Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Балаларда бұлшықет сүйек жүйесінің даму ақаулары және зақымдалуы.

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. Ағымдық және жедел жоспарлау
  7. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  8. Абілет және нышан
  9. Абсолютті және қатыстық шамалар
  10. Абылдау және оның физиологиялық негізі

Сан сүйегінің туа біткен шығуы а – сан сүйегі басынынң ұршық ойығынан толық шығуы және генетикалық және экзогендік факторлардың кумуляциялық әсері нәтижесінен пайда болатын аномалияларға жатады. Даму ақауы нәресте туған біріншілік (тератогендік) шығуда кезде айқын анықталуы (буыннан толық шығу, жартылай шығу) мүмкін.

Ерте клиникалық белгісі – науқастың алғашқы аптасында анаықталатын буыннан жылжып кету белгісі. Екінші клиникалық белгі - санды сыртқ айналдырудың шектелуі, бұл біріншілік жоғары буыннан шығуларға тән белгі.

Диагноз қоюда 2-3 айлық мерзімде пайда болатын баланың аяғының сыртқа ротациялануы, сан-бөксе және сан тері қатпарларының асимметриясы, жыныс ернеулерінің қисық орналасуы, зақымдалған аяқтың қысқалығы және басқа белгілер ескеріледі. Диагнозды нақтылау үшін жамбас-сан буындарының УДТ және рентгенографиясы жасалады.

Ерте функциялық емдеу әдістері ХХ ғасырдың 20-30 жылдары шығарылған. Балаларды емдеу үшін 4-6 ай көлемінде жаялыққа аяғынының арсын ашып орау, Фрейк жастақшасы, Павлик үзеңгісі, әртүрлі қысқыштар қолданылады. Бақылау рентгенограммасы емдеуді тоқтату немесе ары қарау жалғастыру туралы сұрақты шешеді (К.А.Крумень, 1958; П.А.Баубинас, 1965; В.Я.Вилеменский, 1971).

Орнына түспеген шығуларға операция жасалады, операция жасау кезінде ұршық ойығында сан сүйегі мойынының қисаю бұрышы (сан сүйегі мойыны мен диафиздік бұрыш, антеверсия бұрышы, вертикаль және горизонталь қисаю бұрыштары, ойықтар) ескеріледі.

Операциялық ем нәтижелерін жақсартуға ұмтылу бірнеше жаңа бағыттардың пайда болуына себекп болды:

­ артропластика типі бойынша орнына салу

­ сан сүйегін қысқарту және сан сүйегі мойынының жағдайын коррекциялау

­ ұршық ойығы төбесін реконструкциялау

­ жамбас сүйегінің остеотомиясы

Тек қана операция жасау операциядан кейін 1,5-2 жыл бойы буынға аз жүктемемен, ауырлық түсірмей, үнемі физиоем, массаж, ЕДШ курстарымен қалпына келтіру әдістерін қолданып, емді жалғастырғанда ғана жақсы нәтиже береді.

Қисық табан. Біткен қисық табан жиі кездесетін даму ақауы. Негізгі клиникалық белгісі - эквинус, супинация и аддукция, бала жүре бастаған уақыттан қосымша белгі-жіліншік торсия сы анықталады.

Қисық табанның патогенезі флексатор-супинатор мен экстензор-пронатор арасындағы туа біткен бұлшықеттік дисбаланспен түсіндіріледі.

Емдеу шаралары нәрестелік кезеңнен басталып, қисық табанның барлық компоненттерінің бір мезгілде жойылуына бағытталуы керек. Нәрестелік кезеңде деформацияны жою үшін емдік мақсатта Финк-Эттингер әдісі бойынша таңғыш салу қолданылады. Соңынан сатылы этапты гисптік таңғыштар салынады. Консервативтік ем 1 жасқа дейін қолданылады. Егер қисық табан консерватитвтік әдіспен емделмесе, операциялық әдіс пен ортопедиялық емге көшеді.

Қисық мойын. Қисық мойынның негізгі белгісі – мойынның деформациясы және бастың дұрыс орналаспауы.

Басты изететін бұлшық еттің фиброзды өзгерісі бұлшық еттің қысқаруына және бастың зақымдалған жаққа қисаюына және бұрылуына әкеледі.

Консервативтік ем – жергілікті: регрессиялаушы жаттығулар, мойын бұлшық еттерінің массажы, физиотерапевттік процедуралар, коррекциялаушы функциялық иммобилизация т.б. Баланың 2 жасынан бастап емдеу 74-85% науқастарда зақымдалған бұлшық еттің формасы мен функциясын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Уақытында адекватты емдеу жүргізілмеген кезде бала 3 жастан асқанда бастың патологиялық қисаюы және бұрылуының ұлғаюына байланысты екіншілік өзгерістер пайда болады: бет сүйектерінің асимметриясы және гемигипоплазиясы,омыртқа бағанының кеуде бөлімдерінде функциялық сколиоз.

Консервативтік шаралардан нәтиже болмаса, бала 2 жастан асқанда хирургиялық ем көрсетілген. Микулич және Зацепин операциялары қолданылады.

 

4. Иллюстрациялық материал: презентация.

Дебиет

1. Дюсембаев А.А., Ормантаев К.С. ред. Балалар хирургиясы. Алматы 2008.

2. Сапарова К.Г. Балалар травматологиясы. Семей, 2000.

3. Вед-- В.Я. Диагностика и функциональное лечение врожденного вывиха бедра. М.1971.

4. Волков М.В. Диагностика и лечение врожденного вывиха бедра. М. 1969.

5. Штурм В.А. Врожденные заболевания и аномалии развития костно-суставного аппарата. Руководство по ортопедии и травматологии. М. 1968, с.462-476.

6. Зацепин Т.С. Косолапость. М.Медицина,1960

7. Мороз П.Ф. Методика оперативного лечения врожденной косолапости у детей. М.Медицина, 1966 г.

 

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Туа біткен пилоростеноздың негізгі симптомдары

2. Гиршпрунг ауруында ас қорыту жолының қай бөлімдері зақымдалады?

3. Тік ішек атрезиясындағы рентгенодиагносткалық әдіс

4. Өңеш атрезиясының белгісі.

а) ауыз бен мұрыннан көпіршік шығу

б) өт аралас құсу

5. Эквинус туа біткен қисық табанның негізгі клиникасы болады ма?

а) иә

б) жоқ

6. Туа біткен сан сүйегі шығуының клиникалық көріністері

7. Қай ауруда бет сүйектерінің асимметриясы байқалады?

 




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 179 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав