Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сімдіктер толық мониторингі

Читайте также:
  1. E) Келтірген зиянның орнын толтыру. Зиянның орны айыппұл, өсім төлеумен толықтырылады.
  2. SiCl4 толық гидролизі кезінде түзілетін екі зат*H2SiO3, HCl
  3. Алқатұқымдастар-кіріккен өсімдіктер
  4. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер
  5. Р Конституцияға өзгертулер мен толықтыруар енгізу бастама құқығына келесі субьектілер ие
  6. Сімдіктер мен жануарлардың биомасасындағы азоттың мөлшері? 1,1*109 6.1*107 т
  7. Сімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер
  8. Сімдіктердегі митоз

Толық мониторинг тұрақты басты бөліктерде және экологиялық қырын пішіндерде жүргізіледі. Мониторинг жүргізу үшін басты бөліктерді ЕҚТА – табиғи резерваттар, қаумалдар қасында ұйымдастыру жөнді. Төменде, ЫТЖ аумағында толық мониторинг жүргізу үшін бірнеше бөліктер ұсынылады.

А. Басты бөлім Ұлы Жыланшық су айыратын жазық жердің үстінде шөлге айналған Алтын дала табиғи резерватта. Су айрығының зоналық шөл-дала өсімдікті байқау үшін Рахмет ауылына іргелесетін ауданында алаңша салу қажет. Басты бөлігін таңдап алу ауылдан оңтүстік немесе солтүстікке қарай орындалуы дұрыс, Ұлы-Жыланшық («Алтын дала» Мемлекеттік табиғи резерватының табиғи ғалыми негіздемесіндегі (ТҒН) ландшафтық картасын қараңыз) бөлімінің ландшафтық картасының 1–6 контур көлемінде.

Бөлім таңдауы көтеріңкі толқынды жайпақ-еңіс жазықтарда, кей жерлерде рельеф бар, орташа-жоғарғы төртінші көл және өзендердің қабаттану жақтарда орындалады.

Ландшафтық картаға берілген аңызға сәйкес осы аумақтың табиғи-территориялық кешендердің негізгі түрлері келесі:

1. Аз толқынды жазықтар лерхожусанды далалармен (Koeleria cristata, Festuca valesiaca, Stipa sareptana, Аgropyron sp., Artemisia lercheana) жеңіл балшық топырақты-құмайт аз сортаңды топырақтарда, кей жерлері дәнді-жусанды (Artemisia gracilescens, A. pauciflora) шөл-далалық орта сортаңдармен жиынтықта қылқан-селеу-спирейдік (Spiraea hypericifolia, Stipa capillata) қоғамдармен бірге үйлесте шабандық-каштанды топырақты ойпаттарда.

2. Толқынды жазықтар лерхожусанды далалармен (Koeleria cristata, Festuca valesiaca, Stipa sareptana, Аgropyron sp., Artemisia lercheana) жеңіл балшық топырақты-құмайт аз сортаңды топырақтарда, кей жерлері дәнді-жусанды (Artemisia gracilescens, A. pauciflora) шөл-далалық орта сортаңдармен жиынтықта қылқан-селеу-спирейдік (Spiraea hypericifolia, Stipa capillata) қоғамдармен бірге үйлесте шабандық-каштанды топырақтарда, ойпаттарда.

3. Жайпақ-еңіс жазықтар лерхожусанды-қылқыу-селеулі (Stipa sareptana, Artemisia lercheana) далалармен құмайт аз балшықты сортаңды топырақтарда дәнді-жусанды қоғамдармен бірге үйлесте шөл-далалық орта сортаңдарда.

4. Аз толқынды жазықтар лерхожусанды-қылқыу-селеулі (Stipa sareptana, Artemisia lercheana) далалардың басымдылығымен құмайт аз балшықты сортаңды топырақтарда, дәнді-жусанды (Artemisia gracilescens, A. pauciflora) шөл-далалық орта сортаңдармен жиынтықта, шабандық-каштанды топырақтарда, ойпаттарда (Elytrigia repens) төмендеулерде көлтаба-шабындық топырақтарда.

5. Құламалы – жүйектегі жазықтар жусан-қылқау-селеулі (Stipa sareptana, Artemisia lercheana, A. austriaca) далалар жиынтығымен құмайт-дәрменсіз топырақтарда қаражусанды (Artemisia pauciflora) қоғамдармен бірге үйлесе майда сортаңдарда жусанды қоғамдармен бірге үйлестерде (Artemisia semiarida, Art. pauciflora, Agropyron pectinatum, Stipa lessingiana) топырақтарда еңісті жерлерде.

6. Жайпақ-еңіс жазықтар жұқа-жусанды-қылқау-селеулі (Stipa sareptana, Artemisia gracilescens) далалардың басымдылығымен аз балшықты сортаңды топырақтарда, және қылқау-селеулі-жусанды (Artemisia gracilescens, Stipa sareptana) қоғамдармен шөл-далалы сортаңдарда.

7. Жайпақ-еңіс жазықтар жусанды-дәнді (Poa bulbosa, Agropyron pectinatum, Stipa sareptana, Festuca valesiaca, Artemisia lercheana, Art. gracilescens) кей жерлерде итсегек (Anabasis aphylla) қоғамдармен, жиі антропогендік өзгерістермен құмайт- жеңіл балшық сортаңды топырақтарда.

8. Жайпақ жазықтарда жусанды-бетегелі (Festuca valesiaca, Artemisia gracilescens) далалардың басымдылығымен өте сортаңды балшық топырақтарда жұқа-жусанды (Artemisia gracilescens) орта сортаңдыларда және қара-жусандылармен (Artemisia pauciflora) шөл-далалы майда сортаңдыларда спирейдік-ақ селеулілермен (Stipa capillata, Spiraea hypericifolia) бірге үйлесте Ferula ferulaeoides қоса шабындық-каштанды топырақтарда төмендеулермен.

 

Ә. Сарықопа көлінің жағасындағы басты бөлімі. Алаң көлдің шығыс немесе оңтүстік жағасында тандалынады және тасынды шөгінді тұнба өзен жағалауындағы жазықтарды және су айдынын қамтиды. Осы аймақта әртүрлі шөп батпағы (құрақ, қамыс, түйнек-қамыс, шабындық (Juncus gerardii)) және шабындықтар (бидайық, қияқ тұқымдасы, жаушалғын, ақмамық) басым болады. Шабындық шеттіктерде, сортаңдарда шөл қоғамдарын (селитр-жусанды, көкпекті) кездеседі және сортаңда – сарсазандар.

Сарықопа көл жүйесінде көп түрлі су макрофиттердің (Najas marina, Potamogеton natans, P. filiformis, P. pectinatus, Ceratophyllum demersum, C. tanaiticum, Myriophyllum spictum, Lemna trisulca, Utricularia vulgaris, Alisma plantago aquatica) қоғамдары бар.

Өсімдік картасына сәйкес Сарықопа көл жүйесінің жағалауларында қоғамдар әр түрлілігі келесі:

1. Қоғамдардың экологиялық қатары: қамыс-құрақ (Phragmites australis, Scirpus lacustris, Bolboschoenus maritimus), түйнек-қамыс (Bolboschoenus maritimus), субидайық-құрақ (Phragmites australis, Phalaroides arundinaceae).

2. Қоғамдардың экологиялық қатары: құрақ (Phragmites australis, Scirpus lacustris, Bolboschoenus maritimus), қамыс бидайық (Elytrigia repens, Phragmites australis).

3. Қоғамдардың экологиялық қатары: қамыс-құрақ (Phragmites australis, Scirpus lacustris, Bolboschoenus maritimus), түйнек-қамыс (Bolboschoenus maritimus), субидайық-құрақ (Phragmites australis, Phalaroides arundinaceae) келтебас-бидайық (Elytrigia repens, Heleocharis), құрақ-бидайық (Elytrigia repens, Lythrum salicaria, Phragmites australis), бозды-бетегелі-бидайық (Elytrigia repens, Rhaponticum, Lythrum salicaria) тал қоныстанған (Salix sp.) бөлімдермен ағыстарда.

4. Қоғамдардың экологиялық қатары: құрақ (Phragmites australis), айрауық (Calamagrostis epigeios) шабындықтардан дәнді-жусанды (Artemisia marschalliana, A. Lercheana, Koeleria gracilis, Festuca valesiaca) қоғамдарға дейін.

Шөп батпақтар, шабындықтар және галофит-аралас тал-шілік қоғамдар:

5. Қоғамдардың экологиялық қатары: құрақ (Phragmites australis, Scirpus lacustris), түйнек-қамыс (Bolboschoenus maritimus) жыңғылмен (Tamarix ramosisssima) жағаларда жаушалғындардан және жаушалған-селитр-жаусандаларға (Artemisia nitrosa, Aneurolepidium ramosum) дейін.

6. Қоғамдардың экологиялық қатары: қамыс-құрақ (Phragmites australis, Scirpus lacustris) жыңғылмен (Tamarix ramosissima), түйнек-қамыс (Bolboschoenus maritimus), келтебас-ажрек (Aeluropus litoralis, Еleocharis sp.), сарсазан (Halocnemum strobilaceum) үзінділермен қоса сортаңды да.

7. Қоғамдардың экологиялық қатары: құрақтардан (Phragmites australis) бастап жаушалған-селитр-жаусанды (Artemisia nitrosa, Aneurolepidium ramosum) көкпектілерге (Atriplex cana) дейін және сортаңда сарзан (Halocnemum strobilaceum) бөлімдерге дейін.

Су және су жағасындағы көл өсімдігі:

8. 50%-дан көп шөп басуы бар көлдер, кей жерлері жаппай, құрақ (Phragmites australis), қамыс (Scirpus lacustris), түйнек-қамыс (Bolboschoenus maritimus), қопалармен; жеке өзен иірімдерімен су ма-крофит қоныстармен (Najas marina, Potamogеton natans, P. filiformis, P. pectinatus, Ceratophyllum demersum, C. tanaiticum, Lemna trisulca, Utricularia vulgaris, Alisma plantago aquatica).

9. Көлдер жағалау-куртина шөп басуымен 50%-дан кем құрақ (Phragmites australis), қамыс (Scirpus lacustris) және түйнек-қамыс (Bolboschoenus maritimus), қопалармен, ашық су үстінде жасыл балдырлар (Chlorophyta), су макрофит қоныстардың елеулі алаңдары (Najas marina, Potamogеton natans, P. filiformis, P. pectinatus, Ceratophyllum demersum, C. tanaiticum).

 

Иващенко А.А. және Нелина Н.В. (2007) берген мәліметтер бойынша, тораңғы қоныстары қараусыз қалған Қарақұдық ауылы және Жарыспай қыстақ төңіректерінде байқалған. Екпе ағаштар мониторингі жетерліктей ерекше және әрқайсысы 400 м2 кем емес жеке алаңшаларда, таксалауға ұқсас әдістеме бойынша жүргізіледі.

Сынамалық алаңшада қалау күні, қалауын және сипаттамасын жасаған қызметкерлердің тектері, аттары, әкелерінің аттары міндетті түрде жазылады. Өсімдіктердің түр-тұқымы тізімін растау үшін оның үстінде гербарий жиналады. Ол аса білікті мамандармен анықталынады және мониторинг жүргізетін ғылыми-зерттеу ұйымында сақталынады.

Аймақтын өсімдігінің толық геоботаникалық сипаттамасы жасалынады. Ағаш қабаттары бөлінеді (олардың биіктігі, әр қабаттын қабысқандығы, басыңқы түрлері көрсетіледі, өсуі және жаңаруы бағаланады, басты синузиялар және қабаттар немесе өмір формаларының түрлері (шөпті өсімдіктер, бұталар, ағаштар) бойынша жалпы проективтік жамылғысы белгіленеді.

Осыдан кейін ағаштарды картаға белгілейді, сол мақсатта диаметрі 4 сантиметрден артық ағаштың діңгегі нөмірленеді. Бұл ретте ең үстіңгі өлімсіреген қабығы ашылған қабаттың қабығы аздап қана тегістеп жіберіледі. Бұл ретте тірі қабатына залал келтірмеу қажет. Діңгектің тегістеп жіберілген үстінде майлы (баспаханалық тіптен жақсы) атмосфера ықпалына тұрлаулы бояумен, барлық діңгектің диаметрі 4 сантиметрден артық ағаштардың реттік сандары жазылады. Қабық тазарту ағаштардың бір шетінен 10 м қиығы бойында 1,3 метр биіктігінде жасалынады. Осы көрші қиығында ағаштар қарама-қарсы жағынан (бірінші жағына қарағанда) тазалынады. Содан кейін жаңа бетбұрыс жасалынады және 10 x 10 м кезекті қиығында ағаштардың жаңа қатарлары тазалынады.

Ағаштардың барлығы нөмірлері және түр-тұқым құрамына енушілігі белгіленіп жоспарға безектеу тиіс. Ағаштарды картаға салған кезде әрбір 10 x 10 м төртбұрыш бес уақытша қадалармен төрт 5 x 5 м төртбұрышқа бөлінеді. Әр ағаштың орналасқан жері жоспарда 20 см дәлдігімен белгіленеді. Нөмірленген ағаштардан басқа жоспарға барлық түр-тұқым құрамына енушілігі белгіленіп жаңарту дарақтары (1,3 метрден төменірек және диаметрі 4 сантиметрден жұқа) белгіленеді. Бұрғы көмегімен әр сынамалық алаңшадағы әр түрінің ағаштардың жуандық басқышына жас шамасы анықталады. Ағаштардың жас шамалы нөмірленген ағаштардың есеп таксалық тізімдемесіне жазылады. Сондай тізімдемесінде ағаштың нөміренен басқа оның түр-тұқым құрамына енушілігі белгіленеді, оның өміршеңдігі баллмен бағаланады

Ревизия немесе тұрақты сынамалық аймақтың өсімдік қайталанған сипаттамасын 2–3 жыл аралығанда жүргізу қажет. Қайталанған сипаттама барысында тұрақты төртбұрыштардың жүйесі қалпына келтіріледі, ағаштардың қайта санағы өткізіледі, кеуіп қалған және түсіп кеткен ағаштар тіркеледі, әр ағаштың шеңбер ұзындығы бірінші рет өлшенген биікте өлшенеді. Сол мақсатта ағаш жуандығын өлшеу орны бірінші сипаттама жасаған кезде діңгегінде нөмірдің астында бояу қиығымен белгіленеді. Өскен және диаметрлер 4 сантиметрге көбейсе, сондай-ақ жаңа ағаштар нөмірленеді және картаға белгіленеді. Осы ағаштарға кезекті соңғы ревизиядағы ең үлкеннен кейінгі нөмір беріледі. Жаңа ағаштарға ешбір себепсіз түсіп қалған немесе кеуіп қалған ағаштардың нөмірлерін беруге болмайды. Барлық қайталанған сипаттама және таксалау нәтижелері папкаға – нақтылы сынамалық аймағының паспорты толтырылады. Ревизия өткізген тұлғалардың тегі, аттары, әкелерінің аттары және ревизия күні міндетті түрде белгіленеді.

 

Оршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және осы салада мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкiлетті органдардың тiзбесiн және олардың қызметiн ұйымдастыру

 

Оршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және осы салада мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi органдардың тізбесі

Қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалану және осы салада мемлекеттiк бақылау функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкілеттi органдарға мыналар жатады:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы органдардың қызметiн үйлестiрушi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы ретiнде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi;
2) жер ресурстарын пайдалану және қорғау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі;
3) орман және су ресурстарын, жануарлар және өсiмдiктер әлемінің ресурстарын, суды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, молайту, пайдалану саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
4) жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi;
5) автокөлiк құралдарынан атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын бақылау, браконьерлiкке, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуге, аң аулау мен балық аулау ережесiн бұзуға қарсы күрес, экологиялық қылмыстарды тексеру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегiнде жергілiкті атқарушы органдар.

Оршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және осы салада мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi органның қызметiн ұйымдастыру ережесі




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 74 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав