Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ндіріс шығындары – өнімді өндіруге кеткен шығындар.

Читайте также:
  1. III БӨЛІМ. ЖЕКЕ-ДАРА ҰДАЙЫ ӨНДІРІС: МӘНІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
  2. IV БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҰДАЙЫ ӨНДІРІС
  3. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 1 страница
  4. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 2 страница
  5. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 3 страница
  6. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 4 страница
  7. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 5 страница
  8. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 6 страница
  9. Жәй ұдайы өндіріс-бұл
  10. Жекешелендіру саясаты: Табиғи ресурстарға, жерге, үйге, өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасын өзгерту процесі-дұрыс осы

Батыс елдері ғалым-экономистерінің жасаған өндіріс шығындарының қазіргі тұжырымдамасы бұл ұғымды тіпті басқаша түсіндіреді. Олар экономикалық ресурстарының барлық түрлердің шектеулігімен және оларды баламалы қолдау мүмкіндіктерін ескереді:

«Барлық керекті тұтыныстарды қанағаттандыру үшін ресурстар ешқашан жеткілікті болған емес. Осы жағдайға қатысты өндіріс туралы мәселені қайсы бір шешу кейбір заттардан бас тарту қажеттілігін туғызады. Сондықтанда барлық шығындар балама шығындарды құрайды. Балама өндіріс шығындары басты кедергі болып табылады және олармен фирма өткеру процесінде өзінің пайдасын көбейту мүмкіндігіне ұшырайды».

Батыс елдерінің экономикалық ғылым мектептерінде өндіріс шығындарының мынандай экономикалық категорияларды «айқын» және «айқын емес» шығындар, «тұрақты» және «өзгермелі» шығындар, «орташа» және «шеткі» шығындар, «ішкі» және «сыртқы» шығындар қолданылады.

Айқын шығындар (explicit costs) - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға: ресурстарды сатып алу шығындары; жұмысшылар, қызметкерлерге жалақы төлеу; көлік шығындары т.б.

Айқын емес шығындар (implicit costs) - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады.

Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

Тұрақты шығындар (fixed costsFC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін бөлігіне паралельді түзу сызық көрсетеді.

Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді. Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Бұл шығындарды координата осінде көруге болады.

Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

Өзгермелі шығындар (vаriable costsVC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:

Пропорционалды өзгермелі шығындар - егер көлемі мен шығындарының өзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады.

Дегерессивтік өзгермелі шығындар – шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайда қалыптасады.

Прогрессивтік өзгермелі шығындар - өзгермелі шығындардың өсуі өндіріс көлемінен артық болған жағдайда орындалады.

Орташа шығындар (АТС) — бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар АТС = TC / Q

Шекті шығындар (МС) — бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.

MС = ΔTC / ΔQ

Өндіріс шығындарының тағы бір классификациясы «ішкі» және «сыртқы» ӨШ, яғни шаруашылық практикасында ішкі шығындар – бұл өзіндік құн, сыртқы шығындар – бұл басқа фирмалардан ресурстарды алуға кеткен жұмсалымдар.


20. Натуралды шаруашылық

Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейінірек қол өнерінің егіншілікпен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.

. Тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш белгісі бойынша жүзеге асады:

  1. ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;
  2. алғашқы тұрмыстық қауымдастықта жеке меншіктің пайда болуы;
  3. тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай және капиталистік. Олар бір типті, себебі олардың негізінде өндіріс құрал- жабдығына деген жеке меншік жатады және ол екеуіде өнімді сату үшін өндіреді. Соған қарамастан олардың арасында айырмашылықтар бар. Жай тауар өндірісінде өнім тауар өндірушінің еңбегімен жасалады. Мұнда жұмыс күшін жалдау жоқ. Капиталистік тауар өндірісінде өнімді өндіріс құрал- жабдығы жоқ жалдамалы жұмысшы жасайды.

 

«Көрінбейтін қол» – Смит бойынша нарық бәсекесі. мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады.

Айналым капитал -Капитал шеңбер айналымының кезеңдік процеспен айналуы




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 192 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав