Читайте также:
|
|
Дипломдық жұмысты орындауды ұйымдастыруды нақты және уақытылы жоспарлау оның сапасы мен сәтті қорғалуына өз әсерін тигізеді. Дипломдық жұмысты жазу кезіндегі негізгі аспектілер - оның тақырыбын таңдау және күнтізбелік жоспар бойынша оны орындаумен қатар, жұмысты көркемдеу талаптарымен танысу.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы сәйкес кафедралар мәжілісінде бекітілген тақырыптар тізімінен таңдалады. Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында анықталып, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректорының бұйрығымен бекітіледі. Дипломдық жұмыстарды жазу тәжірибесі жұмыс тақырыбын таңдауға арнайы әдебиет көздерін алдын-ала зерттеу, тәжірибе өту орнында жұмыс істейтін мамандармен, кафедра оқытушылармен кеңесу басты ықпал ететінін көрсетеді. Дипломдық жұмысты жазу үрдісі, яғни оны дайындау, орындау және қорғау,өзара байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады:
- тақырыпты тандау (өтініш);
- зерттеу мәселесі бойынша әдебиет көздерін тандау;
- ғылыми жетекшіні тағайындау;
- дипломдық жұмысты жазу кезіндегі ұйымдастырушылық құжаттарды дайындау (тапсырмалар, күнтізбелік жоспар кестесі);
- дипломдық жұмысты жазу және көркемдеу талаптарымен танысу;
- іріктеліп алынған әдебиет көздерін ғылыми тұрғыдан жинақтап қорыту және зерттеудің теориялық тарауын мазмұндау;
- диплом алдындағы тәжірибе өту барысында жиналған талдаулық мәліметтерді қолдану;
- зерттеудің конструктивтік тарауын дайындау (зерттеу мәселесі бойынша ұсыныстар);
- белгіленген талаптарға сәйкес жұмысты безендіру;
- дипломдық жұмысты қорғау күнінен бір ай бұрын ғылыми жетекшіден жұмыс жайлы пікір алу;
- дипломдық жұмысты қорғау күнінен бір ай бұрын ғылыми жетекшінің пікірі бар жұмысты кафедраға ұсыну;
- кафедра менгерушісінің жұмысты қорғауға рұқсаты берілгеннен кейін қорғау күнінен екі апта бұрын сыртқы рецензентке дипломдық жұмысты жіберу және жазбаша түрдегі рецензия алу;
- қорғауға шығарылатын мәліметтерді кесте және сурет түрінде көркемдеп, баяндама жазу;
- мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында жұмысты қорғау.
Жұмыстың тақырыбы студенттің теориялық біліміне, ғылыми қызығушылықтарына және диплом алдындағы тәжірибені өту орнына немесе жұмыс орнына (сырттай және кешкі бөлім студенттері үшін) байланысты таңдалады. Сонымен қатар студентке жұмыс тақырыбының өз нұсқасын ұсыну құқығы беріледі (тақырыпты ашуда жеткілікті теориялық және тәжірибелік мәліметтер болып, кафедра меңгерушісі рұқсат берген жағдайда). Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.
Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын (жобаны) өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі
Дипломдық жұмысты жазу үшін бітіруші кафедра ұсынысымен әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады.
Дипломдық жұмыстың тақырыптары кафедра мәжілісінде бекітіледі. Тақырыпты таңдаған кезде оның өзектілігін, қаншалықты дәрежеде зерттелгенін, студенттің тәжірибелік мағұлматтарды жинаудағы жеке қызығушылықтарын ескеру қажет. Әдебиеттерді таңдау барысында бірден іріктеліп алынған басылымдардың библиографиялық тізілімін құрастыру қажет.
Ғылыми жетекшімен жұмыстың тақырыбын келісіп тандағаннан кейін студент кафедра меңгерушісінің атына осы тақырыпта жұмыс жазу үшін рұқсат алу мақсатымен өтініш жазады (Қосымша А). Диплом алдындағы тәжірибені өту орнына және студенттің өтінішіне сәйкес кафедра студенттерге тақырыптарды және ғылыми жетекшілерді бекіту туралы шешім қабылдап, оны университет бойынша бұйрықпен бекітуге ұсынады.
Ғылыми жетекші студентке ғылыми-әдістемелік көмек ұсынады. Ол:
- дипломдық жұмыстың жоспарын жасауға қатысады, жоспар уақыт өте келе нақтылануы мүмкін;
- дипломдық жұмысты орындау тапсырмаларын береді (Қосымша Б);
- студентпен бірге дипломдық жұмыстың орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік жоспар кестесін жасайды (ҚосымшаВ). Күнтізбелік жоспар кесте – бұл студент пен ғылыми жетекшінің біріккен жұмысын анықтайтын жұмыс құжаты болып табылатындықтан пікір және рецензиямен бірге дипломдық жұмыстағы конвертке салынады;
- студентке дипломдық жұмыстың мазмұнына байланысты қажетті негізгі, анықтамалық, статистикалық әдебиеттер және т.б. көздер бойынша кеңес береді;
- күнтізбелік жоспар кестеге сәйкес белгіленген жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қадағалай отырып, кеңес беру кестесін құрайды;
- диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен кеңес берушінің жұмысын үйлестіреді.
- дипломдық жұмыстың орындалуы аяқталғаннан соң, жұмыс жайлы пікір жазады. Оның мазмұны белгіленген талаптарға қаншалықты сәйкес екенін көрсетіп, қысқаша мінездеме береді.
Дипломдық жұмыс тақырыбы таңдалғаннан кейін ғылыми жетекші жұмыс бойынша тапсырма береді. Диплом жұмысына тапсырма келесілерді қамтиды:
- дипломдық жұмыс тақырыбы, оны университет бойынша бекіту бұйрығының нөмірі, уақыты;
- дипломдық жұмысты өткізу уақыты;
- студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан (өндірістік, диплом алды практика есебі, ҚР статистика бойынша Агенттігі мәліметтері, қызмет етуші субъектілердің есебі, бастапқы ақпараттар);
- студент қарастыратын сұрақтар тізімі;
- ұсынылатын әдебиеттер тізімі;
- кестелік материалдар тізімі (кесте, сурет).
Дипломдық жұмысты орындау барысында келесі міндеттер шешіледі:
- зерттеудің өзектілігін дәйектеу, ғылыми әдістерді қолдану арқылы зерттеу объектісіне сәйкес қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу;
- зерттеу тақырыбы бойынша теориялық мәліметтерді логикалық түрде көрсетіп, аналитикалық мәліметтерді талдау;
- шаруашылық субъектінің экономикалық қызметін жетілдіру және зерттеу пәнінің даму перспективасын анықтау бойынша сенімді және нақты ұсыныстар беру;
- жұмыстың қорытынды тарауында негізгі ұсыныстар мен қорытындыларды тұжырымдау.
Дипломдық жұмыс бекітілген тапсырмаға сәйкес жекелеген перспективтік теориялық және практикалық сұрақтарды қамтуы керек.
Қажет болған жағдайда, дипломдық жұмыстың жекелеген тарауына кеңес беру мақсатымен Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ және басқа ЖОО-ның оқытушылары, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу институттарында тәжірибелік және/немесе ғылыми қызметтегі жоғары білікті мамандар да белгіленуі мүмкін.
Сонымен қатар дипломдық жұмыстыңорындалуының барлық кезеңіне жекелеген тараулардың орындалуы мен кезегі көрсетілген күнтізбелік кестесі құрылады.
Диплом жұмысын жазу алдында уақытты үнемдеу мақсатында жұмыстың безендірілу талаптарымен толық танысу қажет. Диплом жұмысының негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.
Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жұмысының дайындық дәрежесі назарға алынады.
Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 237 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |