Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лизингтің түрлері

Читайте также:
  1. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  2. Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат түрлері. Ақпараттарға қолданылатын амалдар.
  3. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері, мәселелері, қасиеттері.
  4. Азақ ақын-жазушыларынан қиял түрлерін (қайта жасау, творчестволық қиял, арман) көрсететін нақты мысалдар келтіріңіз.
  5. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
  6. Аламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
  7. Аржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
  8. Аржылық жоспарлаудың негізгі түрлері мен оның сипаты
  9. Аударманың түрлері
  10. Бақылаудың түрлері

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Лизинг түрлері және лизингтік операцияларды жіктеу шетелдік және отандық теория мен іс-тәжірибеде маңызды мәнге ие. Лизинг түрлері оның белгілеріне қарай бөлініп көрсетіледі. Жіктелуіне қарай:

1. Жалға берілетін мүлікке қатынасы бойынша;

2. Лизингтік операцияларды қаржыландыру түрі бойынша;

3. Лизингтік келісім-шартқа қатысушылардың құрамы бойынша;

4. Лизингке берілген мүліктің түрі бойынша;

5. Лизингтік мүліктің өтелу деңгейі бойынша;

6. Лизингтік мүліктің өтелу көрсеткіштеріне сәйкес;

7. Лизингтік операция өтетін рынок секторы бойынша;

8. Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы бойынша.

 

1. Жалға берілетін мүлікке қатынасы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

- Таза, яғни мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың барлығын лизинг алушы өзіне алады;

- Толық, мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың барлығын лизинг беруші өзіне алады;

- Бөлшектеп (чистичный), мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың бір бөлігі ғана лизинг берушіге тиеді.

 

2. Лизингтік операцияларды қаржыландыру түрі бойынша лизинг келесідей түрге бөлінеді:

- Жедел, яғни мұнда мүлікті жалға бір-ақ рет беру орын алады;

- Қайта бастау, яғни мұнда лизингтік келісім-шарттың бірінші мерзімі аяқталған соң келесі кезеңге ұзартылатын жағдай орын алады. Ол үшін белгілі-бір уақыттан соң лизинг объектілері лизинг алушының талабы бойынша жаңа түрлерге өзгереді. Құрал-жабдықтарды өзгерткге жұмсалған барлық шығындарды лизинг алушы өз мойнына алады. Қайта бастау лизингі бойынша лизинг объектілерінің саны және оларды пайдалану мерзімдері екі жақпен алдын-ала келісілмейді.

 

3. Лизингтік келісім-шартқа қатысушылардың құрамы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

- Тікелей лизинг, мұнда мүліктің меншік иесі (жеткізуші) лизингке объектіні дербес береді (екі жақты келісім-шарт). Негізінен бұл келісім-шартқа лизингтік компания қатыспайтындықтан классикалық лизингтік келісім-шарт деп атауға болмайды;

- Жанама лизинг, яғни мұнда мүлік делдал арқылы беріледі. Бұл жағдайда келісім-шартқа жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы қатысатындықтан классикалық лизингтік операция деп атауға болады

- Бөлінген лизинг, бұл лизинг күрделі, ірі масштабтағы обьектілерді қаржыландыру тәсілі ретінде болады. Мұндай лизинг жабдықтаушылардың, лизинг берушілердің және банктерден несиелік қаражаттарды тартатын, сонымен қатар лизингтік мүшелерді сақтандыратын бірнеше компаниялардың қатысуымен топтық немесе акционерлік деп аталынады. Бұл лизинг түріне көп арналық қаржыландырулар қатысатындықтан күрделі болып саналынады.

 

4. Лизингке берілген мүліктің түрі бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

- Жылжымалы лизинг (құрал-жабдық, техника, автомобильдер, самолеттер және тағы басқа);

- Жылжымайтын лизинг (ғимараттар, сооружения).

 

5. Лизингтік мүліктің өтелу деңгейі бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

- Толық өтелетін лизинг, мұнда бір келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде лизинг берушіге жалға алынған мүліктің құны толық төленеді;

- Толық өтелмейтін лизинг, мұнда бір келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде жалға алынған мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі.

 

6. Лизингтік мүліктің өтелу көрсеткіштеріне сәйкес лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

- Қаржылық лизинг (капиталдық, тікелей) – бұл өзінің әрекет ету мерзімі ішінде құрал-жабдық амортизациясының толық құнын немесе оның бір бөлігін, лизинг берушінің қосымша шығынын немесе пайдасын өтеуді қарастыратын келісім;

- Оперативті лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

 

7. Лизингтік операция өтетін рынок секторы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

- Ішкі лизинг – бұл келісім-шарттың барлық қатысушыларының бір елден келуімен байланысты сипатталады;

- Сыртқы лизинг (Халықаралық лизинг) – бұл бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды. Сыртқы лизинг өз кезегінде экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып танылады.

 

8. Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

-Мүлікке, табысқа, ҚҚС, әр түрлі ағымдарға, жеделдетілген амортизация және тағы басқаларға салық салу бойынша жеңілдіктерді қолдану;

-Жеңілдіктерді пайдаланусыз.

Лизинг операцияларының техникасы 1, 2 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалған жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.

Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизиннгке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.

 

 

Ëèçèíã áåðóøi (Ëèçèíã êîìïàíèÿñû)

 

 

4 1 3

 

 

Сурет 1

1) құрал-жабдыққа тапсырыс беру;

2) құрал-жабдық үшін төлем;

3) құрал-жабдықты жеткізу;

4) лизингтік төлемдер.

 

 

 

1 7

 

 

2

 

 

4 6

 

 

 

Сурет 2

 

1) Банк пен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі;

2) Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді;

3) Лабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады.

4) Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады;

5) Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;

6) Лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;

7) Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

 

Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі төмендегідей формуламен есептеледі:

 

ЛТ=АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС

 

Мұндағы,

ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлем;

КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

ҚТ – көрсеткен қызмет үшін қосымша төлем;

ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

 

Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:

 

БҚ * На

АА = ¾¾¾¾

Мұндағы,

БҚ – мүліктің баланстық құны;

На - амортизациялау нормасы (%);

Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:

НР * НС

НТ = ¾¾¾¾¾

 

Мұндағы,

НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;

НС – несие үшін сыйақы мөлшері.

Несие ресурс (НР) шамасының анықталу формасы:

Қб - Қа

НР = ¾¾¾¾¾

Мұндағы,

Қб - мүліктің жыл басындағы құны;

Қа - мүліктің жыл аяғындағы құны.

 

Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:

НР * Кс

КТ = ¾¾¾¾¾

Мұндағы,

Кс - комиссиондық сыйақы мөлшері.

 

Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

ҚТ = Ші + Шқ + Шж + Шб

 

Мұндағы,

Ші – банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;

Шқ – көрсетілген қызмет үшін шығыстар;

Шж – банктің жарнамасына кеткен шығыстар;

Шб – басқа да шығыстар.

Лизингтік операцияның негізгі элементтері:

- келісім-шарт объектісі;

- келісім-шарт субъектісі;

- лизингтік келісім-шарттың мерзімі (лизинг кезеңі);

- Лизингтік төлемдер;

- Лизинг бойынша көрсететін қызметтер.

 

Лизинг объектілері. Өндірістік циклда жойылмайтын материалдық құндылықтың кез-келген түрі лизингтік келісім-шарттың объектісі бола алады.

Лизинг субъектілеріне келісім-шарт объектісіне тікелей қатысы бар тараптар жатады. Бұл арада оларды тікелей қатысушыларға және жанама қатысушыларға бөлеміз.

Лизингтің келісім-шарттың тікелей қатысушыларына мыналар жатады:

- лизинг формасы және компаниясы (лизинг беруші немесе жалға беруші);

- өндірістік (өнеркәсіптік), сауда, көлік кәсіпорындары мен халық (лизинг алушылар немесе жалға берушілер);

Лизингтік келісім-шарттың жанама қатысушыларына мыналар жатады:

- келісім-шарттың кепілдігі ретінде алға шығатын әрі лизинг берушілерді несиелейтін және инвестициялық банктер;

- сақтандыру компаниялары;

- брокерлік және өзге де делдалдық фирмалар.

 

Лизингтік келісім-шарттың мерзімі. Лизингтік келісім-шарттың әрекет ету мерзімін лизинг кезеңі деп ұғуға болады.

 

Лизингтік төлемдер. Лизингтік операцияның жобасында ең күрделі сәтке лизинг берушінің тиесілі лизингтік төлемдердің (жалдаудың ақысын) сомасын анықтау жатады. Қысқа мерзімді және орта мерзімді лизингтің төлемінің сомасы тауар нарығының конъюктурасымен анықталады. Ұзақ мерзімді лизингте лизингілік төлемдердің есеп айырысу негізіне әдістемелік тұрғыдан негізделген есеп айырысу жатады.

 

Лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер. Лизинг әр түрлі қызмет көрсетулермен сипатталынады. Бұл қызмет түрлерін лизинг беруші ұсынады.

 

Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелдерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

- Лизингтің көмегімен кепілге берілетін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Ол бұлай: лизингтік келісім-шарт жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);

- Лизинг 100 пайызға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;

- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.

- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.

- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.

- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарлануынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;

- ұйымдастырудың күрделілігі;

- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескерген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

Лизингтік контракт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмлелерде кемінде үш контракті жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.

Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте ең маңыздысы, бұл контрактінің соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т. б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.

Іс жүзінде кез келген лизингтік контракт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:

1. Объектісі.

2. Жабдықтау мерзімі.

3. Лизингке алу мерзімі.

4. Лизингке берушінің меншікті құқы.

5. Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат.

6. Құрал-жабдықты пайдалану.

7. Күту, жөндеу және жаңарту.

8. Зиян, қолайсыз жағдайлар.

9. Сақтандыру.

10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар.

11. Төлемді кешіктіргені үшін пеня.

12. Сатып алу мүмкіндігі.

13. Келісімшартты бұзу шарты.

14. Құрал-жабдықты қайтару.

15. Салықтар, баждар.

16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.

17. Тараптардың қосымша құқықтары.

18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.

19. Кешіктіру шарты (контракт кепілдеме алуына байланысты күшіне мінеді және т. б.)

20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы, баланс).

21. Тараптардың қолдары.

22. Тараптардың орналасқан жері.

23. Қосымша (материалдардың және т. б. сипаты).

24. Қалдық құнын кепілдеу.

25. Банктердің кепілдемесі.

Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:

1) аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және «Қазконтракт» корпорациялардың жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;

2) екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;

3) жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;

4) лизингтік халықаралық формалар – экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.

Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар, айталық: «Қаржы лизингі туралы» ҚР заңының (5. 07. 2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.

Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді беру арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге асыруға тиіс.

Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 424 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.024 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав