Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Балалар хирургиясының ерекшеліктері.

Читайте также:
  1. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  2. Азақстандағы балалар хирургиясының даму тарихы.
  3. Антты диабеттің балалар ауыз қуысындағы көріністері, диагностикасы, емдеу нұсқаулары.
  4. Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері. Ата- ана құқығынан айыру.
  5. Балаларда бұлшықет сүйек жүйесінің даму ақаулары және зақымдалуы.
  6. Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.
  7. Жасқа дейінгі балаларға арналған газ қағарлар:Балаларға арналған фильтрлік противогаз-Ш. ПДФ-Ш.
  8. иын балалар, ол-
  9. МШ балаларды тілге оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері, мазмұны

Барлық профильдегі балалар дәрігерлері – педиатрилар, хирургтар, невропатологтар өз жұмысында міндетті түрде өсіп келе жатқан ағзаның анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Адам ағзасында туғаннан бастап және 14-18 жасқа дейін күрт өзгерістер жүреді, олар оның өсуі және дамуымен байланысты. Осылар өсіп келе жатқан бала ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін құрайды. Бұл ерекшеліктер нәрестелерде және омырау жасындағы балаларда айқын көрінеді, бірақ аз немесе кқп дәрежеде олар адам ағзасының бүкіл даму кезінде анықталады.

Жүйке жүйесі. Нейрон аралық байланыстың және бас-ми жасушаларының саны және жетілуінің жетіспеуі, қалыпты иірімдердің, қозғалту талшықтардың миелинизациясының және вегетативті реттеудің жоқ болуы. Сондықтан алдыға жалпы симптомдар шығады, бұл генерализденген жауаптың болуынан компенсаторлы реакцияның жылдам әсеріне әкеледі. Баланың психикалық толық дамымау негативизмге әкеледі, ол дәрігердің айтуын орындауға қарсылығын және шағымдарын жасырумен көрінеді.

Жүрек-қан тамыр жүйесі. Нәрестелерде және кіші жастағы балаларда қанның үлкен бөлігі ішкі ағзалардың орталық тамырларында жүреді және перифериялық қан айналым азайған. Барарецепторлардың жетілмеуіне байланысты нәрестелер қансырауға өте сезімтал болып келеді.

Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу көлемінің беті балаларда 1 кг дене салмағынан үлкендерге қарағанда анағұрлым аз, ал оттегі қажеттілігі жоғары. Баланың тыныс алу жүйесінің анатомиялық және функционалды жетілмеуі қажетті газ алмасуды ұстап тұру максималды жұмыс кезінде ғана мүмкіндігіне әкеледі. Тыныс алудың аздаған өзгерісі газ алмасудың жедел өзгерісіне және басқа да өмірлік қызметтердің бұзылыстарына әкеледі.

Негізгі алмасу және су-электролитті баланс. Негізгі алмасу балаларда ересектерге қарағанда жоғары. Нәрестелердің 70-80% дене салмағы судан тұрады (ересектерде 55-60%), бірақ балаларда сұйықтық жоғалту сезімталдығы өте айқын.

Электролитті баланста анион және катион аздығына немесе болуына күрт сезімтал, оның ішінде хлор эксикозға әкеледі.

Метаболитикалық ацидозға тенденция бар, бұл буферлық жүйенің төмендеуіне байланысты – балаларда ересектерге қарағанда төмен.

Ас қорыту жүйесі. Нәрестелерде асқазанның босалуы ұзағырақ. Кардиальды сфинктер әлсіз жетілмеген және пилорикалық жомның спазмына бейім.

Зәр шағару жүйесі. Нәрестелерде бүйректің концентрациялық қасиеті төмендеген, сондықтан гипергидротацияға немесе сусыздануға қаупі бар.

Эндокринді жүйе. Балаларда тимико-лимфатикалық статус айқын. Нәрестелік кезеңде бүйрек үсті безінің минералокортикоидтарды экскрециялауы үлкен балаларға және ересектерге қарағанда салыстырмалы жоғары және резервті мүмкіншіліктері аз, жарақат, операция, наркоз және басқа стресстік жағдайларда жылдам азаюға бейім.

Жылу реттеуі. Баланың өмірінің алғашқы аптасында немесе айында жылу реттеу және жылу беру жүйесі әлі де толық қалыптаспаған, сондықтан нәрестені тоңдыру және қабаттап орау жылдам гипо-және гипертермияға әкеледі.

Бала жасындағы ерекшеліктері болып табылады:

1. Шұғыл хирургия коррекциясын қажет ететін нәресте балалардың даму ақаулары (өңеш атрезиясы, туа пайда болған ішек өтімсіздігінің әр түрлі түрлері, аналь тесігінің атрезиясы, кіндік бауының эмбрионалды жарығы және басқалар);

2. Нәрестелік кезеңдегі хирургиялық аурулары (мысалы, пилоростеноз), өсіп келе жатқан ағзаға тән аурулар (сонымен қатар гематогенді остеомиелит);

3. Ересектерде жиі болатын казуистикалық, сирек кейбір хирургиялық аурулар балаларда кездесуі мүмкін немесе мүмкін емес;

4. Хирургиялық аурулардың көбі балаларда да ересектерде де кездеседі, біріншілерінде клиникалық суреті ерекше болады, сондықтан ол басқа диагностика түрлерін және әдістерін қажет етеді;

5. Ересектерден өзгеше балаларда хирургиялық емді жоспарлауда жасы және өмірін қамтамасыздандыруды қатар баланың ары қарай толық жетілуін ескеру жүргізеді;

6. Бала психикасының жетілмеуі барлық хирургиялық операцияларды және көптеген манипуляцияларды жалпы ауырсыздандырумен жүргізуді талап етеді;

7. Ағзалардың кіші көлемдері, қабаттардың қалыңдығының аздығы және жоғары жарақаттану операция техникасына талабын жоғарлатады;

8. Баланың жасы неғұрлым кіші болса, операция алды дайындыққа және операциядан кейінгі науқасты жүргізу талаптары соғұрлым жоғары;

9. Баланың психакалық жетілмеуіне байланысты және заңды игере алмауы себебінен балалар хирургтардан деонтологиялық принциптерді талап етеді;

10. Нәрестелерде емдеу әдісін дұрыстап таңдау;

11. Оперативті емдеу кезінде тіндермен абайлап жұмыс істеу;

12. Арнайы медициналық құрал-жабдықтарды қолдану;

13. Өңешке, асқазан-ішек жолына оперативті ену кезінде тігіс матуриалы ретінде атравматикалық инелер қолданылады.

Балалар хирургына жиі хирургиялық ауруларды әр түрлі инфекционды аурулардан ажыратуға, даму ақаулары бар балаларды қарауға, нәрестелерді және шала туған балаларды емдеуге тура келеді, сондықтан ол инфекционды ауруларды жақсы білуі қажет, генетика, эмбриология жәнеакушерство негіздерін білуі керек. Кейбір хирургиялық аурулар және олардың түрлерін диагностикалау қиындығы көп дәрежеде ауру жүрген фонға, жасына, дамуына, жалпы жағдайына байланысты, сондықтан балалар хирургтарына педиатриядан фундаменталды білімдер қажет.

 




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 73 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав