Читайте также: |
|
Сәулелену дегеніміз иондалатын ортамен өзара әсерлесуі арқылы әр түрлі таңбалы электр зарядттарының (иондар) пайда болуын айтамыз. Бұл сәулелену заттардың сапасын бақы-лау үшін, ғылыми–зерттеу жұмыста-рында, ауыл шаруашылығында топырақ тығыздығын өлшеу үшін, медицинада қатерлі ісік терапиясы үшін кеңінен қолданылады.
Радиациялық заттармен жұмыс істейдіндердің денсаулығына қауіп – қатер төндіретін қасиеттерге ие. Ионизациялық сәулелену адам ағзасына енген жағдайда: сәулелену ауруы, аққан (лейкемия), қатерлі ісіктер, тері аурулары, қан ұйуының бұзылуы, ішек – қарын тракттің бұзылуы,инфекциялық ауруларға, адам организмінің қарсы тұруының төмендеуі және т.б. шалдығады. Келесі ұрпаққа да генетикалық жолмен берілуі мүмкін. Өте ауыр жағдайларда еңбекке жарамдылығы жоғалады немесе өлімге әкелінеді.
Радиоактивті сәуленің үлкен қаупі ол адамның сезім мүшелерінде мәлім болмайтындығында. Адам ұзақ уақыт радиацияның әсерінде, ешқандай анық жағымсыз сезінулерді байқамай жүруі мүмкін. Бұл өзі адам өміріне үлкен қауіп және еңбекті қорғау талаптарына жайбарақат қарауынан, нәтижесінде жоғарыда айтылған қатерлерге алып келеді. Радиациялық заттармен жұмыс істеу үлкен қауіп екенінінің өзін түсіну басқа қауіптермен ешбір салыстыруға келмейтін жағдай.
Адам ағзасының радияциялық сәулеленуі сыртқы және ішкі сәулелену болып бөлінеді. Сыртқы сәулелену адам ағзасына сырттан ионизациялық сәулелердің әсер етуін айтамыз. Мысалы, ғарыштық сәулелер, табиғи радиоактивті көздер, атмосферада, суда және т.б болатын, сәлеленудің көздері техника мен медицинада және т.б қатарларда қолданылады. Ішкі сәулелену деп адам ағзасына тыныс мүшелері, ішек-қарын, тері мүшелері арқылы енуін айтамыз. Ішкі сәулелену адам ағзасында бүкіл уақыт бойы әсер етіп жүреді. Сондықтан да радияциялық изотоптар жартылай ыдырауымен және қарқынды сәулеленуімен адам ағзасында ұзақ мерзімді қатерлі ісікке алып келеді.
Радиациялық сәулеленудің адам ағзасына биологиялық әсері ағзада атомдар мен молекулалардың иондалуына байланысты, нәтижесінде молекулалық байланыстын және әр түрлі структурадағы химиялық байланыстын үзілуіне алып келеді. Ол өз кезегінде тірі жасушалардағы биохимиялық алмасу процесін зақымдайды. Сәулеленудің үлкен әсері және ұзақтығы жеке жасушалардың, мүшелердің өліміне, кейіннен бүкіл ағзаның өліміне алып келеді. Қазіргі таңда сәлеленудің үш жағдайын қарастырады: бірінші (жеңіл), екінші және үшінші (ауыр).
Ең қауіпті жағдай ағзаның сүйегінде, өмірге қажетті мүшелерде болуы. Радиациялық заттардың белгілі мүшелерде жиналуы оның тез зақымдануына алып келеді. Кейбір радияциялық заттар улағыш және жануар мен өсімдік уынан да қауіпті болады.
Адам ағзасындағы сәулелену дозасын білу үшін сәулеленудің түрін, ондағы радиациялық заттардың санын білу қажет. Сәулеленген дәрежені сәулеленудің ең максималды дозасы деп қарастыру керек. Радиациялық қауіпсіздіктің нормалары сәйкес нормативтік құжаттарда белгіленген.
Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 260 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |