Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сүтқоректілер

Дала экожүйесіне мониторинг жүргізуге ұсынған сүтқоректілердің толық тізіміне 14 түрлер және 2 топ түрлері жатады – сарышұнақтар, қосаяқтар. Аңшылық шаруашылығында бірқатар аңшылыққа жататын турлерді есептеу жұмыстарын жүргізгізе отырып ең алдымен қымбат 20терілі аңдарды еспетеу қажет. Төменде көрсетілген барлық ұсыныстар осы аңдарға да қолданылады, өйткені жалпы есеп жүргізу жолдары және әдістемелер көп турлерге келіседі. Сүқоректілердің көбісі (бұл топ туралы негізінен айтсақ) жасырын, көбінде тунгі өмір жүргізеді, олардың ішінде бірнеше інді түрлер маусымды ұйықтауларға кететіндер бар.

Мониторинг жүргізе отырып биологиялық цикл мерзімдерін ескеру керек. Сүқоректілердің максималды белсенділіктері төлдеу мерзіміне дәл келеді. Осы аумақта орналасқан негізгі түрлерді ол сәуірдің екінші жартысы маусымның бірінші жартысына келеді. Екі мәрте мониторинг зерттеуінде дала бақылаулардың бірінші кезеңін төлдеу мерзімінде өткізу қажет, екіншісі күз кезінде – тамыз – қыркүйек. Бақылауға тағы бір ыңғайлы және маңызды мерзім – күзгі – қысқы мерзімге дәл келеді, бұл – тұяқты және жыртқыш аң малдарының күйлеу кезі. Сонымен, қымбат терілі аңдардың көбісіне салыстырмалы аз еңбек шығынында қысқы бағдарлық есеп (ҚБЕ) тиімдірек болып табылады.

 

Сүтқоректтілер есебін жүргізудің негізгі әдістемесі мынандай:

1) Тұяқтылар мен жыртқыштардың, ең алдымен ақбөкендердің аэровизуалды есебі кем дегенде төрт есепшінің қатысуымен, бекітілген әдістеме бойынша жылына бір рет, сәуірде.

2) Автомобильде және жаяу бағыттарда тікелей қадағалау арқылы хайуанаттарды санау кез келген ыңғайлы уақытта, дұрысы жылына кем дегенде 2 рет, көктемде және күзде, алғашқысы сәуір – маусымда, екінші рет – қыркүйекте – қарашаның басында өткізіле алады. Оларды жыл сайын және бір мезгілде өткізу қажет. Автомобиль есептері күндізгі және алып жүретін жарық көздерін қолданумен түнгі болып бөлінеді, біріншісінде күндізгі белсенділіктегі аңдар мен үркітілген жыртқыштар есепке алынады. Түнде «түнгілер» – қосаяқ, кірпі, жыртқыштар есепке алынады. Санының есебін сондай-ақ камералдық жағдайларда түзету коэффициенттерін ескере отырып, формулалар бойынша барлық жазулардың мағынасын ашумен зоолог немесе аңтанушы мамандар камералдық жағдайларда жүргізеді. Жаяу есеп шамамен 5 шақырым ұзындықтағы бағыттарда, сондай-ақ есеп алаңдарында жүргізіледі. Бұл ретте айдап өткізу, көзбен шолып қашықтықтан қадағалау, індерді жап-пай іздеу және т. б. пайдаланылады. Суырлар мен саршұнақтардың ірі түрлерін есепке алу үшін осындай бағдарлық-алаңдық (топ саны бойынша) әдістеме жылына бір рет, мамырда пайдаланылады.

3) Іздері мен экскременттері бойынша есепке алу. Жолы қиын жерлерінде есеп жүргізгенде қолданылады, мысалы, көлдер мен өзендердің жағалаулары бойындағы қамысты қопалардағы қабандар, жыртқыштарға аңдар оттауға немесе оларды үркіту мүмкін емес болатын түнгі уақытта аң аулауға шыққанда. Белгілі бір жұмыс тәжірибесі кезінде жануарлардың іздері дала жағдайында әжептәуір жақсы анықталады: жаңа іздер бұрынғы іздерден, жас аңдардікі кәрісінікінен, еркектерінікі ұрғашыларынікінен ерекшеленіп тұрады.

4) Қақпан-егеуқұйрықаулағыштар және тірідей аулағыштармен: трапиктік және бағыттағыш қақпашалары бар конустармен (тышқан тәріздес кеміргіштер мен жерқазғыштар ғана қолдануға болады) аулау арқылы есептеу.Алайда қақпандарды үнемі қолдануға келмейді, өйткені оларға сирек және жойылып кету қаупіндегі хайуанаттар түсіп қалуы мүмкін. Кейде інді қазып, су ағызу қолданылады. Бұл көп еңбекті керек ететін тәсіл, әрі судың жеткілікті мөлшері қажет және су әрқашан бола бермейді.

5) Қысқы бағдарлық есеп (ҚБЕ)

 

Стар

Сүтқоректілер сияқты құстар түрлерінің жалпы тізіміне дала аймағының экожүйелерін мониторинг үшін суда жүзетін және су маңында жүретін құстардың 10 түрі, 5 түрлі жыртқыш құстар және жерде жүретін құстардың 7 түрі кіреді. Аталғандар ұсынымдар үшін анағұрлым көрсеткіштік, типтік дала және танымал құстардың 5 түрі ерекшеленген: дала ителгісі, тырна, дуадақ, безгелдек және ақсұңқар.

Аңшылық шаруашылығында сондай-ақ түз аң-құсы, суда жүзетін және басқа аңшылық түрлерінің есебі міндетті, сондықтан төменде жалпы осы топтардың есебін жүргізу үшін жалпы ұсынымдар берілген.




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 79 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав