Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

О.Конт “Әлеуметтік статикаға” талдау жасады отбасының жағдайынан бастады.

Читайте также:
  1. Вклад в развитие социологии О.Конта.
  2. Дәріс 12. Қоғам философиялық талдаудың негізі.
  3. Егер экономика бүтін жүйе ретінде зерттелсе, онда бұл талдау былай
  4. Зарождение соц-гии как науки.Концепция О.Конта
  5. История социологии (О.Конт-основоположник социологии, П.Сорокин и его вклад в становление социологии в России)
  6. Іскерлік қарым-қатынас психологиясына талдау беріңіз.
  7. Кәсіпорындардың пайдасын және рентабельділігін факторлык талдау.
  8. Кешенді статикалық талдау және оны құқықтық статистикада қолдану
  9. Кешенді статистикалық талдау және оны құқықтық статистикада қолдану
  10. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау

Әлеуметтік статика “ұжымдық тіршілік ету құрылымын” бөліп көрсетіп, барлық адамзат қоғамына тән тіршілік ету жағдайларын және соған сәйкес үйлесімділік заңдарын зерттейді. Бұл жағдайлар индивидке, отбасыға және қоғамға (адамзатқа) қатысты.Конттың ойынша, индивид табиғи түрде қоғамда өмір сүру үшін жаралған; бірақ оның өзімшіл ерекшеліктері де табиғи сипат алады. “Нағыз социологиялық элемент” - индивид емес, отбасы болып табылады.Отбасы - әлеуметтік өмір мектебі, мұнда индивид бағынуды және басқаруды үйренеді, басқалармен үйлесім тауып өмір сүруді үйренеді. Ол әлеуметтік сабақтастық сезімі мен өткен ұрпаққа тәуелділікті түсіну керектігін сіңіріп, өткенді болашақпен байланыстыра отырып “...Адамның өмірге кеше келдім деп ойламауы әрқашан маңызды болады...” дейді. Микроәлеуметтік жүйе болған отбасы иерархия мен субординацияға бағынады: мұнда әйел еркекке, кішілер - үлкендерге бағынуы тиіс. Отбасы - қоғамды құрайтын негізгі элемент.Қоғам отбасылар жиынтығынан құрылады; мұнда отбасылық тіршілік ету сатысы саяси тіршілік ету сатысына ауысады. Отбасы, ру, ұлт, мемлекет - мұның бәрі дәйекті түрде адамзатқа ұмтылу ассоциациясының кезеңдері болып табылады. Бірақ отбасы - ассоциация емес, ол сезімдік, эмоционалдық байланыстылыққа негізделген “одақ” болып табылады. Конттың ойынша, еңбек бөлінісі тек экономикалық емес, сонымен бірге іргелі әлеуметтік факт және “біздің әлеуметтік өміріміздің басты шарты” болып табылады. Еңбек бөлінісі әлеуметтік ынтымақтастықтың және әлеуметтік организм көлемінің ұлғаюы мен күрделілігінің өсуі негізінде жатыр. Ол әр отбасына басқаларға тәуелділік сезімі мен өзінің жеке маңыздылығы сезімін туғызады, сондықтан әр отбасы өзін бүкіл жүйеден бөлінбейтін маңызды қоғамдық функцияны атқаратынын біле алады.Ынтымақтастық барлық тірі жанға тән болғандықтан қоғамда ең жоғары дәрежеге ие болады. Осы дәрежені және адамзат қоғамындағы әлеуметтік ынтымақтастық ерекшелігін анықтау үшін Конт әлеуметтік консенсус (келісім) түсінігін қолдана бастайды. Консенсус оның теориясында “әлеуметтік статиканың негізгі идеясы” болып табылады.Сонымен қатар, еңбек бөлінісінің әлеуметтік организм үшін белгілі бір зияны мен қауіп-қатері бар. Ол қоғамды көптеген бөлек топтарға ыдыратып жіберу қаупін тудырады. Ол адамды бір жағынан шебер ететін болса, екінші жағынан “тым қабілетсіз” етеді. Өзінің жеке міндетін орындауға ұмтылған адам, тек өзінің жеке мүддесін ойлайды да, әлеуметтік мүддеге селқос болады.

О.Конттың “Әлеуметтік динамикасы” адамзат дамуының универсалды әмбебап заңдылықтарын ашуды мақсат етті. О.Конт бойынша “Әлеуметтік динамика” тұжырымдамасын әлеуметтанулық талдаңыз.

Әлеуметтік динамика - прогресс теориясы. Прогресс түсінігі тек адамзат қоғамына тән болып келді, олардың өзіне тән ерекшелігін жасап, социологияны биологиядан бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Жануарлар қауымдастығымен салыстырғанда, бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жинақталған материалдық және рухани байлықтарды қалдыра алуының арқасында прогресс мүмкін болады. Қоғам мен адамзат арасында айырмашылықтың болмауы салдарынан және социологияның “адамзат табиғатының позитивті теориясының” құрамына кіруі нәтижесінде Конттың прогресс теориясы өзінің негізі бойынша антропологиялық болып табылады.

Конт прогресс бақыттың шексіз өсуі мен адамның жетілуімен бірдей емес екендігін ескертіп, бұл түсінікті “даму” ұғымымен ауыстыру керектігін айтады. Әлеуметтік динамика ауытқулардың мүмкіндігі мен қажеттілігін мойындайтындықтан оптимизмнен айрылған. Тарихта “органикалық” кезеңдер “сыни” кезеңдермен сабақтастық бұзылған кезде алмасып отырады. Дегенмен, Конт әлеуметтік дамуды жетілу, жақсару, прогресс ретінде сипаттайды.

Конт үнемі прогрестің үздіксіз және сабақтастық сипатын ерекшелейді. Кеңістікте әлеуметтік статика ынтымақтастықты қалай анықтаса, әлеуметтік динамика оның уақытын анықтайды. Әлеуметтік динамика қоғамның жүйелілік күйін өткен шақтың нәтижесі мен болашақтың қажетті қайнар көзі ретінде қарастырады, өйткені Лейбництің аксиомасына сәйкес “осы уақыт болашақты тудырады”.

Дәстүршілердің көзқарастарына сәйкес, Конт ұрпақтар сабақтастығын ерекше айта келіп, алдыңғы ұрпақтар болашақ ұрпақтың дамуына үлкен ықпал жасайтындығын айтады. Өзінің “Позитивтік катехизисінде” ол былай дейді: “Әрдайым тірілерді өлілер басқарып отыратын болады: бұл адамзат болмысының іргелі заңы”. Бұл анықтама оның адамзаттың көпшілік құрамы өлілерден құралады және әлеуметтік байланыс “тірілер өлілерге қарсы шыққан” жағдайда бұзылады деген тезисімен ұштасады.

Конттың ойынша әлеуметтік прогрестің басты заңы - үш саты заңы. Барлық қоғамдар ерте ме, кеш пе өзінің дамуында теологиялық, метафизикалық, позитивті кезеңдерден өтеді.

Оғамның дамуы – сана дамуының бір сатысынан екінші сатысына көшуі арқылы, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивтік «үш саты заңы» арқылы көрсетіледі. Осы «үш саты заңын» талдай отырып, түсіндіріңіз

Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б. Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады. Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік.

Теологилық кезеңді Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Бұл кезеңде адамзат санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады.

Екінші кезең – метафизикалық. Қоғамда абстракция, метафизикалық концепциялар үстемдік етеді. Бұған Конт материалистік философия мен революциялық қағидаларды жатқызады. Бұл концепцияларды сынға алып, ол марксизмнің, әсіресе таптық күрес жөніндегі көз-қарастарымен келіспеді.

Үшінші кезең — позитивистік. Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезен деп сипаттады. Бұл діни, философиялық тұжырымдамалардан алшақтап, эмпиризм, физикализм, позитивизм принциптер негізінде қоғамның барлық салаларын қарастырады. Эмпиризм — дүние жөнінде нақты ақиқат дерегі ретінде тәжірибе болып табылады. Позитивизм – пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады. Физикализм – бұл физика ғылымы тұрғысында қарастырылатын, ғылыми түсініктер. Осымен Конт әлеуметтануды жаратылыстану ғылымдары, әсірессе физика үлгісі бойынша бағыттады.Әлеуметтану қоғам дамуын табиғат заңдарынан ажыратылмайтын, универсалды заңдарды қарастыруға бағытталады. Өз ғылыми жаңалықтарын ол төрт әдіс арқылы іске асырады: бақылау, эксперимент, салыстырмалы және тарихи әдіс.

Леуметтанудың әдістері туралы мәселелерге Конт неге басты назар аударған,осы әдістерді атаңыз және олардың мәнін түсіндіріңіз

Социологиялық ақпарат жинаудың негізгі төтр түрі бар. Олар:

1)сұрақ алу әдісі;

2)бақылау әдісі;

3)тәжірибе жүргізу әдісі;

4)құжатты талдау әдісі;

Социологиялық сауалнама – бұл талдау объектісі мен пәнінің сандық-сапалық сипаттамасын анықтауға бағытталған, бірыңғай зерттеу ойымен біріктірілген сұрақтар жүйесі.

Анкеталық сұрау салу социологиялық зерттеулердің алғашқы мағлұматтар жинау сатысында аса маңызды әдіс болып табылады.

 

Анкета – зерттеушінің жауапшымен (респондент) анкета арқылы контактыға негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің бірден-бір кеңінен тараған тәсілі.

Анкетаны жасаудың, онымен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекше әдістемелік тәсілдері мен сипаты бар. Кез-келген анкетаның үш құрамдас бөлігі: кіріспе, мазмұндық (негізгі бөлім) және қорытынды (төлқұжат) бөлімдері болады.

Бақылау әдісі деп – зерттеу барысында бақылаушының болып жатқан оқиғаларды ағымдық процесіне қарай тікелей тіркеп отыру әдісін айтамыз.

Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі Жеке бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісін өзінше жеке бақылауы;

Топтық бақылау – зерттеу объектісін бақылауға құрылған арнайы топ;

Іштей бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне қатысу арқылы мәлімет жинауы;

Сырттай бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне араласпай сыртынан бақылауы;

Табиғи бақылау – табиғи ортада, табиғи жағдайларда жүргізілетін зерттеу;

Зертханалық бақылау – арнайы құрылған, жасанды жағдайдағы бақылау.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 77 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав