Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.

Читайте также:
  1. B. Банк жүйесінен тыс қолма қол ақша мен ағымдық шоттардағы қаражаттар
  2. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  7. Азақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы
  8. Азақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы
  9. Азақстан Республикасының конституциялық қоғамдық құрылымы.
  10. Атом құрылымы және Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай, жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.

Қазақстан Республикасында жастарға білім беру үрдісі халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқықтары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;

• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.

Кәсіптік оқыту принциптерінің ерекшеліктері

Оқытудың жалпыпедагогикалық принциптеріне қоса кәсіптік мектептердегі оқу үрдісінің тиімділігі мен табысқа жетуі инженер-педагог қызметкерлердің кәсіби оқыту принцитерін сақтай білуі мен тек оларға тән

мына ерекшеліктер де бар. Ол мына принциптер:

1. Жалпы білім беретін және жалпы техникалық пәндерді кәсіптік бағыттау принципі. Бұл принцип бойынша кәсіп саласына бағытталған жалпы техникалық және арнайы пәндер циклы өзара байланыста оқытылады, олардың мақсаты білім алушылармен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан оқытушылардың жасайтын кәсіптік оқыту бағдарламаларының мазмұны бір мақсатты көздейді.

2. Оқу материалдарын игеруде технологиялық бірізділік принципі. Бұл «Өндірістік оқыту» және «Арнайы технология» пәндеріне ғана тән. Ол оқушыларға өндірістік операцияларды бірізділікпен үйрете отырып, ол үлгілерді өндірісте қолдана білуге машықтандыруы тиіс.

3. Оқу үрдісі кезінде кәсіптік қызметті модельдеу принципі. Кәсіптік қызметті оқу үрдісінде модельдеу деп белгілі бір кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру үшін тиісті оқыту әдістері мен түрлерін таңдап алу арқылы оқытуды айтады.

Жұмысшы қызметінің эталондық моделін қалыптастыруға мына талаптар

кіреді:

- жұмыс орнындағы атқаратын қызметін жетік білу;

- жұмысшының өзі шешуі тиіс міндеттерін білу;

- тиісті міндеттерді орындау үшін жалпы кәсіптік, жалпы технологиялық

және арнайы білім, білік, дағдыларын жете меңгеру.

4 Кәсіби жұмылдыру принципі. Бұл принцип білім алушылардың кәсіпті,

жаңа техникалық құралды, технологиялық процесті, жаңа мамандықты игеруде,

біліктілігін көтеруде білім мазмұны мен оқу үрдісін оқушылардың өздігінен

үйренуіне жұмылдыру. Өндірістің даму болашағын түсіну, бағытын білу,

практикалық мәселелерді пайымдап шеше білу, ой-өрісінің кеңдігі

шығармашылық қабілетін сол іске жұмылдыра білуіне байланысты. Принцип

мақсаты тек кәсіби дағдыларды игеру емес, оны инновациялық түрде дамытып,

техника, технологияның ұйымдастыру тәсілдерінің тиімді жетілдіруінде болып

отыр.

5 Кәсіби оқытудың модульдік принципі. Модульдік оқытудың мәні,

оқушылардың жеке оқу бағдарламасына сай тапсырманы, не ақпаратты өзінше

өңдеп, әдістемелік нұсқауларды басшылыққа ала отырып, көздеген мақсатына

жету. Бағдарлама вариативті (таңдаулы) түрде беріліп, әлеуметтік сұранысқа

орай модуль мазмұны жаңартылып отырады. Модуль деп оның принципін іске

асыру оқушының барлық іс-қимыл әрекетін біртұтас етіп, кәсіби деңгейін

дамыта оқытатын дәрежеге бағыттап, жеткізуді қамтамасыз етеді.

Осы аталған оқыту принциптерін жүйелі түрде сақтап, іске асырған

инженер-педагог өз қызметінде шәкірттеріне дидактикалық, тәрбиелік және

дамыта оқыту арқылы кәсіптік білім бере алады.

 

 




Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 210 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав