Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ

(Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы)

Шәкәрім Құдайбердіұлының кез- келген өлеңдерін, дастандарын, прозалық шығармалары мен қара сөздерін алсаңыз, оның мағынасында үлкен тәлімдік мәні бар адамгершілік мәселелерінің жатқанын көресіз. Біз осыдан соң ақынның өз шығармаларын жай шабытын шығару үшін ғана емес, үлкен мақсатпен, терең оймен жазатынын байқаймыз. Оның өлеңдерінің бір бөлігі қоғамның келешегі жастарға арналады. Оларда ақын жастарды білім алуға, адал еңбек етуге шақырады:

Ақылды сол –ынсаппен ар сақтайды

Арсыз сол- арамдықпен жан сақтайды.

Адал сол- таза еңбекпен күнін көріп,

Жан үшін адамшылық ар сатпайды.

Қазақта «жаным – арымның садағасы» деген сөз бар, дүниеде адамға ғана тән, ар, ұят, ождан бәрінен де қымбат. Жеке адамның дамуында кездесетін уақытша қиындықты жоғары саналы әрекетпен жеңу, адамзаттық сапаларының бағасын арттырады.

Ол барша адамзатты бауыр тұтады. «Анадан алғаш туғанымда...» өлеңінде:

Еңбекке шыда, ебін тап та,

«Сабырдың түбі – сары алтын».

Өзімшіл болма, көпті ардақта,

Адамның бәрі - өз халқың.

Ынсап пен мейірім, әділетті,

Жанындай көріп, жан сақта.

Ол жолда өлсек неміз кетті,

Мақсұтқа жетпей қалсақ та – деп бірлікке, тұтастыққа жетудегі имандылық жолын ұсынады.

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыз.

2. Мәтіндегі өлең жолдарын қара сөзбен жазыңыз.

3. Ақылды, арсыз, адал, мейірім сөздерінің қарама – қарсы мағынасын жазыңыз.

4. Сызбаны пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.

ХАКІМ АБАЙДЫҢ РУХАНИ ӨСИЕТІ

Абай физикалық әлем мен рухани әлемді зерттеушілерді бір- бірінен бөліп қарастырған. Ол физикалық әлемді зерттеушілерді ғалымдар, ал одан әрі кетіп, рухани әлемді зерттеушілерді хакімдер деген. Абай қарасөзінде «әрбір хакім ғалым, ал әрбір ғалым хакім емес» - деген түйін жасаған. Әрине, әрбір ғалымның хакім болуына мүмкіндігі бар, бірақ, сол мүмкіндіктің іске асуы осал шаруа емес. Мысалы, физиктер Исаак Ньютон, Альберт Эйнштейн сияқты ғалымдар хакімдік сатыға жеткендер.

Хакім дегенге тоқталсақ, Абайдың айтуынша хакімдер болмаса дүние ойран болмақ. Сонда ақын қай дүниені айтып отыр дегенге келсек, әрине осы дүниені және оның ақыреттің егіні екендігін қоса айтып отыр. Ізгілік екі әлемге тән. Соны тең ұстайтын, әрине хакімдер.Хакімдік ғылымнан биік нысана. Оның кеңістігі - рухани әлем. Рухани әлем мазмұны - ізгілік.

Абай ізгілікті әр адамның жеке түсінігінен іздейді. Тату болу, бауыр

болу, жақыныңды жат қылмау бұл оның рухани өсиеті.

Абай «Темірқазығы» Қайда десек? Хакім Абай өзі айтады:

Махабатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланны жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы деп әділетті.

 

Осы үш сүю болады имани гүл,

Иманның асылы үш деп сен тәких біл.

Ойлан дағы үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына малың түгіл.

 

Дін де осы, шын ойласаң тағат та осы,

Екі дүние бұл тасдих – хақтың досы.

Осыларды бұзатын және үш іс бар:

Пайда, мақтан, әуесқой – одан шошы.

 

Ғарифолла Есім «Шәкәрім» ғылыми-танымдық журналы 30.11.2011жыл

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінен оқыған және бейне таспадан тыңдағандағы «хакім» сөзін қалай түсінгеніңізді жазыңыз.

3.Ізгілік сөзінің синонимін жазыңыз, сөйлем құрастырыңыз.

4.Мәтіннің мазмұнын ашудағы тірек сөздерді жазыңыз, сөйлем құрастырыңыз.

5. Ақын өлең жолдарында қандай жаман қасиеттерден бойыңды аулақ ұста дейді?

6.Абай атаған үш имандылық жолын жазыңыз.

 

 


Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 17 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2021 год. (0.017 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав