Читайте также:
|
|
Конт қоғамдық өмірді талдаудың үш әдісін: бақылау, әлеуметтік тәжірибе, салыстырмалы зерттеумен бірге индустриалды қоғам тұжырымдамасын жасады. Конт адамзат тарихының негізгі үрдістеріне сәйкес капитал мен биліктің капиталистерде шоғырлану процесін оң бағалады. Социумның даму шамасы бойынша қауымдық тәртіппен бірге рухани тәртіп, моральдік ізгіліктер тәртібі орнығады. Қауымдық жәнерухани тәртіптің ұлғаюымен соғыстар анахронизмге (ескіліктің қалдығы) айналады және Батыс елдері индустриалды қоғам дамуы бойынша басқа елдерді жаулап алу саясатынан бас тартуы керек, оларға өз өркениетін күштеп таңбауы тиіс. Конттың пайымдауынша, индустриалды қоғамда соғыс маңызды рөл ойнамайды. Соғыс ретке келтірілген еңбекке адамдарды зорлықпен көндіру, ірі мемлекеттер құру құралы ретінде қажет. Соғыс еңбекке үйрету және мемлекетті қалыптастыру тәрізді екі жақты тарихи миссияны орындады. Индустриалды қоғамда еңбекті ғылыми ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Әрбір адам өзінің қабілеттеріне сәйкес лайықты орнын алып, қоғамдық әділеттілік орнайды (қараңыз Индустриалды қоғам). Батыс әлеміндегі ықпалды философиялық ағымдардың бірі позитивизмнің негізін қалаушы Конт философияны ғылымға тән сипаттардан азат ету туралы идеяны көтерді және дәлелді білімге арқа сүйеді. Конттың пікірінше, білімді мынандай жағдайда позитивті деп санауға болады: 1) нақты, дәл және анық болғанда; 2) эмпирикалықбақылау процесінде алынғанда. Философия “ғылым падишасы” – астамшыл ғылым болуға ұмтылмай, нақтылы ғылым болуы тиіс. Бұл идеяларға Конт қоғам тарихын, әлеуметтік өзгерістер динамикасын талдау нәтижесінде келеді. Ол өз зерттеулерін қорытындылай келе, интеллектуалдық және техникалық қос эволюция заңын тұжырымдады. Тұтас алғанда бірі-біріне сәйкес келетін интеллектуалдық дамудың 3 деңгейін және техникалық дамудың 3 кезеңін анықтады. Теологиялық – дәстүрлілікке, метафизикалық – индустриалдыққадейінгіге, позитивті – индустриалдыққа сәйкес келеді. Конттың ойынша, индустриалды қоғамға өту позитивті білімнің қарқынды дамуымен, нақты ғылымдардың басымдылығы арқылы жүреді. Конт позитивизмі философияның мәні мен міндетін және оның ғылымға қатынасын айқындау төңірегінде дәйекті пайымдау (дискурс) бастаған философияның дамуындағы жаңа ағым, позитивизм философиясының қалыптасуындағы бастама болып табылады
50. О.Конттың қоғам дамуының кезеңдеріне талдау жасаңыз. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Конт Огюст (19.1.1798 – 5.9.1857) – француз философы, социологияның негізін қалаушылардың бірі. Конт Огюсттың философиялық көзқарасының дамуы 3 кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңде (1820 – 26) Конт Огюст еуропалық қоғам дамуының негізгі кезеңдерін суреттеп,әлеуметік реформалардың мүмкіндігі мен оларды іске асырудың тәсілдерін ой елегінен өткізді. Бұл ойлар Конттың “Әлеуметтік философия топтамасы”, “Өткендегі қазіргі заман элементтеріне жалпы баға” (1820), “Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыс жоспары” (1822), т.б. еңбектерінде қарастырылды. Екінші кезеңде (1830 – 42) Конт өз идеяларын дамыта отырып, қоғам туралы ғылым ретіндегі социологияның негізгі ережелерін тұжырымдайды (“Позитивті философия курсы”). Үшінші кезеңде (1851 – 54) адамзат тарихының бірлігі туралы идеясын қалыптастырып, негізгі ойларын дәйекті дәлелдермен дамытады (“Позитивті саясат жүйесі”)Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.
51.Г.Спенсердің әлеуметтануға қосқан үлесіне анықтама беріңіз.
Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі.
Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік институттардың 6 түрін атап, оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік түрлерін жатқызды. Ол әлеуметтанушылардың ішінен алғаш рет осы ғылымға әлеуметтік өсу, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым және функция және т.б жаңа ұғым, терминдерді қосты. Қоғам мен биологиялық организм арасындағы ұқсастық бұрын ғылымға белгілі болды.
Спенсер әлеуметтануының негізгі ерекшеліктері мыналар: біріншіден, зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдісті кеңінен пайдалану; екіншіден, қоғамды организм ретінде түсіндіру; үшіншіден, қоғамдық өмірдің эволюциялық заңдылығы идеясы. Г.Спенсер, біріншіден, қоғамды биологиялық организм ретіңде қарастырды, екіншіден, эволюция заңын әлеуметтік даму үдерісіне пайдаланды. Ағылшын әлеуметтанушысының ойынша, қоғам тірі организм, соңдықтан оған биологиялық заңдар тән бола алады. Ол эволюция мәнін қарапайым нәрседен күрделіге, бір тектіден әр тектіге өзгеру, үдемелі қозғалыс ретінде қарастырды. Бұл қоғам дамуының әр кезеңін зерттеуге мүмкіндік берді.
Спенсердің айтуынша, қоғамньщ дамуы барысында бір әлеуметтік институттар орындаған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде жаңадан пайда болған немесе бүрыннан бар институттар арасында бөлінеді. Саралану қоғамның өртұрлі бөлшектерінің үдемелі мамандануын білдіреді де, қоғам ішіндегі гетерогеңцікті көбейте түседі. Мәселен, бұрыңғы заманда отбасы репродуқтивті, экономикалық, құрылымдықжәне аздап саяси функциялар аткзрды. Сонымен, Спенсер эволюция деп аталған процеске мынадай жалпы анықтама береді. Эволюция дегеніміз — қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белтілі, өзара байланыскзн әртеқті күйге әсер ететін заттар интеграциясы, ол зат сақтаған қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді. Спенсер бірінші тәсілді — органикалық үқсастықты дәйекті тұрде жақтады. Бұл оның позитивистік ұстанымынан туған еді. Қоғамды организмнің ерекше тұрі деп карастыратынын айта келіп Спенсер бынай деп мәлімдейді: "Біз қоғамды ерекше мән ретінде карастыруға күқынымыз; себебі ол дискретті бірліктерден құралса да, әр қоғамньщ алып отырған орны шеңберіндегі жалпы ұқсастықтарды ғасырлар бойы және тұтас ұрпақтарда сақтау олардың күрған агрегатыньщ белтілі бір нақтылығын корсетеді". Бұл агрегатты қай тапқа — органикалық немесе органикалық емес тапқа жатқызу кереқтігі күдік туғыза қоймас: әрине, органикалық тапқа жатады. "әлеуметтану негіздері" деген еңбек тарауларының бірінде "Қоғам дегеніміз организм" деп аталады.
52. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасына талдау жасаңыз.
Еуропада әлеуметтанудың институттену үдерісі, оның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуы әлемдік әлеуметтану дамуының классикалық кезеңінің ірі өкілдерінің бірі, француз әлеуметтану мектебінің негізін салушы Эмиль Дюркгейм (1858—1917) атымен тығыз байланысты. Ол «Еңбектің қоғамдық бөлінуі», «Әлеуметтанулық әдіс» және т.б. іргелі еңбектерінде эмпирикалық зерттеулер мен әлеуметтанудың қолданбалы сипатына назар аударып, әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесін жасады. Оның тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алып, ол тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмей, басқа қоғамдық ғылымдарды әр түрлі ғылыми әдістемелер, теорияларымен қаруландырады деді. Э. Дюркгейм «Еңбектің қоғамдық бөлінуі» атты ең басты еңбегінде өзінің әлеуметтанулық тұжырымының өзегін құраған әлеуметтік келісім мен ынтымақтастық (теория солидарности) теориясын зерттеді. Ол әлеуметтанудың басты міңдеті - әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын, негізін анықтау деп атап көрсете отырып, қоғамда әлеуметтік проблемалар мен шиеленістердің болатынын білді. Осы бағытта ол қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін маманданған топ құру идеясын дамытты. Қоғам дамуындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі — ұжымдық сана деп санады. Оның түсінігінше, әр қоғамда өзіне тән тарихи қалыптасқан салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, көзқарастардың, моральдық нормалар мен ережелердің жиынтығы болады. Қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс-әрекеттері мен қызметтерінде басшылыққа алып отырады. Э. Дюркгейм қоғам дамуын талдай отырып, әдеттегі көне, ежелгі қоғамнан қазіргі индустриалды қоғамға өтпелі кезеңде аномия (яғни, қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиеттерін басқарудың төмендеп кетуі) құбылысының объективті орын алатынын атап көрсетеді. Ол нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізіңде қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына байланысты адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себептерді анықтады. Ол өзін-өзі өлтірушіліктің 4 типін (тұрпатын) анықтап берді, олар: эгоистік (өз құлқынын ойлаушылық), альтуристік (басқа кісі туралы қалтқысыз қамқорлық), экономикалық және фаталистік (тағдырдың қайталанысына сенуге ыңғайлы адам). Бұлардың әрқайсысының өзіне тән құпиясы бар, оның шешілу жолы жеке адам мен топтың қарым-қатынасына байланысты екенін атап көрсетті. Бұл теория қылмыстық істердің және девианттық (ауытқу) мінез-құлық әлеуметтануының негізін салуда маңызды болды. Э.Дюркгейм әлеуметтануды теориялық және әдістемелік жағынан негіздеп, оны өз алдына ғылым болу мүмкіндігіне ие етті. Оның әлеуметтануы әлеуметтік өмірдің қызметіне байланысты негізінен үш салаға бөлінеді: әлеуметтік морфология, әлеуметтік филиология және жалпы әлеуметтану.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 246 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |