Читайте также:
|
|
Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтардың үлесінің артуына байланысты Қазақстанның зейнетақы мен қамтамасыз ету жүйесінде объективті қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі өткір сезілді. Оны жүргізудің негізгі принциптеріне мыналар кіреді: ұрпақтар ынтымақтастығы принципімен зейнетақыны дербес жинақтау принципіне өту және 1980 жылдардың басында басталған чилийлік ең озық үлгінің негізінде мемлекеттік зейнетақы жүйесінен мемлекеттік емес зейнетақы жинақтау жүйесіне көшу. Осыған байланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың тұжырымдамасын» мақұлдады және 1997 жылдың 20 маусымында ҚР «Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданды. Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін дағдарысқа ұшыратқан негізгі себептер мыналар:
1.Халықтың қартаюы, туудың азаюы, туудың азаюы, жұмыссыздықтың артуы нәтижесінде зейнетақы жасындағылар мен жұмыс істеушілердің арасындағы арақатынастың (арасалмақтың) кемуі.
2.Бюджеттен тыс қорларға аударылатын міндетті аударымдар мөлшерінің жоғары болуы және төлемдер мен байланыстардың болмауы төлеуден бас тартуға, бюджеттен тыс қорларда ұсынылатын есеп берулерде табысты азайтып көрсетуге салық органдарынан қашу секілді іс әрекеттің тұрақты сипатталуына әкеліп соқтырды. Яғни осының нәтижесінде зейнетақы қорларына түсетін түсімнің аз болуына және салықтың өсуіне алып келді.
3.Зейнетақы жарнасының дербестендірілген есебінің болмауы қарттықты қамтамасыздандырудағы жеке жауапкершілік пен мүдделікті жойды.
4.Шаруашылықты дербес жүргізушілерге бақылаудың мүлдем болмауы.
5.Бюджеттен тыс қорлар қаражатының қалай пайдаланатыны бақыланбады.
6.Облыстардың жергілікті түсімдерден зейнетақыны төлеу бойынша мүмкіндіктері бірдей емес.
7.Басқарудың екі жақты әкімшілік құрылымына әкелетін жергілікті жерлердегі үкіметтің орталықсыздандырылуы: бір жағынан – аймақтық деңгейдегі операциялар министрліктің бөлімшелерімен жүзеге асырылады, екінші жағынан – барлық аймақтық ұйымдар әкімдерге бағынады.
8.Зейнеткерлерге уақытылы төленбеген зейнетақы төлемдер 10 млрд тг жетті.
Қ.Р з а жүйесі ҚР үкіметі 97 ж еліміздегі з а мен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын қабылдаған кезден бастап қалыптасты. З а реформасының негізі етіп чилилік үлгіні қабылдады. Чилидегі за жүйесі тартып тұратын механизмді ұстамайды, олар қызметінің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы за жүйелеріне енуші әр бір адам дербес шот ашады. Ол шотта оның за жарналары шоғырланады. Бұл қаражаттар жеке за қорына жиналып, салымшының за жасына жеткеніне қарай олар за төлемдерін салымшыларға қайтарады. За реформасын жүзеге асыру нәтижесінде за ға кететін шығындардың үлес салмағы келіп әлеуметтік сақтандыру бюджетінде қаржылық ресурстардың жинақтарын қамтамасыз ететін табыс өсті. За шығындарының үлес салмағының кемуіне нақты за жасының ұзаруы және әлеуметтік сақтандыру тұлғаларының үлес салмағын арттыру өз әсерін тигізеді. За реформасы әлуметтік сақтандыру жүйесіне белсенді қосылуға өз табыстылығын толық ашып көрсетуге және өзінің еңбек ететін жылдарын ұзартуға халықты ынталандыруға қажет. Жаңа реформаға сәйкес за жасы ұзартылды. Ерлер 63, әйелдер 58 жас. 98ж 1ші қаңтар ерлер 61, әйелдер 55 жас. 98 ж 1 шілде ерле 61,5, әйелдер 56. 99 ж 1 шілде ерлер 62, ійелдер 57. 2000ж 1 шілде ерлер 62,5 жас, әйелдер 57,5 жас. 2001 1 шілде ерлер 63 жас, әйелдер 58 жас.
Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 175 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |