Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Несие нарығының мәні мен қатысушылары

Читайте также:
  1. E. Несие алу
  2. J. Несие алу
  3. Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні.
  4. Ажеттілік ұғымының мәнін ашатын анықтамалар: Адамның мәдени, рухани мұқтаждықтары
  5. Азақстандағы зейнетақы нарығының қалыыптасуы
  6. Аржы нарығындағы зейнетақы нарығының ролі
  7. Аржы нарығының экономикалық мәні мен атқаратын қызметтері
  8. Аржылық бақылаудың мәні мен маңызы
  9. аржылық делдалдықтың мәні
  10. Бағалы қағаз нарығының кәсіби қатысушылары

Нарықтық экономикада несиенің рөлі аса маңызды. Несие нарығы экономикалық санат ретінде, түпкі есебінде оның мәнін қалыптастыратын құн қозғалысымен байланысты әлеуметтік экономикалық қатынасты білдіреді. Несие нарығы – механизм. Оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж шжс мен халықтың өзара қарым қатынасы және шжс мен халыққа белгілі бір шарттармен қаражатты ұсынуды жүзеге асыратын қарым – қатынас белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ақша ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады. Несие нарығының мәні онда қандай ақша капиталының, яғни өзіндік капиталдың немесе басқа біреудің капиталының пайдаланғанына байланысты болмайды. Дәлірек айтқанда, банкир өз ісін өзіндік капиталдың көмегімен жүргізе ме немесе өз банкісінде депозитке салынған капиталдың көмегімен жүргізеді ме, мұның еш мәнісі жоқ.

Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, ел үшіндегі капитал қозғалысы, капитал салымындағы жинақтың түрленуі, ғылыми техникалық революцияның жүзеге асуы, негізгі капиталдың жаңғыртылуы жүзеге асырылады.

Несие нарығының мәні мен рөлі оның функциясын да анық­тап береді. Несие теориясында оның функциясының мазмұны мен мөлшеріне қатысты бірыңғай көзқарастар жоқ. Алайда өзі­нің барлық формасында несие мәні қайта бөлу функция­сында, айналымның несие құралын жасаушы функциясында тұрақты түрде пайда болып отырады. Кейбір ғалымдардың теориялық тұжырымдарына сүйенсек, Қазақстанның несие нарығына тән төрт функцияны бөліп көрсетуге болады:

· несие арқылы тауар айналымына қызмет ету;

· шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың, мем­лекеттің, сондай-ақ, шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту;

· ақша қорларын ссудалық капиталда тікелей шоғырлан­дыру және оны өндіріс процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану;

· мемлекеттік және тұтыну шығындарын өтейтін капиталдың көздері ретінде мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, аса қуатты қаржы-өнеркәсіп топтарының қалыптасуына ықпал ету.

Несие нарығы - әр түрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаз­дар түрінде қалыптасуымен және пайдалануымен органикалық тұрғыға байланысты болатыны белгілі. Оның деңгейі қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оның тұтастай әлеуметтік-экономика­лық қатынасқа ықпал етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысы­мен, мөлшерімен және бағытымен өлшеніп, анықталады.

Несие нарығының негізгі қатысушылары – несие беруші және қарыз алушы. Несие беруші мен қарыз алушы несие қатынасына түсу арқылы өздерінің мақсаттары мен мүдделерінің біртұтас екенін көрсетеді. Олар несие қатынасы шеңберінде орындарын алмас­тыр­уы да мүмкін, егер орындарын алмастыратын болса, несие беру­ші қарыз алушыға, ал қарыз алушы несие берушіге айналады. Несие нарығының құралы ретінде несие алға шығады. Ол (несие) айырбас сәтінде пайда болып, құнның ұдайы қозғалы­сын қамтамасыз ететін ссудалық мәміленің формасына енеді. Мұның соңғысы несие қозғалысының өзегі болып табылады.

Коммерциялық банктер нарықтағы негізгі несие берушілерге жатады. ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу жөніндегі агенттігі несие нарығында реттеуші орган ретінде танылады.

 




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 53 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав