Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Депозиттік және жинақ сертификаттарының мәні мен түрлері

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. D) жинақты, өйткені q < 1
  5. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  6. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  7. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  8. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  9. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  10. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.

Депозиттік сертификаттар Депозиттік сертификаты сальмшының немесе оның құқығын иеленушінің мерзімі біткенде салым ақшаның сомасын немесе ол бойынша процентті алу кұкығын айғақтайтын ақшалай қаражаттың салымы туралы эмитент-банктің жазбаша куәлігін білдіреді. Ол табысты бағалы қағаздардың бір түріне жатады, сол себепті де сатылған тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе толем құралы ретінде қызмет етпейді. Сертификатты қайтарудың мерзімі келгенде банк оны ұсынушыга тиісті төлемін төлецді. Бұл қаражат есептелуі тиіс шотты көрсетумен оның иесінің өтінішінің негізінде жүзеге асырылады. Банк талап құқығын қайта табыстау келісімшарттарының үздіксіздігін, сондай-ақ өкілетті түлганың қойылған қолының, мөрінің және атауының сәйкес келуін тексереді. Депозиттік сертификаттар иемденуіне қарай келесі түрлерге бөлінеді: Атаулы сертификаттар; Мәлімдеуші сертификаттар. Атаулы депозиттік сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады. Депозиттік сертификаттар сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады. Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар: аударылатын және аударылмайтын. Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады. Аударылатын депозиттік сертификаттар - басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттің түрі-жинақ депозиттері.олардың белгіленген мерзімі жоқ,қаражатты алуда ескертуін талап етпейді,салымның жоғарғы шегі шектелген,ақшаны салу мен алу кеззінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстар талап етеді:операцияны рәсімдеу қиынырақ,кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б.мерзімді депозиттері және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың бір шама тұрақты бөлігін білдіреді.жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды.бұл салымдардың түрі б\ша.,мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.жинақ салымдары жинақ кітапшалар негізінде толтырылады.жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандайда ескерту талап етілмейді;ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

 




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 59 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав