Читайте также:
|
|
Мекендейтін жерлері және мониторингтік түрлерінің жалпы жай-күйін бағалау нәтижелері бойынша жекелеген учаскелердегі экожүйелердің жағдайы туралы қорытынды беріледі, бұл жиынтығында жалпы аумақтағы экологиялық жағдай және оның өзгеру болжамы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сол немесе өзге мекендейтін жерінің, мониторингтік түрінің немесе түрлері тобының жай-күйіне жағымсыз әсер ететін нақты факторлар белгіленген жағдайда, осы әсерлерді жою үшін ұсынымдар беріледі.
Толық есеп уәкілетті органға (ҚР АШМ ОАШК) беріледі. Есеп түйіндемесі, сондай-ақ нақты учаскелер бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар аталған учаскелерді басқарушы және мониторинг жүйесіне қатысушы ұйымдарға жіберіледі. Бұл тұжырымдар мен ұсынымдар аталған аумақтарды жақсарту, соның ішінде оларға тұрақты табиғатты пайдалану, табиғатты қорғау шараларының тиімділігін және т. б. ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Табиғат объектілерін сақтау үшін мемлекеттік басқару органдары дереу шешім қабылдауды талап ететін жағдайларда, мониторинг жүйесінің қатысушылары табиғат кешендерінің (немесе оның жекелеген тарауларының) ағымдағы өзгерістері туралы жедел ақпаратты ала салысымен электронды пошта, факс немесе басқа тәсілдермен бірден уәкілетті органға береді. Мониторингтік деректер жиналатын орталықта, егер мұндай ақпарат уәкілетті органнан бұрын оған келіп түссе, осылай жасайды.
СҮТҚОРЕКТІЛЕР МЕН ҚҰСТАРДЫҢ МОНИТОРИНГІЛІК
ТҮРЛЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Жер үсті омыртқалы жануарларының сандық есебі желілік (бағдарлық) және аумақтық болады. Желілік (бағдарлық) есепте оның екі жағы бойынша ұзын немесе қысқарақ желі бойымен омыртқалы жануарлардың есебі жүргізіледі. Бұл жағдайда есептің ұзақтығы не уақытпен не белгілі бір ара қашықтықпен анықталады. Есеп жолағының ені есептелетін жануарлардың түрлік құрамы мен жердің сипатына байланысты болады. Шын мәнінде желілік есеп алаңдық есеп сияқты, айырмашылығы есептік алаңның төрт бұрышқа қатты созылған түрі бар.
Төңіректегі алаңдарды есептегенде жануарлардың түрлік ерекшеліктерімен анықталатын төртбұрышты немесе басқа нысандағы және мөлшердегі учаскесі бөлініп алынады.
Есептеуге арналған бағдарлар да, алаңдар да тексерілетін жерлердің бүкіл алаңында алынған деректерді қайта есептеуді жеңілдету үшін тұрпатты және біркелкі жер алынуы тиіс. Есеп тікелей қадағалау (көзбен немесе бинокльдің көмегімен), жанама белгілер бойынша (іздер, індер, экскременттер және т. б.) бойынша жүзеге асырылады. Есеп жануарлардың тұрақты топтасуын, сондай-ақ маусымдық жиналуын қамтуы, сонымен бірге маусымдық орын ауыстыру кезінде жасалуы мүмкін.
Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 172 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |