Читайте также:
|
|
Оршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:
Экологиялық мониторинг – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол 3 сатыдан тұрады:
Жағдайды бақылау;
Бағалау;
Болатын өзгерістерді болжау.
Э.м. нысандарына табиғи,антропогендік немесе табиғи- антропогендік экожүйелер жатады. Э.м. мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ак, тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді.
Ғаламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, тағы басқа экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Э.м. әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын бақылау жүйесі б.т. Ондай буындарға ғаламдық, ұлттық, аймақтық, жергілікті э.м. жатады.Мысалы, ғаламдық Э.м. халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық Э.м. бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Э.м. ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті Э.м. елді мекендерде,кәсіпорындарда қ.о сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі.
Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:
Биологиялық мониторинг
- биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.
Базалық мониторинг
- жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау.
Биосфералық мониторинг
- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.
Биоэкологиялық мониторинг
- табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 300 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |