Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіпкерлік субъектілердің бірлескен формалары

Читайте также:
  1. Кәсіпкерлік қызметінің қай түрінде өндірістің күрделі техникасын іске асыруға болады?
  2. Кәсіпкерлік субъектілердің ұйымдық-құқықтық формалары
  3. Мемлекеттік құрылым формалары – бұл ...
  4. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
  5. Ойлау және оның түрлері, операциялары мен формалары.
  6. Субъектілердің жүріс-тұрысының еркіндігі құқықтық реттеу әдісі ретінде тән
  7. Формаларының сипаттамалық белгілері

 

Шаруашылықтық ассоциациялар (қауымдастықтар) – бір түрлі не бір саладағы қызмет атқару мен жалпы қызметті шоғырландыру үшін құрылатын кәсіпорындардың келісілген бірлестігі.

- Концерн – бірнеше саладағы дербес кәсіпорындардың капиталдық, қаржылық байланыстарын күшейту, ортақ мүдделерін біріктіру, патентті-лицензиялық қатынастарды, тығыз өндірістік байланыстарды ұстанатын бірлестігі.

Конгломерат – ортақ өндірістік мүдделіктері болмаса да ортақ қаржылық бақылауды иемденетін әртүрлі кәсіпорындардың желілерінен тұратын бірлестік. Конгломерат - әр-түрлі саладағы технологиялық бір-бірімен байланысты емес кәсіпорындарды біріктіретін концерннің ерекше түрі.

Картель – бекітілген квоталар, тауар бағалары, өткізу шарттарын енгізу арқылы біріккен коммерциялық қызметті болжамдайтын, бір сала кәсіпорындарының бірлестігі. Картель – бір салалық “моно” өнімдік кәсіпорындардың бірігуі (қағаз, қант, темір, цемент, мұнай), басты мақсаты әр қатысушыға тауар сатуда, өткізу нарығында, шикізат дайындауда және сатып алуда бірдей жағдай жасау.

Синдикат – акционерлік қоғам немесе ЖШС ретінде құрылатын ортақ өткізу арнасы арқылы тауарларын сатуды мақсат ететін картельдік мәміленің бір түрі. Қатысушылар өздерінің заңдық және коммерциялық дербестігін, өткізу желісін сақтап қалатын мүмкіндігі бар. Синдикат – жалпы сату конторасы бойынша өнім сату үшін, арнайы сауда қоғамы немесе серіктестік түрінде ұйымдастырылған бір сала өндірістік кәсіпорындардың бірігуі.

Трест - өздерінің заңдық және коммерциялық еріктілігін жоя отырып, өндірістік кешендерге әр түрлі кәсіпорындардың бірлестігі. Меншік иелерінің табыстарын арттыру мен табыстың ауытқуынан сақтандыру үшін құрылатын бір саланың келісілген өндірістік және сауда қызметі бар кәсіпорындарының бірлестігі.

Консорциум – тендерді ұтып алу немесе әртүрлі тапсырыстарды игеру мақсатында кәсіпкерлік қызметтерін шоғырландыратын тәуелсіз фирмалардың уақытша бірлестігі. Консорциум – кешендік бағдарламаны, инвестициялық, ғылыми-техникалық, экологиялық үлгілерді, мемлекеттік тапсырыстарды бірігіп жүзеге асыру үшін пай негізінде өз еріктерімен уақытша біріккен кәсіпорындар.

Пул (ортақ қазан) – қатысушыларының барлық табыстары ортақ қорға (қазанға) жинақталып, содан олардың арасында алдын-ал бекіткен пропорция бойынша үлестіріледі.

Қаржылық-өндірістік топ – басында банк тұратын кәсіпорындардың бірігуі. Банк кәсіпорындарды қаржыландыріуады және несие үшін пайыздық алымдар емес, сол кәсіпорын жұмысының тиімділігі өсуіне байланысты дивидент алады.

Холдингтік компаниялар ұйымдық-құқықтық формаларына еш қатыссыз, басқа кәсіпорындардың акция пакеттерін иемдену арқылы, олардың қызметтерін бақылау және басқарумен айналыстын шаруашылықтық бірлестік. Холдингтік бірігу (холдинг-компания) – бір компания басқа компанияларды, олардың акцияларына және ақша капиталдарына ие болу арқылы, немесе бақылаудағы компанияларға директорды тағайындау құқығы арқылы басқарады.

Шаруашылықтық емес бірлестіктерге одақтар жатады. Олар салалық немесе басқа бір белгісіне қарай құқықтарын, сәйкесінше органдарда мүдделерін қорғау үшін құрылатын кәсіпорындардың шаруашылықтық емес бірлестігі.

Кластер – бұл қызметіне байланысты нақты ортадағы компаниялардың географиялық шоғырландырылуы: тауарлар мен қызметтердің арнаулы жабдықтаушылары, осындай салада жұмыс істейтін фирмалар, шаруашылықтық субъектілер бірлестігі.

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 49 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав