Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  3. Аламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
  4. Андай философиялық теория қоғамдағы әлеуметтік айырмашылықтарды зерттеуге көмектеседі?A) әлеуметтік стратификация теориясыALMAT
  5. Аударманың түрлері
  6. Бақылаудың түрлері
  7. Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
  8. Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері
  9. Басшылық стилі тралы түсінік және олардың түрлері

Әлеуметтіәк қамсыздандыру құқығы- еңбекке қабілетсіз азаматтарға материалдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ олармен тығыз байланыстызаңдық фактілерді анықтау мен дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатнастарын реттейтін құқық саласы. әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәнін азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру барысындағы қалыптасатын құқықтық қатнастар; Зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер мен түрлі қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері болып табылады.Әлеуметтік қамсыздандыру азаматтарды қартайғанда және еңбекке қабілетсіз болған жағдайдақамсыздандырумен, аналар мен балаларға қамқорлық жасаумен, азаматтарды сауықтыру мен профилактикадан өткізу негізінде еңбекке қабілеттілігін қалпына келтірумен байланысты мем лекет жүргізіп отырған әлеуметтік- экономикалық шаралардың жиынтығы болып табылады. Әлеуметтік қамсыөдандыру құқығының принциптарі:

1)Қамсыздандырудың жалпыға бірдейлігі;

2)Оның түрлерінің жан-жақтылығы және алуан түрлілігі;

3)азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығын қорғау;

4)Мемлекеттік бюджет және өзге ды түсімдер есебінен қамсыздандыру;

5)Еңбек үлесінің миөлеріне,мұқтаждығына және әлеуметтік маңызы бар факторларға байланыстыәлеуметтік қамсыздандырудың жағдайлары мен деңгейлерін саралау;

6) Еңбекке қабілетті жастағы әрбір азаматтың зейнатақыны жинақтауға міндетті түрде қатысуы;

7) Әрбір азаматтың ерікті қосымша зейнетақылық қамсыздандыруға құқығы;

Аталған принциптердің жүзеге асырылуы өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан сияқты мемлекеттің әлеуметтік саясатының кемелдігін айқындайды.

Әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатнастарға:

1) қамсыздандырудың жекеленген түрлері бойынша құқықтық қатнастар;

2) зейнетақылық (ынтымақтастық және жинақтаушы зейнетақы жүйелері)

3)жәрдемақылар және өтемдік төлемдер бойынша) уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақылар,мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар),;

4) әлеуметтік қызмет көрсету бойынша (мүгедектерді оқыту мен жұмысқа орналастыру); Әлеуметтік қамтамасыз ету құқықтық қатнастарының ерекшелігі олар олар күрделі заңды құқықтан туындайды 1) заңдық фактілер негізінде (зейнеткерлік жас, еңбекке қабілеттіліктен айрылу т. б.);

2)оған ие адамның өз қалауын білдіруі; 3)құзіретті органдардыңқамсыздандыру түрін тағайындау туралы актісі;

Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері:

1. Зейнетақылар. Зейнетақымен қамсыздандыру 1997 жылғы20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»заңына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру үш түрге бөлінеді: 1) мемлекеттік зейнетақы (зейнетақы жөніндегі орталықтан төленеді) 2)мемлекеттік емес)жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленеді) 3) әскери қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы; Аталған заң бойынша мүгедектігі бойцынша және асыраушысынане айрылуына байланысты әлеуметтік зейнетақылар жасына байланысты зейнетақылар тағайындалған.

2.Жәрдемақылар. Жәрдемақылар белгілі бір мақсатта тағайындалады.Олар белгілі себептермен жұмысқа жарамсыздыққа байланысты (уақытша жұмысқа жарамсыздық, жүкті болу мен бала тууға байланысты, жұмыссыздыққа байланысты) Жәрдемақылар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

3 Қызмет көрсету. тегін медициналық қызмет көрсету, және тегін әлеуметтік қызиет көрсету;

4.Төлемақылар.Төлемақылар (компенсациялар) азаматтарға материалдық және мүліктік жағдайларына байланыссыз негізгі табыс көзі ретінде тағайындалады. Оған әскери қызметтегі әйел адамдарға бала туу мен күтуге байланысты 1,5 жылға төленетін төлемақылар, 16 жасқа шейінгі мүгедек баланы күтуіне байлынысты жұмыс істей алмаған азаматтарға төленетін төлемақылар, еңбек шарты бойынша төленетін төлемақылар, кәсіпорынның жұмыс ының тоқтатылуына байланысты ақысыз демалыс алған қызметкерлерге төленетін төлемақылар жатады. Төлемақылар мемлекеттік бюджеттен әртүрлі деңгейлерінен төленеді.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 219 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав