Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН

Читайте также:
  1. М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
  2. МАРАТ ОСПАНОВ атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
  3. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
  4. Тақырып 6. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Қазақстан – Еуропа мен Азияның орталығында орналасқан егеменді, ірі ел. Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Мемлекеттік тәуелсіздік–ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Қазақстанда 17 миллион халық тұрады, мұның ішінде 100-ден астам ұлт өкілдері бар. Біздің Отанымыз – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірлесе отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер т.б. ұлттар еңбек етіп жатыр.

Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақстан Республикасы - демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Ел тұрғындары негізінен ислам және христиан дінін ұстанады. Басты қаламыз - Астана. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы жоғарғы өкілді органы - Сенат (39 депутат) пен Мәжілістен (77депутат) тұратын Парламент. Атқарушы билік органы -Үкімет. Ұлттық ақша-теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді.

Қазақстан жаңа мыңжылдыққа тек дербес қана емес, сонымен қатар қуатты мемлекет ретінде аяқ басты. Ел тәуелсіздік мемлекет ретінде дамыған жылдары құқықтық және азаматтық қоғам құру жолында елеулі табыстарға жетті. Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді Әлемнің 120-дан астам мемлекеттері ресми түрде таныған Қазақстан Республикасы БҰҰ, ТМД, ЮНЕСКО, ЕҚЫУ т.б. да 64 халықаралық ұйымдарға мүше. Қазақстан - ядролық қарудан бас тартқан ең алғашқы мемлекет.

Қазақстанда 14 облыс, 87 қала (оның екеуі республикалық дәрежеде), 159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар. Республиканың мәдени өмірі сан салалы. Елде 52 театр (оның екеуі опера және балет театры, 15-і қазақ, 14-і орыс, ұйғыр, корей және неміс драма театры, жетеуі қуыршақ театры), 15 филормония, 64 музей, 10 мыңнан астам кітапхана (оның 3066-сы мемлекеттік), 2227 мәдени-сауық мекемелері, 271 кинотеатр, 24 концерттік мекемелер бар.

Қазақстанда мемлекеттік марапаттар: жоғарғы деңгейдегі белгілері «Алтын қыран» ордені, «Халық қаһарманы» атағы, «Отан», «Даңқ», «Айбын», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендері, Ерлігі үшін, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін, Шапағат медальдары болып танылады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқып, аударыңыз.

2. Мәтіндегі жаңа сөздермен сөздік жұмысын жасаңыз.

3. Мына сөз тіркестерімен жазбаша сөйлемдер құрастырыңыз: Мемлекеттік тәуелсіздік, ұлттық қауіпсіздік, біртұтас мемлекет, елеулі табыстар, халықаралық ұйымдар, жаңа мыңжылдық, елді мекен, қазақстандықтардың әл-ауқаты, мемлекеттік марапаттар.

4. Мәтіннен туынды сын есімдерді теріп жазып, жұрнақтарын көрсетіңіз.

5. Мына сұрақтарға жауап беріп, өзіңізді тексеріңіз, досыңызбен сұхбаттасыңыз.

Қазақстан қандай ел?

Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

Мемлекеттік тәуелсіздік дегенімізді қалай түсінесіз?

Қазақстан қандай ұйымдарға мүше болып табылады?

Қазақстан тәуелсіздік жылдары қандай жетіс тіктерге жетті?

Елімізде қандай мемлекеттік марапаттар бар?

6. Жағдаяттық тапсырма. Басқа мемлекеттен қонаққа келген досыңызға Қазақстан туралы мағлұмат беріп, жетістіктерін айтыңыз.

7. Мына ақпараттарды аударып, толықтырыңыз.

-1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

-1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды.

-1992 жыл наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

-1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.

-1995 жыл 29 сәуір — Республикалық реферундумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

-1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы Ақмола болып жарияланды.

-1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына арналған «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.

-2007 жыл 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.

8. Мына қысқартылған атаулардың толық нұсқасын жасаңыздар.

БҰҰ -----------------------------------------------------------------------------

ТМД -----------------------------------------------------------------------------

ЮНЕСКО ---------------------------------------------------------------------

ЕҚЫУ --------------------------------------------------------------------------

9. Отан туралы мақал-мәтел жазып, жаттаңыз.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 40 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав