Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. Бұл үшін салауаттану дегенімізді білгеніміз жөн.

Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады.

Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден — дені сау адам, екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі бағыттары мыналар:

- жеке және қоғамдық гигиена;

- дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;

- организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;

- күн тәртібін тиімді пайдалану;

- дұрыс және уақтылы тамақтану;

- жұкпа аурулардың алдын алу;

- тән ауруларынан сақтандыру;

- жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;

- зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру;

- жыныс гигиенасы;

- психопрофилактика және психогигиена;

- кикілжің және денсаулық;

- экология және денсаулық.

Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты - балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.

 

2 Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін, сөздерді аударыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

Қоғамдық гигиена Жеке гигиена Қоғамдық гигиена Алдын алу Сақтандыру Тамақтану Шыңдану Пайдалану Шынықтыру

3 Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін оқып-үйрену міндетін қояды.

 

4 Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз? Неліктен

2. Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

3. Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?

4. Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

5. Зиянды әдеттерге нелер жатады?

6. Салауатты өмір сүру дегеніміз не?

 

5 Жұптастырыңыз.

Дұрыс және уақытылы алу

Аурудың алдын тамақтану

Жеке және қоғамдық пайдалану

Күн тәртібін тиімді гигиена

6 Назар аударыңыз!

Антоним– мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы, аласа – биік, ұзын – қысқа, ақ –қара, жақын –алыс, су жүрек – жүрек жұтқан. Антоним қолданылатын орындар: 1) қос сөздер (ары –бері, жоғары – төмен, ақ –қара); 2) тіркескен сөздер (құй да төк, ал да бер); 3) Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі жеткізу құралы ретінде мақал-мәтелде жиі қолданылады. Мысалы, Көз – қорқақ, қол – батыр.

Ескерту: жұрнақ арқылы және жоқ, емес сөздері арқылы жасалған болымды-болымсыз мағынадағы сөздер антоним бола алмайды.

 

7 Антонимдес сөз тіркесін табыңыз.

Асқар тау, тілегей теңіз; кең дала, айдын көл; денсаулығы жоқ, ақшасы бар; тал түсте, күз мезгілде; ала жаздай, қыс бойы.

 

8 Антонимді табыңыз.

Іші жылу – көз жұму. Аяқ алысы – қолы жүру. Ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер. Табанын жалтырату – қарасын батыру. Ат қою – айдар тағу.

 

9 Мақалдардан антоним сөздерді табыңыз.

Ер мойнында қыл арқан шірімес.

***

Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

***

Ананың көзі балада, баланың көзі далада.

***

Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле.

***

Көз - қорқақ, қол – батыр.

 

10 Есте сақтаңыз!.

Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір, - дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.

 

 


Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 38 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2021 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав