Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Механикалық әсерлердің қорғаныс құралдары.

Читайте также:
  1. Дәріс 2. Гидромеханикалық үдерістер
  2. ДНҚ-ның 1-, 2-, 3-, 4-лік құрылысы. ДНҚ-ның биологиялық функциясындағы комплементарлық әсерлердің ролі.
  3. Жер генефондының өзгеруі, тірі организмдерге көрсетілетін әсерлердің жаңа түрлері.
  4. Механикалық әсерлерден қорғану.
  5. Механикалық әсерлерден қорғану.
  6. Ндірістік және азаматтық нысандарға азаматтық қорғаныс нормаларының талаптары.
  7. Оршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы
  8. Электр тоғынан зақымданудан қорғау шаралары мен құралдары.

Әр түрлі өндірістік аппараттар түріне және типіне қарамастан қауiпсiз еңбек жағдайын қамтамасыз етуi керек, ал бұл тиiстi олардың конструкторлық өңдеуi, уақытында пайдалану, қазiргi қымбат емес және қауiпсiз материалдардың қолдануының сенiмдiлiгін қамтамасыз етуiмен бірге болуы мүмкiн. Әр түрлi технологиялық үдерiстерде әрдайым, адамның денсаулығы және өмiріріне қауiптi болатын аймақтардың болатынын есте сақтау керек. Мына мысалдармен көрсетуге болады: машиналар қозғалатын бөлшектері мен құрылғының әсерінен, жылжымалы бұйымдар, биіктіктен құлаған жабдықтардың нәтижесiнде жарақаттарының алуы; электр тоғынан туатын қауiп-қатер; сәулеленудің әсері (жылулық электромагниттi, иондаушы), шу және дiрiлдеудiң әр түрлi түрлерiнiң әсерi және тағы басқалар. Кеңiстiктегi қауiптi аймақтың өлшемдерi әр түрлі болуы мүмкін бұл жабдықтың қозғалысына байланысты айнымалы немесе тұрақты бола алады. Өндірістегі зиянды факторлардан қорғану үшiн осыған байланысты ұжымдық және жеке қорғаудың құралы, сонымен бiрге автомазация және процесстердiң қашықтан басқару мүмкiндiктерiн қолданылады.

Қорғаныс құралдары мыналардан қорғау тиіс: қозғалыстағы бөлшектермен қауіпті жанасудан және кескіш құралдардан; жұмыс орнына өңделіп жатқан материалдың, қозғалыстағы және кескіш құралдың ұшып кетуінен; жұмыскерлердің құралдарды орнату барысында және кескіш құралды ауыстыру барысында жарақаттанудан; құралдың қозғалғыш бөлшектерінің бекітілген аумақтан шығып кетуінен; жұмыскерлердің ашық тұрған құдықтарға құлаудан, биіктітен құлаудан.

Қорғаныс құралдарына мыналар жатады: әр түрлі қоршаулар, сақтандырғыш клапандар, соңды сөндіргіштер, электрлі сақтандырғыштар, реле, айналыс санын шектеушілер, тежегіш құралдар, т.б. Сақтандырғыштар сөніп тұрған кезде жұмыс құралдары жұмыс істемеуі керек. Қауіп көзі жойылмайынша, қорғаныс құралдары жұмыс істеуі тиіс. Біз назарымызды қоршауыш қорғаныс құралдарына тоқтатайық. Қоршауыш қорғаныс құралдары стационарлы, қозғалмалы, және тасымалдаушы болып ажыратылады. Олар әр түрлі торлар, экрандар, терілер, және т.б. түрінде және әрқандай өлшемде, барынша адамды қауіпті зонадан қорғауға икемделіп жасалады. Сонымен қоса бұларға бірқатар талаптар қойылады. Қоршауыш қорғаныс құралдары: өңделініп жатқан өнім мен кесуші құрал бұзылғанда сынбауы керек; шу мен вибрацияны көбейтпеуі тиіс; кескіш құралды басқаруда қиыншылықтар тудырмауы тиіс. Қоршауыш қорғаныс құралдардың ішкі бөліктері қанық ашық түстерге боялуы тиіс (ашық қызыл, кызыл сары) себебі қоршауыш қорғаныс құралы алынып тасталынса, анық білінуі керек.

Техникалық құралдың керекті сигналды беретін, қызметкерлерге станоктың жұмысы туралы мағлұмат беретін,технологиялық параметрдің нормасынан ауытқуын көрсететін, қауіпті алдын-ала ескертетін құрылғысының бар болғаны маңызды. Мағлұматты беруіне байланысты дыбыстық, жарықтық және құрамдастырылған сигнал берудің түрлері бар. Газ шаруашылығында газдың ауаға таралуын оның иісі арқылы біледі,олар газға арнайы иісі шығатын қоспа қосады.

Сигнал беретін құрылғыны қолданысына қарай оперативті (процестің өтуі туралы мағлұмат беретін), ескертетін (қауіп төнгенде қосылады) және танитын (өте қауіпті түйіндерді көрсететін) болып бөлінеді.

 




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 58 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав