Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастарын сипаттаңыз

Читайте также:
  1. E) Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. VІ Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
  3. Абай қазақ қоғамының жағдайын қалай сипаттайды?
  4. Азақ ақын-жазушыларынан қиял түрлерін (қайта жасау, творчестволық қиял, арман) көрсететін нақты мысалдар келтіріңіз.
  5. Азақ диаспорасының эндогенді және экзогенді тілі
  6. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  7. Азаққа психология керек пе? Атты тақырыпқа мақала жазыңыз
  8. Азақ-ң әлеу. экол.проблемалары табиғи орта-ң бұзылу процесі.
  9. Азақстан 2030 стратегиясының басым бағыттарыҚазақстан-2030

Қазақстанның әлеуметтанушылық ойы қалыптасуының іргелі негіздері болып табылатын мына факторлар: бірінші негізгі қабатта өз дәуірінің дара ойшылдары ретіндегі Абай мен Шәкәрімнің мұралары. Олардың дүниетанымында шығыс философиясының, адам мен қоғамды тану теориясының үздік дәстүрлері көрініс тапқан. Олар қазақ қоғамының дамуындағы рухани және ізгілік бастауларына, жалпы адамзат құндылықтарына жол салған. Олардың ілімінің, көзқарастарының маңызы және шығармашылық мұрасы қоғамдық сананың орнықты принциптерімен сипатталады. Олар Қазақстан қоғамы дамуының қазіргі кезеңінде ерекше өзекті.

Екінші мәдени және ғылыми қабат ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының өкілдері болып табылады. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннен бастап қазақтың ұлттық зиялыларының шоқ жұлдызы жасақталады, оның айрықша белгілері қазақтардың дүниетанымының ұлттық нысандары мен зайырлы білімдерінің нәтижесінде алған демократиялық көзқарастарын ұштастыруы болып табылады. Батыстың классикалық білімдерін, патшалық режим жағдайындағы ресейлік еркін ой иелерінің демократиялық идеяларын, Шығыс ілімдерінің дәстүрлік негіздерінің және көшпенді мәдениеттің сүзгіден өтуі дүниені қабылдаудың ерекше нысандары мен қоғамды зерделеудің белгілерін қалыптастырды.

А.Құнанбаевтың (1845-1904) қарастыратын мәселелерінің бірі – жеке адамның құрылымы. Бұл жерде оның көзқарастары Э.Дюркгеймнің, П.Сорокиннің көзқарастарымен сәйкес келеді. Ол жеке адамда биологиялық "Мен" болатындығын айтады. Абай "жан мен тән адамға табиғат арқылы берілген" – деп өзінің 43 қара сөзінде көрсетеді. Абай адамның мәнінің негізінің әр түрлілігін жеке адамдардың өзара байланысына және өзара әрекетіне байланысты екендігін, сонымен бірге оған тигізетін әлеуметтік ортаның да әсерін сипаттайды.

Абай адам табиғатының екі жақтылығын көрсете отырып, адамның сұраныстарын табиғи және оны танып білуді жатқызса, ақыл мен білімді адамның еңбектік іс-әрекеті арқылы қалыптасатын сұраныстарына жатқызады.

Абайдың әлеуметтік көзқарастарын жеке адамды әлеуметтік сипаттауынан да көруге болады. Абай қара сөздерінде жеке адамның әлеуметтенуінің кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетеді: балалық, жасөспірімдік, жетілу кезеңдері. Абай дүниеге келгеннен бастап сәбиде екі түрлі сұраныс қалыптасады деп көрсетеді: 1) тамақ ішу мен ұйқыға деген сұраныс; 2) білуге деген сұраныс. Бұл жерде Абай Әлеуметтену процесінің бейімделу және интериоризация кезеңдерін сипаттайды. Абай әсіресе білімнің адамның қалыптасуына тигізетін әсерін жоғары бағалаған. Ол "мінез ерекшеліктері" және "адамның мәні" ұғымдарына тоқтала отырып, адамның мінезінің жақсы және жаман жақтарына толық тоқталады. Жаман қасиеттер: мақтаншақтық, алдау, бейжайлық, дандайсу, жалқаулық, өзін-өзі жақсы көру.

Ы.Алтынсарин (1841-1889) – халықты оқыту, білім беру ісінің әлеуметтік мәнін терең түсінген адам. Ол қазақ қоғамының күйін зерттей келе дүниежүзілік алдыңғы қатарлы өркениетпен артта қалған қоғамның тежелу себебі қазақ арасында оқу-білімнің таралмағандығын деп біледі. Ы.Алтынсарин орыс әкімшілігінің отаршылдық саясатын сынай отырып, орыстар мен қазақтардың бір–бірімен жақындасуын күштеп кіріспей, оның табиғи жолмен өтуі керектігі туралы пікір білдірген. Ы.Алтынсарин ескілікті, әдеп-ғұрыптарды, оларлың әсерлерін зерттеп, олардың әлеуметтік өмірдегі маңызы туралы ғылыми пікірлер айтады. Соның ішінде отбасында құда болу, үйлену тәртіптерін мұқият талдап, қазақ қоғамын нығайту үшін көптеген әдет-ғұрыптардың маңызды екендігін айтады.

Ш.Уәлиханов (1835-1865) "Сот реформасы туралы хат", "Сахарадағы мұсылманшылық туралы", "Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы" тб еңбектері туралы. Қазақ-қырғыздардың әлеуметтік жағдайы, отарлау мәселелері.

А.Байтұрсынов (1873-1937) – ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы қоғамдық ойдың ірі өкілдерінің бірі – 1913 ж. наурыздан өзі шығара бастаған "Қазақ" газетінің бетіне қазақ қоғамында саяси-әлеуметтік қатынас көтеріп, оған ғылыми талдау жасады, түбегейлі әлеуметтік саяси өзгерістер жасаудың қажеттігін көрсетіп, дәлелдеп отырды. Отаршылдықтың бұғауын бұзып, ұлттық және әлеуметтік бостандық үшін күреске шақырды. 1917 ж. "Алаш" партиясын құруға белсене қатысты. Сол жылы партия сьезінде қарауға өзекті мәселелерінің бірі – қазақтың территориялық-ұлттық автономиясын құру, жер мәселесін шешу, мемлекет басқару ісі, халық милициясын құру, халыққа міндетті түрде бастауыш білім беру, т.б.

М.Жұмабаев (1858-1931). Ақын философ, аудармашы-гуманистік, ағартушылық, демократиялық идеяларды уағыздап, мол көркем мұра қалдырған. Шәкәрім шығармаларында рационализмге, деизмге көп мән беріледі. "Үш анық" кітабында таным, ұждан мәселелеріне назар аударған. Мақсаттың, көзқарастың, ақыл-ойдың адамның әлеуметтенуіне, дүниені танып-білуге тигізетін әсерін айтады.

51.П.Монсонның «Саябақ аллеясындағы қайық (Лодка на аллеях парка)» еңбегінде әлеуметтік өзгерістер қалай сипатталғандығын ашып көрсетіңіз.
52.Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орнын көрсетіңіз.
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.
Қ азіргі қоғамдағы терең, әрі түбегейлі өзгерістер, жаңа әлеуметтік құбылыстардың және шешімін таппаған әлеуметтік мәселелердің қалыптасуы әлеуметтану ғылымының дамуын талап етті.
Әлеуметтану ғылымы қоғамның әлеуметтік жағдайын теориялық тұрғыдан түсінуге, сипаттауға және жүйелеуге, тәжірибелік тұрғыдан деректер жинауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтану – абсрактылы ғылым емес, ол ең алдымен қоғамдағы әлеуметтік топтардың мүдделердің тепе теңдігін және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін нақтылы әлеуметтік проблемаларды шешу мен зерттеп білу міндеттерін атқарады.
Әлеуметтану қоғамдық процестер мен құбылыстардың нақтылы бейнесін беретін, жекелеген әлеуметтік фактілер туралы дәлме-дәл, шынайы мәліметтерге негізделуі тиіс.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысынң екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 296 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав