Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мақсаты, мазмұны, жүйесі

Читайте также:
  1. B. Банк жүйесінен тыс қолма қол ақша мен ағымдық шоттардағы қаражаттар
  2. Lt;сұрақ>Ондық жүйеде берілген 2 санының екілік санау жүйесіндегі жазылуы
  3. Азақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы
  4. Азақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
  5. Атом құрылымы және Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі
  6. Бағалы қағаздар рыногының көрсеткіштер жүйесі
  7. Балаларда бұлшықет сүйек жүйесінің даму ақаулары және зақымдалуы.
  8. Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
  9. Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік білім берудің басталу кезеңі.
  10. Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны. Бастауыш кәсіптік білім беру.

Оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеу тілін жетілдіру, практикалық маңызы бар орфографиялық және пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру, ана тілін білуге көмектесу, олардың бойындағы дұрыс сөйлеу мен жазуға деген қажеттілігін дамытып, тілге деген қызығушылығын тәрбиелеу-арнайы мектептегі грамматика мен емленің негізгі міндеттері болып есептеледі.

Грамматика мен емленің бағдарламасы төмендегідей бөлімдерден тұрады: қайталау, дыбыс және әріп, сөз, сөйлем, ауызекі сөйлеу, жазуға үйрету. Дыбыс және әріп туралы алғашқы түсінік сауат ашуға дайындық кезеңінен басталады, оқушылар әр дыбысты дұрыс дыбыстай білуге, оларды ажырата білуге дағдыланады. Дауысты, дауыссыз дыбыс, дауыстылардың жуан, жіңішке болып бөлінетіндігі, дауыссыз дыбыстардың түрлері (қатаң, ұяң, үнді), олардың емлесі туралы түсінік алады. Буын, тасымал жайында берілетін білім де біртіндеп күрделенеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тілінің фонетика-фонематикасының бұзылуының жиі кездесуі – олардың грамматиканы және емлені игеруін қиындатады. Сондықтан арнайы мектепте барлық сыныптарда дыбыстық-әріптік талдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2-4 – сыныптарда дыбыстық талдау сауатты емлені сақтап жазудың бірден-бір негізі болып саналады. Тілдің дыбыстық жүйесі туралы алғашқы түсінік бере отырып, балалар тілдегі сөйлеудің айтылу және жазылу нормасымен таныстырылады. Сөздердің айтылуы мен жазылуы үнемі сәйкес келе бермейтіні, сөзде бір дыбыс өзгерсе оның мағынасы өзгеретіндігі практикалық түрде таныстырылып байқатылады.

Оқушылар әр түрлі сөз таптары мен сөздің мағынасын өзгертетін бөлшектердің сауатты жазылуын игертеді. Бұл кезеңде фонетикалық талдауға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылардың сауатты жазуын қамтамасыз ету үшін орфографиялық сөздікті пайдалануға, онымен жұмыс істеуге үйрету қажет.

Сөз. Арнайы мектептің 2-4 – сыныптарында практикалық жаттығуларды орындау барысында әр түрлі сөздерді (заттың атын, қимылын, түсін, т.б. білдіретін) өтеді. V сыныптан бастап грамматика мен емленің негіздері дүйелі түрде оқытыла бастайды. Өтілетін негізгі тақырыптар – «Сөз құрамы» және «Сөз таптары».

Бағдарламада сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарын оқушыларға саналы түрде ұғындыру көзделген. Сөздің лексикалық мағынасы оқушыларға саут ашу кезеңінде таныстырылып кейінгі сыныптарды дамытыла түседі. Сөздің белгілі бір заттың, құбылыстың, т.б. атауы екеніне оқушылардың көңілін аударып, сөздің мағынасына ерекше мән беру қажет.

Бағдарламада оқушылардың ұғымына сәйкес, жиі қолданылатын синоним, антоним, омоним сөздермен (термин берілмейді), тұрақты тіркестері мен көп мағыналы сөздермен практикалық түрде таныстыру көзделген. Осы тақырыптарға қатысты ұғым, жұмыс түрлері сыныптан сыныпқа біртіндеп күрделене береді.

Сөз құрамы. Сөз құрамын, сөздің жаңа мағына беретін бөлшектерін (жалғау, жұрнақ, т.б.) оқыту, оқушылардың белсенді және енжар сөздік қорын байытуға бағытталған жаттығулар орфографиялық нормаларын меңгерту жұмыстарымен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс. Осы кезеңде айтылуы ұқсас сөздерді салыстырып талдау, морфемдік талдау, т.б. жұмыс түрлерін жүргізудің зор маңызы бар.

Арнайы мектепте сөз таптарын тек 5-сыныптарда сөйлеудің ауызша жазбаша түрлерінің практикалық дағдыларын қалыптастыруға қажет мөлшерінде ғана өтеді.

Сөйлем. Арнайы мектепте сөйлемді оқытудың әлеуметтік өмірге дайындап, бейімдеуге, қарым-қатынас жасауға үйретуге маңызы бар. Бұл тақырып арнайы мектеп бағдарламасының барлық сыныптарында орын алады. әр оқу жылында бұл тақырып күрделене түседі, айтылу мақсатына қарайсөйлемнің түрлерімен танысады. Сонымсен қатар оларда орфографиялық және пунктуациялық дағдылар қалыптасады. Сөйлемнің айтылу интонациясына мән беріледі. Сөйлемді айту кезіндегі дауыс ырғағының, дауыс шапшаңдығының, дауыстың бәсең не қатты болуының айтылатын ойға қатысты екенін білетін болады.

Сөйлем туралы ұғымды оқушылар сөйлемді талдау немесе сөзден сөйлем ұрау кезінде игереді. Сурет, сұрақ бойынша, ретпен, ретсіз берілеген сөздерден сөйлем құрап жаттығулар барысында оқушылар сөйлемде сөздердің ретімне орналасатынын және оның бір-бірімен байланысып, бір ойды білдіретінін саналы түрде түсіне білуі керек.

0-1 – сыныптан бастап оқушылар «дыбыс», «сөз», «сөйлем» деген ұғымдармен танысып, ажаратып үйренеді. Сөйлем бас әріппен жазылып, сөз соңында нүкте қойылатынын біледі.

3–сыныпта оқушылар сөйлем құрап, интонациясына қарай ажырата біліп сұрақ белгісін, леп белгісін немесе нүкте қойылатынын меңгере бастайды. 4-сыныпта соөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері туралы ұғым беріледі.

Сөз таптары. Арнайы мектепте сөз таптары туралы жалпы ұғым беріледі. Сөз таптарын сұрақ бойынша және мағынасына қарай ажырата білу қалыптастырылады. Бастауыш сыныптара сөздердің лексикалық мағынасына, грамматикалық белгілеріне қарай белгілі таптарға бөлінетіндігі аңғарылады. Оқушылар бастауыш сыныптарда сөз таптарының негізгі белгілерін меңгерсе, жоғарғы сыныптарда олардың әрқайсысының өзіне тән қсиеттерін, өзгеру тәсілдерін толығырақ меңгереді.

Сөз таптарын оқыту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына бірдей көңіл бөліп, олардың өзара тығыз байланыста екенін аңғартып, оқушылардың сөйлеу дағдысын жетілдіру қажет.

Байланыстырып сөйлеу. Мүмкіншілігі шектеулі балаларда өз ойын жүйелі толық жеткізе алу қабілеті өте нашар дамиды.

Қазақ тілі сабақтарында 2-4 – сыныптан бастап оқушылардың ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Тіл дыбыстарын дұрыс айтуын жетілдіру, фонематикалық есту қабілетін дамыту, байыту, сөйлем құрау жұмыстары әрдайым күнделікті жүргізілуі тиіс, өйткені бұл дағдылардың бәрі балалардың байланыстырып сөйлеу қабілетін дамытуға әсері өте зор. 2-4–сыныптарда төмендегідей дайындық жаттығулар жүргізіледі; берілген сұраққа ретімне жауап беру, сериялы суреттердің астына жазу, мәтінді ретімен жазу,т.б. мұндай жаттығу түрлері жоғарғы сыныпта көзделген шығарма және мазмұндама жазуға деген дағдыларын қалыптастырады. Осы мақсатта ұсынылған мәтінді сөзбе-сөз қайталауды және өз жанынан сөз қосып айтуды талап ететін сюжетті рольді ойындарды да пайдалануға болады. Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуге оқушылар сюжетті суреттер, оқулықтағы безендірулер, өздіктерімне оқығандары мен байқағандары бойынша мазмұнды әңгіме құрап айту арқылы үйретіледі. Әңгімелеп айту барысында сөйледің логикалық және грамматикалық байланысына баса назар аударылады. Ал мәтінмен жұмыс кезінде мұғалім бір жағынан, екінші жағынан, баяндаудың мазмұны мен түрін жетілдіру жұмысын ұйымдастырады.

Сонымен қатар 5-сыныптан бастап іс қағаздарын жазуға дағдыландыру жұмыстары жүргізіле бастайды. Бұл жұмыс екі бағытта жүргізілуі тиіс. Біріншіден оқушылар іс қағаздары туралы мағлұмат алып, оларды дұрыс жазуға (квитанция, бланк, т.б.) жаттықса, ойын дұрыс, жүйелі түрде, қысқа, нұсқа(өтініш, қолқат, т.б.) жеткізіп жазуға дағдыланады.

Сөйлеу мәдениеті. Арнайы мекиеп оқушыларын оқытудың басты мақсаттарының бірі оларды әлеуметтік ортаға, еңбекке бейімдеу болып саналады. Сондықтан «Қазақ тілі» сабақтарында оқушылардың сөйлеу әдептілігін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінуі тиіс.

Үлкендердің сөзін тыңдай білуге, айқайлап жарысып сөйлемеуге, сұрақты толық тыңдап алып жауап беруге үйрету қажет. Оқушыларды бастауыш сыныптан бастап сөздерді дұрыс айтуға үйреткен жөн, әсіресе орфоэпия заңдылықтарына көңіл бөлу керек. Бұл ретте мұғалімнің анық, дұрыс сөйлеуінің, магнитофоннан үзінділерді тыңдатып оқушылардың өз айтқандарымен салыстыруының мәні зор.

Жазуға үйрету. Арнайы мектеп оқушыларында жазу дағдылары қиындықпен қалыптасады. Оның себебі – ақыл-ойы жетік дамымаған балалардың ұсақ бұлшық еттерінің қимыл қозғаласы да, қолының икемділігі мен көзбен мөлшерлеу, кеңістікті бағдарлау, фонетикалық талдау-жинақтау дағдылары да жетік дамымайды. Сондықтан баланы жазуға үйрету дайындық кезеңінен басталады, 2-сыныптан бастап ол дағдылар жетіліп, графикалық дағдылар қалыптасады.

Әріп элементтерін үйреткенде соларға сәйкес келетін ұлттық таңбалар ою-өрнектерді пайдаланған жөн. Ондай жаттығулар буын, сөз жазуда әріп таңбаларын бір-біріне қосып жазудың (ілмек,сызық, арқылы)дағдыларын қалыптастырады.

Жазуға үйрету нәтижесінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге, әріпті,сөзді, сөйлемді дұрыс жазуға, оларды кітаптан, тақтадан дұрыс көшіріп, не есту бойынша жазуға, жазғанын тексеріп, қатесін түзете алатын болуға тиіс.

Оқушылардың өз ойын тиянақты түрде жеткізуге үйрету-мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ондай жұмыс түрлері берілген тақырып, тірек сөздер,суреттер, саяхатта көргендері, т.б. бойынша жүргізіледі. Мұндай жұмыстардың жеңіл түрлері 4-сыныптан бастап мұғалімнің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жоғарғы сыныптарда біртіндеп күрделілене береді.

Жазба жұмысқа арналған мәтіндердің мазмұны жағынан оқушыларға білімдік және тәрбиелік мәні болуы керек. Сондықтан оқу материалдары мен жаттығулары сұрыптағанда мынаны ескеру қажет:

– материалдардың танымдық, тәрбиелік, сезімдік әсері болуы;

– оның алдыңғы материалдармен байланысы болуы;

– жаттығулар мен тапсырмалар әр алуан вариантты болуы;

– баланың ойлау, сөйлеу әрекетінде дамудың таяу аймағына өтудің базасын жасау.

 

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 352 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав