|
Құрамында белоктық бөлігі және белоксыз бөлігі бар өосылысты белоктар (протеидтер), ал мұндағы белоксыз бөлікті простетикалық топ деп атайды. Ол топ белоктың биологиялық қызметінде маңызды роль атқарады. Простетикалық топтың химиялық табиғатына байланысты күрделі белоктар бірнешеге бөлінеді.
Нуклеопротеидтер – нуклеин қышқылы бар белоктар комплексі. Простетикалық топтың ерекшелігіне байланысты оларды дезоксирибонуклеопротеидтер (ДН-протеидтер) және рибонуклеопротеидтер (РН-протеидтер) деп бөледі. ДН-барлық клеткалардың ядросында кездеседі. Бұл белоктар құрамында гистондар мен протаминдер бар. Олар ядродағы ДНК құрылымын қалыпқа келтіріп, тұрақтандырады. Ал гистондар одан өзге ДНК құрамындағы гендердің белсенділігін реттеуге қатысады. Нуклепротеидтер белок биосинетзінде аса маңызды қызмет атқарады.
Фосфопротеидтердегі простетикалық топ – фосфор қышқылының қалдықтары. Ол полипептидтік тізбектегі серинге немесе треонинге жалғасады. Фофопротеидтерге сүттегі казеин, жұмыртқа сары уызындағы виталлин, балық уылдырығындағы ихтулин және бірқатар ферменттер жатады.
Гликопротеидтер – құрамында қанттар (манноза, галактоза, гексозаминдер, сиал қышқылы және басқалары) бар күрделі белоктар. Жануарлардың, адамдардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің барлық тканьдерінде кездеседі. Гликопротеидтерге сілемей муциндері, тірек тканьдермукоидтары жатады.Олар буындарды майлайды, клетка мембранасы құрылымының қалыптасуына, иммунологиялық реакцияларға қатысады, эритроциттердің беткі жағында орналасады, қан тобын анықтайды.
Липопротеидтер – белоктар мен липидтерден (триглицеридтер, фосфолипидтер, холестерол, сфинголипидтер, май қышқылдары) тұратын комплекс. Клетка мембрасаның құрылымына кіреді. Липопротеидтер бос күйінде қан плазмасында және лимфада кездеседі және ол липидтерді, кейбір гормондарды бір орнынан екінші жерге ауыстырып апара алады. Электрофорездік қозғалғыштығы бойынша α-липопротеидтерге және β-липопротеидтерге бөлінеді. Липопротеидтерді ультацентрифугалау жолымен бөліп алады. Бұл кезде олар қалқып бетке шығады.
Хромопротеидтер (гректің chroma – түс, бояу және протеидтер деген екі сөзінен тұрады) – боялған күрделі белкотар. Оған гемоглобин, миоглобин, цитохромдар, пероксидаза, каталаза флавиндік ферменттер жатады.
Гемоглобин (гректің haima – қан деген сөзінен шыққан) глобин белогының және простетикалық топ гемнен тұрады. Гемоглобин молекуласы Hb таңбасымен қысқаша таңбасымен белгіленеді.
Адам ішіндегі нәрестенің гемоглобині феталь (латынның – іштегі нәресте деген сөзінен шыққан) деп аталады
Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 217 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |