Читайте также: |
|
1. Тақырып: Асқазан ішек жолдарының зақымдалу синдромы.
Балаларда бұлшықет сүйек жүйесінің даму ақаулары және зақымдалуы.
2. Мақсаты:
Студенттерді ішек өтімсіздігі, анус пен тік ішек атрезиясы, Гиршпрунг ауруы, пилоростеноз және туа біткен сан сүйегінің шығуы, қисық табан, қисық мойынның этиоллогиясы, патогенезі, клиниткасы және тексеру, емдей әдістерімен таныстыру.
3. Дәрістің тезистері:
Асқазан ішек жолдарының зақымдалу синдромы. Балалар жасында іш қуысы ағзаларының жедел хирургиялық ауруларының клиникасын беретін аурулар жиі кездеседі. Олардың келесі ерекшеліктері бар: іш қуысының жедел хирургиялық патологияларының клиникалық белгілерінің жан-жақтылығына қарамастан олардың ең негізгілері:
ауырсыну
құсу
ішек функциясының бұзылуы
дене қызуының көтерілуі.
Бірақ бұл симптоимдардың сипаты баланың жасы мен ауруға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Ауырсыну. Іштегі ауырсыну барлық жедел хирургиялық аурулардың негізгі симптомы болып табылады. Кішкентай балаларда іштегі ауырсынудың сипатын, ауырсыну аймағын анықтау қиындықтар тудырады. Бұл жаста абдоминальды ауырсыну синдромы туралы туралы анық айту қиын, бұл жерде оның эквиваленттілігі анықталады: жылау, мазасыздану, тамақтанудан бас тарту, ұйқысының бұзылуы.
Жедел хирургиялық ауруларда ауырсыну сипаты әртүрлі. Қабыну ауруларында ауырсыну тұрақты, кейде айқын, ал ішек өтімсіздігінде ол анық, ұстамалы түрде. Кейбір жағдайларда іштегі ауырсыну қатты, бала өзін қоярға жер таба алмай мазасызданады, өзіне ыңғайлы жағдай іздейді. Мұндай ауырсыну аналық бездің кистасының бұратылуында, ішек айналымында, бүйрек тасы шаншымасында т.б. анықталады. Ауырсыну, қозғалыста да, тыныш жағдайда да болуы мүмкін.
Құсу – іш қуысының жедел процесінің ең жиі белгісі. Нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларда құсумөлшерден тыс тамақтандырғанда, аэрофаг балаларда, диспепсияда, ішек инфекциясында гепатите, панкреатитте, менингитте және басқа ауруларда жиі анықталады.
Жедел хирургиялық ауруда құсу ас қорытыу жолдарының белгілі бір бөліміндегі механи калық кедергі әсерінен болуы мүмкін. Кедергі неғұрлым жоғары орналасса, құсу соғұрлым ерте басталады. Кейде құсу рефлекторлық сипатта болады, мысалы ішек инвагинациясында айқын ауырсыну синдромы әсерінен рефлекторлы құсу пайда болады, құсық құрамы асқазан ішіндегі құраммен бірдей. Қою жасыл түсті застойный құсық түрі механикалық өтімсіздікті білдіреді. Құсық құрамына қарап ішек өтімсіздігінің деңгейі туралы айтуға болады. Жоғары ішек өтімсіздігінде құсық қышқыл иісті, ал төменгі өтімсіздікте – нәжіс иісі білінеді.. Құсық құрамында қан асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруында, портальды гипертензияда өңештің варикозды веналарда, қан ұйығыштығының бұзылуымен байқалатын айруларда немесе мұраннан қан кеткенде қанды жұтып қойғанда, қайталама құсулар перитонит кезінде анықталады.
Ішек функциясының бұзылысы іш қуысының жедел хирургиялық ауруларының негізгі белгілерінің бірі. Ішектің мотороикалық функциясының бұзылысы іш қату, іш өту, метеоризм түрінде білінеді. Толық ішек өтімсіздігінде алғашқы сағаттарда нәжістің шығуы қалыпты, өз еркімен, ал кейінірек тоқталуы байқалады. Жедел аппендицитте ішек функциясы көп жағдайда бұзылмайды және нәжістің шығуы қалыпты, ал егер қабыну процесі аппендикстен іш қуысына ауысып, перитонит дамыса, онда сұйық нәжіс болады.
Нәжісте қан анықталуы – ішек инфекциясында, дизентерияда, асқазанның ойық жарасында, портальды гипертензияда, ішек инвагинациясында, Меккел дивертикулында анықталатын қауіпті синдром. Ас қорыту жолдарының жоғарғы бөлімдерінен қан кеткенде қара түсті нәжіс немесе қою қызыл түсті қан аралас нәжіс шығады. Дивертикулдан қан кеткенде нәжіс қан аралас, бірақ түрі ашығырақ. Ішек инвагинациясында көп өзгермеген қан аралас шырыш «таңқурай желесі» түрінде білінеді. Ашық түсті қан анустың жырылуында, тоқ ішектің дистальды бөлімінің полиптерінен қан кеткенде болады.
Дене қызуының көтерілуі. Іш қуысының барлық қабыну аурулары дене темипературасының жоғарылауымен жүреді. Температураның жоғарылау дәрежесі негізгі қабыну процесі немесе қосылған асқынулардың ауырлық дәрежесін анықтайды. 3 жасқа дейінгі балаларда барлық қабыну процестеріне организм жауабы ретінде дене қызуы 380-390С*қа жоғарылайды. Организмнің реактивтілігінің төмендеуінде температура қалыпты немесе субфибрильді болуы мүмкін. Ішек өтімсіздігінің барлық түрлері аурудың дамуының бастапқы сатысында қалыпты температурамен өтеді. Копростазда температура біраз көтерілуі мүмкін, тазалау клизмасынан кейін қалыпқа түседі.
Өңеш атрезиясы – ауыр даму ақауы, өңештің жоғары бөлімі бітеу бітеді, ал төменгі бөлімі жиі трахеямен байланысады. Кездесу жиілігі: 3: 10000. Ақаудың пайда болу себебі эмбриогенездің бастапқы сатылардағы бұзылыстармен түсіндіріледі.
Клиникасы және диагностикасы. Өңеш атрезиясының клиникалық белгілері нәресте туғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда анықталады. Өңештің жоғарғы бітеу бөлімі мен көмей-мұрын жолдары шырышпен бітеліп, баланың аузынан көпіршіктер шығады. Шырыштың біразы аспирацияланып, цианозы пайда болады. Көмей-мұрын жолдарынан шырышты сорғызып алғанмен, ол қайтадан пайда болып, тез арада өкпеде ылғалды сырылдар мен ентігу үдей түседі.
Диагноз өңешке ұшы қайырылған жіңішке катетер өткізу арқылы нақтыланады. Катетерді мұрын арқылы енгізеді, 6-8 см өткен кезде катетер өңештің бітеу ұшына жеткен кезде, ауа шумен мұрын мен ауыздан шығады (Элефант сынамасы). Дистальды кеңірдек-өңеш жыланкөзінде іштің кебуі, әсіресе эпигастральды аймақтың, байқалады.
Қорытынды диагноз тек рентгенологиялық тексеруден кейін қойылады. Емдеу жолы – операция жасау. Тек ерте жасалған операция ғана өңеш атрезиясымен сырқат баланың өмірін сақтап қала алады. Операция түрі баланың жағдайы мен атрезияның түріне байланысты.
Туа біткен ішек өтімсіздігі – шұғыл операция жасауды қажет ететін, жиі кездесетін даму ақауларының бірі. Оның пайда болуына әртүрлі даму ақаулары себепті: ішек түтікшесінің даму ақаулары, ішек қабырғасынының даму ақаулары, дисплазия, гипоганглиоз – Гиршпрунг ауруы, муковисцидоз, шажырқайдың айналуы мен фиксациясының даму ақауы (Ледд синдромы, ортаңғы ішектің жеке айналымы). Бұл ақаулар органогенез сатысынды пайда болады (жатырішілік дамудың алғашқы 3-4 аптасында).
Жоғарғы және төменгі ішек өтімсіздіктерін ажыратады. Туа біткен ішек өтімсіздігінің негізгі симптомдары –меконийдің болмауы және әртүрлі патологиялық қосылыстармен құсу. Әртүрлі даму ақауына өтімдіздікке диагноз қоюға мүмкіндік беретін белгілі бір клиникалық ерекшелік тән.
Диагноз қоюда асқазан құрамын бағалау үшін асқазанға зонд енгізу көп мәлімет береді: асқазанда көп мөлшерде өттің болуы және жасыл түс жоғарғы ішек өтімсіздігіне тән белгі, ал ішек құрамы - төменгі ішек өтімсіздігінің белгісі. Баланың тік тұрған жағдайында іш қуысының екі проекцияда рентгенографиясы жасалады. Іш қуысының жоғарғы этажында екі сұйықтық дәрежесі анықталып, төменгі бөлімдерінің қараюы толық жоғарғы ішек өтімсіздігін, ал жоғарғы этажда көптеген сұйықтық деңгейлері – төменгі ішек өтімсіздігін нақтылайды.
Туа біткен ішек өтімсіздігінде операция жасау қажет. Операция түрі даму ақауының анатомиялық вариантымен анықталады.
Жоғарғы ішек өтімсіздігі себепті операция жасалған барлық балалар тамақтану коррекциясы, дисбактериозды емдеу, ферменттік жетімсіздік және анемияны емдеумен диспансерлік бақылауды, қажет етеді.
Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 244 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |