|
Құқықтыққарама – қайшылықтар өзінің мазмұны, сипаты, иерархиясы, әлеуметтік бағыты, шешудің әдістеріне байланысты әр алуан. Оларды төмендегідей топтастырады:
1) заңи қарама – қайшылықты үш топқа бөлуге болады:
- нормативті актілер немесе жеке құқық нормалары арасындағы қарама – қайшылықтар;
- құқық шығармашылықтағы қарама – қайшылық (бір – бірін жоққа шығаратын актілерді қабылдау);
- құқық қолданудағы қарама – қайшылық (басқару қызметінің келіспеушілігі, бірдей мәселелерді іске асырудағы түсініксіздік);
- мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, басқа да үстем құрылымдар мен бөлімшелердің мәртебесі мен өкілеттіктерінің қарама – қайшылығы;
- мақсаттарының қарама – қайшылығы (әр түрлі деңгейдегі және органдардың нормативтік актілерінің бір – біріне қарама – қайшы, жоққа шығаратын мақсаттарының болуы);
- ұлттық және халықаралық құқықтың арасындағы қарама – қайшылықұқық
2) заңдар мен заңға тәуелді актілер арасындағы қарама – қайшылық болғанда, заң есебіне шешіледі, өйткені, оның жоғарғы заңи күші болады.
3) Конституциямен басқа да актілер, заңдар арасындағы қарама – қайшылық конституция есебіне шешіледі, өйткені, ол заңдардың заңы.
4) жалпы федеральдік актілермен федерация субъектілері актілері арасындағы қарама – қайшылық жалпы федеральдік актілер есебіне шешіледі.
5) ұлттық және халықаралық құқық арасындағы қарама – қайшылық халықаралық құқық есебіне шешіледі. Өйткені, конституцияға сәйкес олардың басым күші болады.
99 Құқықтық қарама –қайшылықтарды шешудің әдістері
Құқықтағы қарама – қайшылықтарды шешудің әдістері – бұл оларды жоюға байланысты нақты тәсілдер, құралдар, механизмдер және рәсімдерді айтамыз. Қарама – қайшылықтың сипатына байланысты қандай да бір әдіс, нысан қолданылады, туындаған қарама – қайшылықты жою немесе құқықтық тығырықтан шығудын қандай да бір жолы тандалады. Құқықтағы қарама – қайшылықтарды шешудің ең көп таралған түрі келесідей:
- талқылау;
- жаңа актіні қабылдау;
- ескі актіні жою;
- қолданыстағы құқықты нақтылау немесе өзгерістер еңгізу;
- сот, әкімшілік, төрелік және аралық сот талқысы;
- заңнаманы жүйелеу;
- келіссөздер үрдісі, келісу комиссиясын құру;
- конституциялық әділеттілік;
- құқық қолдануды жетілдіру теориясымен практиканың байланысы;
- халықаралық рәсімдер.
Құқықты қолдану барысында қарама – қайшылықты анықтаған лауазымды тұлға немесе орган, әдетте, келесі ережелерді басшылыққа алады:
- егер бір органның әр уақытта қабылдаған актілері арасында бір мәселеге байланысты туындаса, кейін қабылдаған заңның күші болаы;
- егер қарама – қайшы актіні әр түрлі орган бір уақытта қабылдаса, онда жоғары заңи күші бар акт қолданылады;
- егер бір деңгейдегі арнайы және жалпы акт бір – біріне қайшы келсе, арнайы, ал әр түрлі деңгейдегі арнайы және жалпы актілер арасында қарама – қайшылық болса, жалпы акт қолданылады.
100 Құқықтағы кемістіктер (олқылықтар)
Құқықтағы кемістіктер (олқылықтар) – бұл қолданыстағы заңнамада қажетті заң нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы.
Кемістіктер жаңа құқық нормасын қабылдау арқылы құқықшығармашылық процесінің көмегімен жоюға болады.
Кемістіктерді құқыққолдану процессі арқылы жеңуге болады, себебі, бұл кезде ешбір жаңа нормалар қабылданбайды: не құқық ұқсастығы, не заң ұқсастығы қолданылады.
Заң ұқсастығы – бұл нақты бір заңды істі осыған ұқсас істі шешуге бағытталған құқықтық норманың негізінде шешу.
Құқық ұқсастығы – бұл нақты заңды істі құқықтың жалпы қағидалары мен мәні негізінде шешу. Құқықтағы олқылықтарды жеңудің бұл әдісі ұқсас істі шешуге байланысты осы құқық саласында, ұқсас құқық саласында да нақты нормалар болмаған жағдайда ғана қолданылады.
Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 140 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |