Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дамыған елдердегі лизингтік операциялар

Читайте также:
  1. VІ Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
  2. Ашық нарықтағы операциялар
  3. Банк жүзеге асыратын операциялардың табиғатын ашып, сипаттама беріңіз
  4. І ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ, ОНЫҢ СИПАТЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
  5. ІІ ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ РӨЛІ
  6. ІІІ ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
  7. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау
  8. Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының экономикалық мағынасын түсіндіріңіз.
  9. Лттық Банктің қызметтері мен операциялары

Leaseurope еуропа лизинг компаниялары ассоциациясының деректері бойынша, қауымдастыққа мүше 25 елдің лизингтік операцияларының жалпы көлемі 1994 жылы 85,3 млрд. ЭКЮ болған. Бұл жыл соңғы жылдардағы құлдырау кезеңдеріне қарағанда өрлеу, лизингтік қызметтің жандану кезеңінің басы болды.

1994 жылы Еуропа Одағының 12 елінің өнеркәсіптік өндірісі 5,2%-ке өсті. Сондықтан экономикалық белсенділіктің артуы сол сәтінде-ақ лизингтік операциялардың 7 процентке өсуіне әсер етті.

Leaseurope мүше елдердің лизингтік операцияларының басым бөлігін жылжымалы мүліктермен операциялар құрайды. Алайда соңғы 9 жылдағы статистика жылжымайтын мүлікпен лизингтік операциялардың үлесі жыл өткен сайын қарқыны өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бір қызығы, бұл үрдіс экономика көтерілген кезде де, сол сияқты құлдырау кезінде де сақталған. Дегенмен жекелеген елдердің лизингтік операцияларының көлемі әр түрлі. Сондай-ақ лизингтік қызмет туралы заңның болуы мен болмауы арасындағы байланыстың лизингтік операциялардың көлеміне әсер етуі жөнінде бір байлам жоқ. Мысалы, Германияда лизингтік қызмет арнайы заңмен реттеледі, ал жалпы инвестиция көлеміндегі лизингтің үлесі орташа деңгейде – 1994 жылы 15,8% болды. Жалпы Германия Еуропа мемлекеттерінің арасында лизингтік операциялар көлемі жөнінен көшбасшы болып табылады. Ал лизингтікке арналған заңдары бар Франция мен Португалияда лизингтік операциялардың көлемі айтарлықтау емес.

Жалпы ұлттық инвестициялардағы лизингтің үлес салмағы бойынша екі негізгі ел – Ирландия (46%) және Англия (35,8%) көшбасшы болуда. Бұл ретте Англиядағы лизингтік операциялардың номиналдық сомасы немістердікінен қалыса қоймайды (18,853 млрд. ЭКЮ). Ирландияда бұл көрсеткіш аз – 1,05 млрд. ЭКЮ. Үшінші топқа Шығыс елдерін жатқызуға болады. Оларда бір таңқаларлығы лизингтік операциялар енді енді дамып келеді. Абсолютті көлемі мен үлес салмағы төмен, бірақ өсу үрдісі байқалады. Бұлардың қатарына Чехия қосылмайды. Былтыр олврдың лизингтік операцияларының жалпы көлемі 817 млн. еуроға жетті. Бұл Норвегия мен Германиядан анағұрлым көп.

а) АҚШ-та лизинг ХХ ғасырдың 50-жылдарында пайда болған. АҚШ-тың үлесіне лизинг бойынша жеткілілетін тауар айналымының жартысына жуығы келеді. 1986 жылы АҚШ-қа лизинг бойынша 85 млрд. долларға жабдық жеткізілді (елдегі жабдыққа инвестицияның 28%).

АҚШ-та лизигтің жылдам дамуының бір себебі салық жеңілдіктері болып табылады: жеделдетілген амортизация және инвестициялық салық жеңілдігі (жаңа инвестиция құнының 10%-не дейін салық сомасы шегерілді). Мысалы, жабдық сатып алу бойынша шығыстар – 100 000 доллар, инвестициялық жеңілдік – 10%, 100 000 доллар салық сомасы шегеріледі. Бірақ салықтық жеңілдіктер алу құқығы шарт АҚШ-тың Қаржы министрлігінің Ішкі кірістер басқармасының жалдау үшін белгілеген ережелеріне сәйкес келгенде ғана ұсынылды. Ол ережелер мынадай:

- лизингтің ұзақтығы 30 жылдан кем болмауы керек;

- лизинг мүлікті нарықтық бағадан мүлдем төмен бағаға сатып алу мүмкіндігін көздемеуі тиіс;

- лизинг бастапқыда көбірек, кейіннен азырақ болатын төлем графигін көздемеуі керек. Бұл лизингтің салықтан жалтару құралы ретінде пайдалануының дәлелі болады;

- лизинг жалға берушіні қалыпты нарықтық деңгейдегі табыспен қамтамасыз етуі тиіс;

- лизингті ұзарту мүмкіндігі жабдықтың қалыпты нарықтық құнын ескеруі тиіс.

1994 жылға дейін фирмалар оның құнын өз баланстарында көрсетпей-ақ жабдықты жалға алатын еді, яғни баланстан тыс есепке алды. Сондықтан да фирмалар елеулі қарызы болса да өсіп бара жатқан берешек сомасын көрсетпестен тағы да жабдық ала беретін. Осылайша нақты борыш инвесторлар мен сарапшылардан жасырын қалатын. 1976 жылы Қаржылық есепке алуды стандарттау басқармасы № 13 қайлы шығарды. Онда бірқатар қаржылық мәмілелерді мүлік сатып алу және өзіне қаржылық міндеттеме қабылдау ретінде есепке алуға мәжбүрлеген. Бұл қаулының мақсаты «шынайы лизингті» және лизинг арқылы сатып алуды шектеу болды. Қаулыда мынадай пункттер келтірілді:

- мәміле соңында еншік құқығы жалдаушыға өтеді;

- лизингтік мәміле жабдықты мәміле соңында нарықтық бағадан төмен бағаға сатып алуға мүмкіндік береді;

- мәміле мерзімі пайдалы қызмет ету мерзімінен көп немесе 75%-не тең;

- лизингтік төлемдердің ағымдағы құны (сақтандыруға, басқаруға, салыққа төлеместен) жабдықтың қалыпты нарықтық бағасынан артық немесе 90%-не тең.

Егер мәміле осы талаптардың тіпті болмағанда біреуін қанағаттандырса, онда мүлік жалдаушының балансында пассивте корреспонденттелетін борыштық міндеттеме («Қаржылық лизинг бойынша міндеттеме») ретінде есепке алынады. Егер мәміле жоғарыда көрсетілген талаптардың ешқайсысын да қанағаттандырмаса, онда мүлік жалдаушының балансына қосымша ретінде есепке алынады.

1986 жылдан бастап лизинг үшін жағдай салық негізінде өзгерді, өйткені үкімет мұның астарынан «басқа мемлекеттердің игілігіне субсидияны» байқады («Салық жеңілдіктерінің экспорты»). Инфляция шапшып тұрған 60-70 жылдары енгізілген салық жеңілдіктері 80 жылдардағы экономика тұрақтанғандағы кезеңде күрделі қаржы салымын ынталандырушы тиімді құрал бола алмады. АҚШ-тағы салық реформасы салықтық инвестициялық жеңілдікті және амортизация саласын өзгертуді жою арқылы салық жеңілдіктердің қолжетімділігін қысқартты. Салық реформасы лизингтің экономикалық пайдасын едәуір төмендетті, әйтсе де оның дамуы тоқтамады.

Мұның мәні лизингтік мәмлелерді өтеу жай несиелерді өтеуге қарағанда сонда да икемді болды. АҚШ-та көптеген лизингтік компаниялар басқа кредиторларға қарағанда жабдықты жақсы біледі. Өйткені лизингтік компанияның кредит беруге мүмкіндігі мәміле мерзімі өткеннен кейін жабдық сата алу мүмкіндігіне байланысты, сондықтан да компаниялар барынша құнды және тиімді жабдықтың лизингіне мүдделі. Мұндай жағдайда олар осындай барлық тәуекелді қарсылықсыз алады. Бірқатар салық жеңілдіктері әйтсе де сақталады.

Соңғы уақытта қайтармалы лизингтің (мұнай танкерлері, теміржол контейнерлері, компьютерлер, ұшақтар), жедел лизингтің (көлік, баспа жабдығы) маңызы артуда. Әсіресе авиацияда ерекше жеңілдіктің болмауына қарамастан жедел лизингтің өсуі байқалады. Халықаралық лизингтік қаржылық корпорация (ILFC) АҚШ-та 1973 жылы негізі қаланып, 1983 жылы наурызда мемлекеттік компания болды. Ирландық Gyness Peat Aviation Group (GPA) компаниясымен бірге ол нарықтағы жағдайды белгілейді. Оның портфелінде 150-ден аса ұшақ бар. Ол ұшақтарды клиенттерге 3-5 жылға береді. Ұшақтарды жедел жалға берудің халықаралық нарығы қарқынды дамыды. Олар бүкіл лизингтің нарықтың 10%-ін иеленеді. Американдық ірі лизингтік компаниялар: Bank Amerilase Group, Golodefz Trading Corp., Security Pacific Consider Corp. болып табылады.

б) Ұлыбританияда 1970 жылдан кейін елеулі дамыды, яғни салық жеңілдіктерін енгізгеннен кейін дамыды. Компаниялар жылына салық салынатын пайдадан 100% инвестицияны шеге алды. Бұл жеңілдіктер табысы жоғары компаниялардың қолжетімі болды, алайда жанама түрде жалдаушыларға да қолжетімді болды. Сондықтан, ол инвестицияны жыл басында жасаған болса, онда оған осы жеңілдіктерден пайда алу үшін біршама уақыт күтуге тура келді. Бірақ ол жабдықты лизингтік компанияға сатып, кейіннен оны жалға алса (лизингтік компанияда қаржылық жыл ертерек болу шартымен), онда жанама пайдалар тезірек алынды. Сондықтан лизингтік компаниялар қаржылық жылының соңына әртүлі аяқталатын филиалдар ашады. Салықтық инвестициялық жеңілдік өтеусіз, ол жалдау төлемдеріне салық арқылы кері қайтады, дегенмен ол мүлік құнының 52%-не тең болатын прцентсіз несие ұсынады, бұл жалдаушы үшін лизинг құнынан көрінеді.

1984 жылы үкімет корпорациялық салықтың 1986 жылдың сәуіріне қарай 52%-тен 35%-ке дейін төмендетілетінін, ал бірінші жылдағы 100 проценттік жеңілдік 25 проценттік регрессивті (writing down) жеңілдікпен ауыстырылатынын (25% - бірінші жылы, 25% қалдық - екінші жылы және т. б.). Өзгерістер біртіндеп жүрді.

Өйткені корпорациялық салық біртіндеп қысқарды, ал өзгерістер лизингтің дамуында бірден көрінбеді. Салық жеңілдіктерінің бір бөлігі сақталды. Бұл электронды өнеркәсіп саласындағы лизинг үшін өте пайдалы. Сонымен бір жыл ішінде жалдау төлемдеріне салық салынбайды. Енді мұны анығырақ түсіну үшін төмендегі кестеге назар аударайық.

 

1-кесте. Ұлыбританиядағы лизингке салынатын салық ставка мөлшерлері

 

Қаржылық жыл Салық ставкасы, % Бірінші жылдағы жеңілдік, %
1983/84 ж. дейін    
1983/84    
1985/86    
1986/87 жылдан 2006 жылға дейін    
     

 

Кейіннен лизинг көлемі инвестицияның көлемі қанша болатынына, табыс деңгейі төмен компаниялардың қанша және компаниялардың қаншалықты лизингті өз инвестицияларын қаржыландыру үшін пайдалануын жалғастыратынына байланысты болады.

в) Франция. Лизинг мұнда кеңінен таралған, әсіресе оның «креди-бай» деген түрі танымал. 1967 жылдың сәуірінде бірінші француз компаниясы «Локафранс» құрылды. Қазіргі кезде Францияда ұшақтар мен тікұшақтар, кемелер мен баржалар, көтеру-көлік жабдықтары, контейнерлер, есептеу техникалары, медицина жабдықтары, полиграфия, ірі өнеркәсіп жабдықтары лизингтері дамыған.

Франциядағы лизингті «BNP/Bail» тобының мысалымен қарастырып көрейік. Оған «Natio Equipment», «Natio Location», «Natio Energie», «Locafinance», «Natiofail», «Natiocredifail» компаниялары кіреді. Францияда жылжымалы мүлікпен лизинг 1960 жылы басталған, ал «Лизинг туралы» заң 1966 жылы қабылданған. Заң жалдаушыға қайта сату кезінде жабдыққа құқықты беруге салықты (ол беру сәтінде жабдық құнынан есептеледі), құқықты үшінші тұлғаға беру салығын, қосылған құнға салықты (беру балансы мен бағасы бойынша құнның айырмасына) енгізді. «Natio Equipment» жалдаушыға талдау құқығын ұсынады.

 

 

2-кесте. Лизингтегі амортизация мерзімі мен келісімшарттың ұзақтық көрсеткіштері

 

Амортизация мерзімі Келісімшарттың ең төменгі ұзақтығы
  3 жыл 3 жыл
  4 жыл 3 жыл
  5 жыл 4 жыл
  6-7 жыл 5 жыл
  8 жыл 6 жыл
  10 жыл 7 жыл

 

Қалдық құны бастапқы құнның 1%-нен 7%-ке дейін болады. Жалдау төлемдері айына, үш айда, алты айда, бір жылда бір рет енгізіледі. Олар сызықтық, регрессивті болуы мүмкін.

Жылжымайтын мүлік лизингі 1966 жылғы заңмен анықталады. 1967 жылы Францияда өнеркәсіп және сауда саласында жылжымайтын мүлікпен операциялар жөніндегі қоғам құрылды (СИКОМИ). СИКОМИ акционерлік қоғам нысанында, капиталы 10 млн. франктен кем емес болуы тиіс. Ол қоғам құрылған сәтте толық енгізілуі тиіс. СИКОМИ лизингтік компанияларға елеулі салық жеңілдіктерін ұсынады: пайданың 85%-не салықтан босату, жедел амортизация және т. б.

Әдетте жылжымайтын мүлік лизинг келісімі15-20 жылға созылады. Оның объектілері: жер, құрылыс, әрлеу жұмыстары, жолдар, жабдық болады. Ақы негізінен тікелей регрессивті немесе аралас тәсілмен төленеді. «BNP»-мен қатар басқа банктер мынадай компанияларды құрды: «Креди Лионэ» - «Смебай», «Сосьете Женераль» - «Софинбай».

г) Германияда қазіргі кезде көптеген лизингтік компаниялар қызмет етеді, олардың 57-сі неміс лизинг қауымдастығына кіреді. Белгіленген нормаларға сәйкес жасалған келісімшарттар бірқатар салықтық жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Лизинг саласынадағы ірі компанияларға «Митфинанц Гмхб» және «Гефа – лизинг Гмхб» компанияларын жатқызуға болады. «Митфинанц Гмхб»-тың 1962 жылы негізі қаланған. Бұл компанияның жарғылық капиталы 1млн. марк болған. Қазіргі кезде оның 6 еншілес компаниясы бар. «Гефа – лизинг Гмхб» компаниясын 1968 жылы «Гефа» тобы құрған.

д) Австрияда лизинг затының қызмет етуінің экономикалық мақсатына сәйкес орташа жалдау мерзімі 2 жылдан 15 жылға дейін. Сатып алуға немесе мерзімін ұзартуға опционға жол берілмейді, келісімшарттың қолдану мерзімі өткеннен кейін жалдаушы қалған пайдалану кезеңіне лизинг затын жалдауға жаңа келісімшарт жасай алады немесе сатып алу туралы келіссөздер жүргізеді.

Германиядағы секілді Австрияда лизингтің дамуына заңның қабылдануы негіз қалады. Австрияда лизингтің дамып келе жатқанына 30 жылдай уақыт өтті. Лизингке тіпті балалар бақшасы мен мектептер беріледі. 1984 жылғы заң бойынша салықтық жеңілдіктерді пайдалану үшін лизинг жөніндегі шарттың мерзімі жабдықты пайдаланудың жалпы мерзімінің 40-90%-нен аспауы және лизинг объектісі жеке бірлік болуы тиіс.

Жетекші лизингтік компанияларының бірі «Райфайзен лизинг» болып табылады.

е) Италияда бірінші лизингтік компания 1963 жылы пайда болды. 2006 жылғы мәліметтер бойынша Италия лизинг қауымдастығында 50-ден аса компания бар.

Италияндық ірі лизингтік компания (топ) «Локафит» лизингке жұмыс құрал-саймандарын, жер өңдеу машиналарын, ауыл шаруашылық машиналарын, кеңсе жабдықтарын, компьютерлер, жылжымайтын мүлік, көлік береді.

Құрылтайшылардың бірі «Банк Насиональ де Лаворо» болып табылады. Топ Германияда, Францияда, АҚШ-та, Испанияда, Қытайда бірлескен кәсіпорындар құрған.

ж) Жапонияда ірі лизингтік компаниясы «Gentury Leasing System» болып есептелінеді. Ол 1969 жылы құрылған. Оның төленген капиталы 1,6 млн. доллар. Оның Гонконгта, Сингапурде, Ұлыбританияда филиалдары бар. Акционерлері: бір коммерциялық банк, бір сауда және екі сақтандыру компаниялары.

з) Швецияда лизинг 1960 жылдары дами бастады. Негізінен оларды шағын және орта компаниялар пайдаланды. Өйткені банк несиелері бойынша көптеген қамтамасыз етулерді талап етті. Ал лизинг жағдайды жеңілдетті, өйткені кредитор жабдықтың иесі болып табылады. Бастапқыда қайталама сатып алу туралы келісім жасалады, соған сәйкес жүргізуші егер клиент лизинг бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса, жабдықты қайтадан сатып алуға міндеттеме қабылдайды. Бәсекенің өсуіне орай лизингтік компаниялар арасында бұл міндеттемелер (қайтадан сатып алу бойынша) барған сайын аз кездесетін болды. Негізгі жалдау мерзімі әдетте 3-5 жыл, ерекше жағдайларда 9 жыл.

Енді жоғарыда аталған мәліметтер түсінірек болу үшін Еуропа елдері бойынша төменде келтіріліп отырған статистикалық деректерге назар аударайық.

Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония елдеріндегі лизингтік қызметті қорыта келе мынадай тұжырымдар жасауға болады:

- лизингтік операциялармен негізінен коммерциялық банктер емес, мамандандырылған компаниялар айналысады;

- лизингтік қызметтің дамыған нарығы экономиканың өндірістік секторын дамытады, бұл ретте ол стратегиялық маңызды салалардың дамуын жылдамдату үшін жағдай жасайды, капиталдың өндірістік салаға келуін ынталандырады;

- лизингтік қатынастарды дамытуға бағытталғын белгілі бір салық жеңілдіктерінің болуы.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 139 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав