Читайте также:
|
|
Мінез – саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн.
Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.
Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?
Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латын сөзі, аударғанда: «сыртқы түр» деген мағынаны білдіреді), келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні.
Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру қажет.
Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық “адамның екінші табиғаты – әдетке” айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тіршіліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды. Үйреншікті тәртіп. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері.
«Келбеті мен мінезі жақсы адам тозақ отына жанбайды» - деген қазақ халқының иманды сөзін есімізде ұстағанымыз жөн.
Тапсырмалар:
1. Мәтін бойынша таныс емес сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.
2. Мәтінді оқып аударып, әңгімелеңіз.
3. «Адам жайлы», «Адамның мінез-құлқы туралы» мақал-мәтелдерді жазып, жаттап алыңыз.
4. болмыспен, адамның, келбеті, бет-әлпетінің, мүсіні, мінезді, ақылға, тұрмыстық, ұлттық сөздерін аударып, сөз құрамына талдаңыз.
5. саналы өмір, нәзік болмыс, психологиялық жиынтығы, сыртқы келбеті, адамның қадір-қасиеті, келісті мінез, ақылға жүгіндіру. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.
6. Кестені толтырыңыз.
№ | мысалдар | синоним | омоним | антоним |
1. | Мейрам, мереке | |||
2. | ат | |||
3. | Қысқа, ұзын | |||
4. | Үлгілі, әдепті | |||
5. | Оқушы, шәкірт | |||
6. | Түс | |||
7. | Бас | |||
8. | Ақ, қара | |||
9. | күн | |||
10. | Ана, шеше | |||
11. | Биік, аласа | |||
12. | Кішкентай, үлкен | |||
Ата-ана, әке-шеше | ||||
14. | Қара | |||
15. | Алды-арты |
7. Берілген сөздерге синонимдік қатар жасаңыз.
Биік -
Мұғалім -
Данышпан -
8.Берілген синонимдерді сәйкестендіріп, сызықша арқылы көрсетіңіз.
Ауру - Келбет
Алыс - Қант
Шекер - Шалғай
Ажар - Сулы
Дымқыл - Науқас
Сырқат - Дидар
Ережені есіңізге сақтаңыз!
• Мағыналары бір - біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы СИНОНИМДЕР деп аталады
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 368 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |