Читайте также:
|
|
Көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әр текті өнімдерді сатуынан құралады.
Түрлері: Олигопия (грек сөзі «олиго» аздау «поли» сатамын)- салада бірнеше ірі фирма болып олар үстемдік жасайтын жағдайды көрсетеді. Бұлардың әрқайсысы нарық бағасына әсер ете алады. Салада үлгілі және күрделі өнімдер шығарылады. Басты ерекшеліктері: а) фирмалардың аздығы мен өнім өндірудегі үлестерінің молдығы; б) салаға қосылуға немесе одан кетуге кедергілердің молдығы; в) жалпыға бірдей өзара тәуелділік, яғни фирмалар саны аз болғандықтан бір- бірінің қадамын бақылап, қалмауға әрекет жасайды, әсіресе өндіріс көлемін анықтауда және баға белгілеуде. Мұны олигополистік өзара байланыс деп атайды.
Дуополия- олигополияның қарапайым түрі, онда белгілі бір тауарды өндіруші екі фирма болады және әрқайсысы бұл өнімге сұранысты қанағаттандыра алатындай болады. Мұндай нарықтық құрылым аймақтарда жиі кездеседі.
Таза монополия нарықтың сондай түрі, онда бір ғана өндіруші бір текті өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады. Таза монополияның ерекшеліктері: а) салада жалғыз өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирманың болуы; б) фирма шығаратын өнімнің немесе көрсететін қызметтің орнына жүре алатын басқа өнімдер мен қызметтердің болмауы; в) өндіріс көлемін қысқарту арқылы бағаны көтеруі. Таза монополия «табиғи» және «жасанды» болып бөлінеді. Табиғи монополияға коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер жатады. Мысалы, жылу, су, жарық беретін мекемелер, «Казактелеком». Ал жасанды монополияға мысалы «Қазақстантеміржолы», «Казпочта», «ЭирКазахстан» немесе бір жалғаз елді мекенде қызмет көрсетуші дүкеннің, бензоколонканың, дәріхананың болуы.
Монополияға қарсы заңдарды жүзеге асырушы мемлекеттік қызметтер екі принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру, екіншіден, "парасаттылық принципін" ұстау. Өйткені кең жағдайларда трес-терге қарсы заңдардың (мысалы Шерман заңы) ресми жалпы түрде жазылғаны сонша, АҚШ федеральдық соты осы заңның қолдану сферасына іс істемекші болған қандай да болсын келісімге келуші екі жақты жатқыза алады. Сондықтан "парасаттылық принципі" бойынша тек жөнсіз, ақылға сыймайтын сауданы шектеулер ғана Шерман заңының қолдану сферасына жатады. Бірақ ақылға сыйымсыз шектеулер деп нені есептеуге болады? Бұл мәселелердің бәрі трестерге қарсы заңдарды жүзеге асырудың қандай қиын екенін көрсетеді. Мемлекет қиратушы монополизм қаупі мен бәсекені шектеу қаупінің (мемлекеттің қандай да болсын араласуы, тіпті бәсекені қолдау мақсатымен, әрбір бәсекелестік мүмкіндіктерді шектеуге әкеліп соғады) арасындағы жіңішке соқпақ жолда өзін тең ұстауға тиісті. Монополияға қарсы істер өндірушілердің (тұтынушылардың) бір тобына басқа топтардың есебінен барынша жеңілдік жасаудың орнына бәсекені қолдау керек.
Монополиялану фактісін анықтау үшін монополияға қарсы реттеу математикалық құралдарды және жалпы Э. Чемберлиннің, Дж. Робинсонның, В. Пареттонның т. б. экономистердің жетілмеген бәсеке концепциясының барлық теориялық аппаратын кеңінен пайдалануды көздейді. Өкіметтің атқарушы ұйымдары монополистік шектеулерді болдырмау үшін тек қана "жазалау" емес, оның алдын алатын жұмыстарды да жүргізеді. Мысалы Әділет министрлігі трестерге қарсы заңдар, компаниялардың бірін-бірі жұтып қоюы, қосылуы туралы келісімдердің параметрлері бар анықтама материалдар басып шығарады. Мысалы, бір немесе бірнеше кәсіпорындардың рыноктағы басымдылығы фактісі туралы қорытындыға негіз болатын белгілер мынадай: бір кәсіпорын үшін — 33%, үшеуі үшін — 50%, бесеуі үшін — 66,6%. Айта кететін жай, трестерге қарсы заңдар, "үлкен бизнестің" ірі корпорацияларына қарсы бағытталмаған, өйткені бір компанияныц мөлшері оған монополия деп карауға негіз бола алмайды. Монополияға қарсы заңдар тиімді бәсекені бұзатын шектелген іс тәжірибеге қарсы бағытталған. Егер рыноктық экономикада уағыздалатын қосымша шығындар мен қосымша пайданы салыстыру принципі қолданылса, онда мынаны айтуға болады: монополияға қарсы реттеуге байланысты болатын шығындар, қанша дегенмен рыноктық экономикадағы монополистік тенденцияларды шектеуге әкелетін айырмашылықтардан төмен болады.
Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 267 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |