Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік топ» ұғымының анықтамасы. Оның белгілері. Әлеуметтік топтардың түрлері

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. F) оның айналымының мерзімі біткенде номиналды құнын қайтару құқығы
  3. PowerPoint ортасында тұсаукесер (презентация) құру, оның мүмкіндіктері.
  4. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  5. Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат түрлері. Ақпараттарға қолданылатын амалдар.
  6. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері, мәселелері, қасиеттері.
  7. Абылдау және оның физиологиялық негізі
  8. Ажеттілік ұғымының мәнін ашатын анықтамалар: Адамның мәдени, рухани мұқтаждықтары
  9. Азақ ақын-жазушыларынан қиял түрлерін (қайта жасау, творчестволық қиял, арман) көрсететін нақты мысалдар келтіріңіз.
  10. Азақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастарын сипаттаңыз

Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды элементтері болып табылады.

Әлеуметтік қауымдастық - салыстырмалы тұтастығымен ерекшеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы.

Әлеуметтік қауымдастықтардың басқа бір маңызды түрі әлеуметтік топтар болып табылады. Әлеуметтік топ ұғымының социологияда бірнеше мәні бар. Барынша кең мағынасында ол тұтас қоғамды, тіпті барлық адамзатты қамтиды. Неғұрлым тар мағынасында бұл ұғым қоғамның ішінде белгілі бір жеке бастық, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлесіп қызмет атқаратын адамдардың азды-көпті жиынтығы болып табылатын ішкі жүйені бөлу қажет болған кезде пайдаланылады.

Социологтар “әлеуметтік топ” ұғымын әр қалай анықтайды.

Р.Мертон әлеуметтік топты белгілі бір жолмен бір-бірімен қарым-қатынаста болатын, өзінің сол топқа жататынын ұғынатын және басқа адамдардың көзқарасы бойынша оның мүшесі болып саналатын адамдардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, оның үш айырмашылық белгісін бөліп көрсетеді - өзара іс-әрекет, мүшелік және сәйкестілік. Ұқсас анықтама бере отырып, Н.Смелзер адамның мінезін көбіне оның қандай да бір топтың адамы екендігімен түсіндіретінімізді айтады. Фролов С.С. әлеуметтік топты оның әрбір мүшесінің басқаларға қатысты белгілі бір жолмен қарым-қатынаста болатын жеке адамдардың жиынтығы деп түсінеді. Бұл анықтамада жиынтықты топ деп санау үшін қажетті екі маңызды шартты көруге болады: 1) оның мүшелері арасындағы өзара іс-әрекеттің болуы; 2) топтың әрбір мүшесінің басқа мүшелерге қатысты әрекетерінің болуы.

Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді. Шағын әлеуметтік топты ажырату белгілері: 1) құрам санының аздығы; 2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы; 3) өмір сүру ұзақтығы; 4) топтық құндылықтардың, нормалардың және мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы; 5) топқа кірудің еріктілігі; 6) адамның мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.

Шағын топтарды қандай түрлерге және типтерге бөлуге болады? Зерттеу мақсаттарына қарай бір емес, бірнеше типология болуы мүмкін. Егер де бізді топ мүшелерінің тұлғааралық қарым-қатынастарының тереңдік дәрежесі қызықтыратын болса, онда топтарды ресми және бейресми топтарға бөлеміз. Олардың алғашқысы - мынадай негізгі ерекшеліктері болатын ресми ұйымдардың түрлері:

- ол оңтайлы, яғни оның негізінде орынды, белгілі мақсатқа қарай саналы түрде қозғалу

принциптері жатыр;

- ол принципті түрде тұлғасыз, яғни жасалған бағдарлама бойынша араларында жетілген қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке адамдарға арналып есептелген. Мұндай топты, әдетте, неғұрлым жоғары деңгейдегі әлеуметтік жүйе құрайды, оның функцияларын да, құрылымдарын да береді. Мұндай топтағы көшбасшының беделі, мәртебесі тек қана оның жеке басының қасиеттерімен емес, “жоғарыдан”, сырттан алатын лауазымымен де анықталады.

Бейресми топқа келер болсақ, оның мүшелерінің бір-біріне тұлғалық, эмоциональдық алдын ала дұрыс көру қатынасының нәтижесі ретінде құрылады; спонтанды (өзінше еркін), оны құрайтын жеке адамдардың бастамасы бойынша жасақталады. Шағын топтардың қызметінде ұйымдардың барлық белгілері айқын көрініс табатын болғандықтан, бейресми топтар да ресмиден тыс (ресми топтардың шеңберінде қалыптасатын) және әлеуметтік-психологиялық (кез келген жерде пайда болатын) болып бөлінуі мүмкін.

Типологияның маңызды түрі шағын топтарды бастауыш және екінші деп бөлу болып табылады. Мұндай бөлудің салыстырмалы екендігін әуел бастан ескерте кеткен жөн. Бастауыш топ -мүшелерінің өзара байланысуларының жоғары (кейде неғұрлым жоғары) жиілігімен және тығыздығымен ерекшеленетін шағын топ. Бастауыш топ көбінесе басқа шағын топтың құрамдас бөлігі болып табылады, бұл жағдайда ол алғашқы топқа қатысты алғанда екінші топ болады. Егер де біз мысал ретінде студенттік (академиялық) топты қарастырар болсақ, онда ол бірнеше топтарды біріктіретін курсқа (лекке) қатысты алғанда бастауыш топ болады.

Г.С. Антипинаның көрсеткеніндей бастауыш шағын топтың өзіне тән белгілері мынадай: құрам санының аздығы, кеңістіктегі жақындық, өмір сүру ұзақтығы, мақсат бірлігі, топқа кіруге еріктілік және мүшелерінің мінез-құлқына бейресми бақылау.

Әлеуметтік топтарды жіктеу топтарды шағын және үлкен, бастауыш және екінші деп бөлуді ғана көрсетпейді. Қоғамдық топтардың әлеуметтік жағдайлары бойынша өзгешелігі бейнеленетін қоғамның әлеуметтік құрылымының сипаттамасы тұрғысынан әлеуметтік-таптық қауымдастықтар (таптар, қабаттар); әлеуметтік-демографиялық қауымдастықтар (еркектер, әйелдер, балалар, ата-аналар және т.б.); этникалық әлеуметтік қауымдастықтар (ұлттар, ұлыстар, тайпалар, ұлттық және этнографиялық топтар); әлеуметтік-аумақтық топтар (қала, ауыл, аймақ); әлеуметтік-кәсіптік қауымдастықтар және т.б. сияқты әлеуметтік топтарды бөліп қарау ерекше маңызды.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 125 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав