заңды нысаны болады.

Заң күші бойынша нормативтік актілер заң және заңға тәуелді актілер деп бөлінеді.

Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

Заңға сәйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:

1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер;

2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер;

3) мемлекеттік аумақтық және жергілікті органдардың актілері (мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды және осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады);

4) ведомстволық актілер (белгілі бір органның құзіреті шегінде қабылданады және осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады).

Нормативтік актілер құқық шығарушы субъектісінің құқық жағдайының ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

- мемлекет органдардың актілері;

- қоғам бірлестігінің актілері;

- референдумда қабылданған актілер;

- бірлескен сипаттағы актілер.

Нормативтік актілер таралу саласы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

- республикалық;

- жергілікті;

- локальді.

Нормативтік актінің күшінің мерзімі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

- тұрақты;

- уақытша.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 221 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мемлекеттің басқару нысаны | Мемлекеттің құрылым нысаны | Мемлекет функцияларының түрлері | Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары | Мемлекет пен құқықтың қоғамның саяси жүйесінде алатын орны мен рөлі | Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстардың саяси жүйедегі орны | Ықтың мемлекеттің қағидаттары | Ықтың түсінігі | Ықтың мәні | Ықтың пайда болуы туралы теориялары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав