Читайте также:
|
|
Бет. | ||
Кіріспе | ||
Кәсіпорындағы маркетингтік зерттеулерді ұйымдастырудың теориялық аспектілері | ||
1.1 Маркетингтік зерттеулердің мәні мен ролі | ||
1.2 Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттары мен ұйымдастыру нысандары | ||
1.3 Сүт өнімдері нарығындағы маркетингтік зерттеулерді ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі | ||
«Счастливый молочник»ЖШС-дегі маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру | ||
2.1 «Счастливый молочник»ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау | ||
2.2 «Счастливый молочник»ЖШС-і қызметінде маркетинг элементерінің қолданылуын талдау | ||
2.3 «Счастливый молочник»ЖШС-дегі маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру мен оның бәсекелестік артықшылықтарын бағалау | ||
«Счастливый молочник» ЖШС-нің маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыруын жетілдіру | ||
3.1 Маркетингтік зерттеулер бюджетін әзірлеу | ||
3.2 Сүт өнімдері нарығындағы тұтынушылардың талғамдарын зерттеу әдістемесі және зерттеу нәтижелері | ||
3.3 Сегменттеу мен позициялау стратегияларын қалыптастыру | ||
Қорытынды | ||
Пайдаланылғанәдебиеттер тізімі | ||
Қосымшалар |
Кіріспе, тараулар, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және әр қосымша жаңа беттен басталады.
Мәтіндегі абзац мөлшері бес белгіге тең (1,0 см).
Диплом жұмысының беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды. Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер және ЭЕМБ арқылы жасалған басылымдар диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.
А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер ЭЕМБ арқылы жасалған басылымдар бір бет ретінде есептелінеді.
Диплом жұмысындағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.
А4 форматынан кіші түсірілген суреттер болған жағдайда олар стандартты ақ қағазға желімденуі керек.
Иллюстрациялардың реттік нөмірлері және атаулары болуы тиіс, ол суреттің астында жолдың ортасынан жазылуы тиіс (Мысалы: Сурет 1 - «Счастливый молочник»ЖШС-нің өндірістік құрылымы).
Шикізат пен материалдар қоймасы |
Қосалқы цехтар мен участоктар |
Негізгі өндіріс (цехтармен сүт өнімдерін өндіру участоктары) |
Инженерлік қамтамасыз ету қызметі (энергетика, көлік, қауіпсіздік техникасы және т.б.) |
Дайын өнім қоймалары, дүкендер |
Сурет 1.«Счастливый молочник»ЖШС-нің өндірістік құрылымы.
Барлық суреттерге сілтеме жасалуы керек, иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «...1 суретке сәйкес...» деп жазу қажет
Кестелер көрсеткіштергесалыстырмалы құрылымдық-қарқындыталдау жүргізу үшін келтіріледі. Кестенің атауы оның мазмұнын ашатындай және қысқа болуы тиіс. Кестенің атауы кестеден жоғары сол жағына қарай, абзацсыз нөмірленіп бір жолға сызықша арқылы жазылады (мысалы: 1-кесте - «Рахат» АҚ-ң 2011 -2012 жж. жекелеген өнімдерінің сату көлемі). Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады. Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтемелер болуы тиіс.
Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады (бұл ретте кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды), ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы».
Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.
Кестелердің шрифт мөлшерін мәтіндегіден кем алуға, яғни №12 кегльмен жазуға рұқсат беріледі.
Кестенің рәсімделуінің мысалы:
3-кесте
«Счастливый молочник» ЖШС-нің 2011-2012 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Жылдар | 2012 жылдың алдыңғы жылдарғақатысты өзгерісі, % | |||
Өнімді сатудан түсімдер | мың теңге | 104814,8 | 110856,0 | 117562,0 | 112,2 | 106,0 |
Сатылған өнімнің өзіндік құны | мың. теңге | 78925,5 | 83308,3 | 88169,6 | 111,7 | 105,8 |
Негізгі қызметтен табыс | мың. теңге | 25889,3 | 27547,7 | 29392,4 | 113,5 | 106,7 |
Қызметкерлердің орташа айлық саны | адам | 102,6 | 102,6 | |||
Қуаттарды пайдалану коэффициенті | % | 77,6 | 73,9 | 78,4 | 101,0 | 106,1 |
Жаңа тауардың үлесі | % | 4,8 | 96,0 | |||
Нарықтағы үлесі | % | 0,5 | 0,53 | 0,59 | 118,0 | 111,3 |
Сату рентабельділігі | % | 24,7 | 24,8 | 25,0 | 101,2 | 100,6 |
Ескерту –[ 1;2; 3] әдебиеттер негізінде автор құрастырған |
Кесте мен мәтіннің арасы 2 интервал немесе 1 бос жол тастау керек.
Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі. Ескертулерді абзацтан және бас әріптен бастап жазады.«Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс. Ескертуді оған қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады.Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.
Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.
Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек. Символдар мен сандық коэффиценттердің белгісін жаңа жолдан беру керек. Түсіндірудің бірінші жолы «мұндағы» деген сөзбен қос нүкте қою арқылы бастайды.
Диплом жұмысындағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, сандармен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.
Формуланы құрастырудың мысалы төмендегіше:
n= , (1)
мұндағы:t – сенімділік коэффиценті, ол өз кезегінде (р) мүмкіншілікке қатысты шекті қате t – орта қателігінен аспайтындығын дәлелдейді;
о2 – зерттеліп отырған белгінің дисперсиясы;
d2 – таңдаманың шекті қатесі;
N – зерттеліп отырған бас жиынтықтың бірлік саны.
Қолданылып отырған сілтемелерді тік жақшамен белгілеген дұрыс (мысалы, [1, 15 б.]). Бір сілтеме бірнеше рет қолданса, онда тік жақша ішінде қолданылған әдебиеттің реттік санымен қоса сәйкес беттің нөмері көрсетіледі.
Анықтамалардың, түсініктемелердің және қысқартылған сөздердің, шартты мағыналардың, символдардың, физикалық өлшем бірліктерінің және терминдердің тізімі баған бойынша берілуі тиіс және олар бағанның сол жағында мәтінде аталып өту ретімен немесе алфавиттік тізім бойынша орналастырылып, бағанның оң жағында олардың әрқайсысына түсініктеме беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер туралы анықтамаларды дипломдық жұмыстың мәтінінде сілтемелердің пайда болу ретімен орналастырып, оларды араб сандарымен нүктесіз нөмерлеп, жаңа жол арқылы жазу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу мысалы:
1Дюсембекова Ж.М. Маркетинговые исследования: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2006. – 320 с.
2 Статистика рынка товаров и услуг: Учебник / И.К. Беляевский, Г.Д. Кулагина, А.В. Коротков и др., Под ред. И.К. Беляевского. – М.: Финансы и статистика, 2008. – 432 с.: ил.
3 Акимова И.М. Исследование рынкамолока // Маркетинг товаров и услуг. – 2008. – №7. – С. 10-16.
4 «Счастливый молочник» ЖШС-нің 2007-2009 жылдардағы есептік мәліметтері.
Қосымшалар диплом жұмысының жалғасы ретінде рәсімделеді.Диплом жұмысының мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.
Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.Қосымшаларды қазақ тілі алфавитінің бас әріптерімен белгілейді, яғни А-дан бастап, Ё,З,Й,О,Ч,Ь,Ъ әріптерінен басқасы. Әрбір «қосымшаның» иллюстрациясын бөлек номерлеп көрсетіп, санның алдына қосымшаның әріптік белгілеуін жазу керек. Мысалға, Қосымша А: Сурет А1. Респонденттердің «Жақын арада қандай тұрмыстық техника алуды жоспарлап отырсыз?» деген сұраққа жауабы.
Әрбір «Қосымшаның» кестесін бөлек номерлеп көрсетіп, санның алдына қосымшаның әріптік белгілеуін жазу керек. Мысалы, Қосымша А: Кесте А1 – «Электроника әлемі» ЖШС тұтынушыларының пікірсұрауының нәтижесі.
Қосымшалар дипломдық жұмыстың басқа да тарауларымен ортақ нөмерленуі керек[2].
Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 229 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |