Читайте также:
|
|
Қылмыстық құқық -іс-әрекеттің қылмыс екендігін айқындайтын, оны істегені үшін жаза тағайындау тәртібін, жаза түрлерін және жауапкершіліктен босату себептерін белгілейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Қылмыстық құқықтың қайнар көзі - Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (16.07.1997). Қылмыстық құқықтың пәні мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау барысында туындайтын қоғамдық қатнастар. Қылмыстық құқықтың міндеттеріне: азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті,қоршаған ортаны, ҚР конституциялық құрылымы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғажатады.; Қылмыстық заңның міндеттері: 1)қылмыстан қорғау; 2)қылмыстың алдын алу; 3)қылмыс жасамауға тәрбиелеу;
Қылмыстық құқықтың принциптері:
1) Заңдылық принципі. Ол қылмыспен күресуді заң шеңберінде және оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді көрсетеді. 2) Заң алдында азаматтардың теңдігі принципі. Ол адамның тегіне,әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлытына, тіліне, діни көзқарасына, тұрғылықты жеріне қарамастан қылмыстық заңның алдында бірдей жауап беретінін көрсетеді. 3) Қылмыстық жауапкершіліктің тумай қоймайтындығы принципі. Әрбір қылмыс жасаушы қолымен істегенді мойнымен көтеретінін біліп жүруі тиіс. 4) Жеке жауапкершілік принципі. Қылмыс жасағаны үшін заңды тұлғалардың емес, тек жеке тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын көрсетеді. 5) Айыпты жауаптылық принцпі. Қылмытық әрекет үшін басқа адамдардың (ата-анасы, баласы) емес нақ сол қылмысты жасаушы адамды жауапқа тарту, сонымен қоса айыпты түрде жасаған адам айыпты екенін көрсетеді. 6) Әділдік принципі. Объективті, жеткілікті, заңға сәйкес мәліметтерге сүйеніп қана қылмыстық жауапқа тартуға болатынын, айыптының жасаған ісі мен тартқан жазасының сәйкес болуы, бір қылмыс үшін қайталап жазаға тартуға жол берілмейтінін көрсетеді. 7) Демократизм принципі. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде істі қатысушылар білетін тілде жүргізу, сотталушы қажет етсе аудармашымен қамтамасыз етуді көрсетеді. 8) Гуманизм принципі. Кішігірім қылмыстарды алғаш рет жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза пайдаланып, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға,баукеспелерге, ұйымдасқан қылмыстық құрылымдардың мүшелеріне неғұрлым ауыр жаза қолдануды көрсетеді. 9)Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану принципі. Мемлекет қылмыстық қудалауды қылмыс жасаушыны түзеудің басқа жолдары қалмағанда қолдануға болатынын көрсетеді. 10)Интернационализм принципі. Ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекет мүддесіне, халықаралық қауіпзіздікке,ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті белгілейтін нормаларда көрініс табады.
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 344 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |